Туризмді ілгерілету және дамыту бөлімі «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» (бұдан әрі қарай - Басқарма) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
. Туризмді ілгерілету және дамыту бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Функциялары:
1) Маңғыстау облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) туризм саласы бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасын іске асыруды қамтамасыз ету;
3) туристік қызмет мәселелері бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын орындау;
4) туризмді дамыту бағыты бойынша Маңғыстау облысын дамытудың Кешенді жоспарының іс-шаралар жоспарын іске асыру;
5) туристік қызмет мәселелері жөніндегі Маңғыстау облысы әкімінің шешімдерін, облыстық мәслихат сессияларының шешімдерін орындау;
6) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
7) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
8) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
9) туризмді дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпаратты уәкілетті органға беру;
10) туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
11) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің туризм саласындағы жоспарларын келісу;
12) туризм мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен және колледждермен бірлескен жұмыс жүргізу;
13) туризм саласында жаңа цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
14) халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
15) ішкі және келу туризмін қолдауды және дамытуды жүзеге асыру;
16) облыс аумағында туризм саласындағы іс-шараларды орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарманың кадр қызметі мәселелерін үйлестіреді;
19) туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға ұсыныстар енгізу;
Функциялары:
1) туристік қызметтер нарығын талдау және Маңғыстау облысының аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну;
2) балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектер мен халықтың аз қамтылған топтары арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізуге жәрдемдесу;
3) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдемдесу жолымен жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
5) туризмді дамыту мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау;
6) туристік қызметті кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;
7) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
8) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету болып табылады;
9) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасау;
10) өңірлер арасында туристік бизнестің ынтымақтастығы үшін жағдайлар жасау;
11) туризмді дамыту мақсатында өңірдің туристік ресурстарын, табиғи және тарихи-мәдени мұрасын сақтау және ұтымды пайдалану, есепке алу және қорғау;
12) туризм объектілеріне жыл сайынғы мониторинг, түгендеу, паспорттау жүргізу, туристік объектілердің электрондық дерекқорын құру және жаңарту;
13) туризм саласының негізгі нысаналы индикаторларының: ішкі және сырттан келушілер санының, өңір орналасқан орындардағы төсек-орындар санының, туризм саласындағы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) көрсеткіштерінің өсуіне қол жеткізуге жәрдемдесу;
14) туризм объектілеріне жыл сайынғы мониторинг, түгендеу, паспорттау жүргізу, туристік объектілердің электрондық дерекқорын құру және жаңарту.
15) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
16) уәкілетті органмен келісу бойынша оларды ұстау кезінде шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
17) елді мекендерден тыс орналасқан туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
18) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
19) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
20) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындар бөлігі бойынша жұмысты үйлестіру;
Функциялары:
1) туризм саласындағы отандық және шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарламалар әзірлейді және іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықаралық, өңіраралық және ішкі туристік байланысты жүзеге асырады;
3) Маңғыстау облысының туристік өнімін және өңірдің туристік брендін халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелерде ілгерілетуге жәрдемдеседі;;
4) отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
5) туристік қызмет мәселелері бойынша халықаралық және республикалық, облыстық форумдарды, конференцияларды, көрмелерді, тұсаукесерлерді, кеңестер мен семинарларды, «дөңгелек үстелдерді» ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
6) туристік қызмет мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
7) облыстың туристік-рекреациялық әлеуетін зерделеу және туристік маршруттарды әзірлеу бойынша экспедициялар ұйымдастыру және өткізу;
8) облыс бойынша туристік маршруттардың карталары мен схемаларын, туристік жолкөрсеткіштерді және облыстың туристік әлеуеті туралы жарнамалық-ақпараттық анықтамалықтарды әзірлеу және шығару;
9) облыстың туристік брендіне сәйкес келетін халық қолөнерін дамытуға, кәдесый өнімдерін шығаруға жәрдемдесу;
10) этнографиялық мәдениетті, біздің облысқа тән халықтық дәстүрлерді жаңғыртуға және дамытуға жәрдемдесу.