|
Маңғыстау облысы туризм басқармасының 2022 жылғы «03» наурыз № 02-03-НҚ бұйрығымен бекітілген
|
Маңғыстау облысы туризм басқармасының
туризмді ілгерілету және дамыту бөлімі туралы
ЕРЕЖЕСІ
Функциялары:
Функциялары:
2) балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектер мен халықтың аз қамтылған топтары арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізуге жәрдемдесу;
3) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдемдесу жолымен жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
5) туризмді дамыту мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау;
6) туристік қызметті кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;
7) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
8) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету болып табылады;
9) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасау;
10) өңірлер арасында туристік бизнестің ынтымақтастығы үшін жағдайлар жасау;
11) туризмді дамыту мақсатында өңірдің туристік ресурстарын, табиғи және тарихи-мәдени мұрасын сақтау және ұтымды пайдалану, есепке алу және қорғау;
12) туризм объектілеріне жыл сайынғы мониторинг, түгендеу, паспорттау жүргізу, туристік объектілердің электрондық дерекқорын құру және жаңарту;
13) туризм саласының негізгі нысаналы индикаторларының: ішкі және сырттан келушілер санының, өңір орналасқан орындардағы төсек-орындар санының, туризм саласындағы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) көрсеткіштерінің өсуіне қол жеткізуге жәрдемдесу;
14) туризм объектілеріне жыл сайынғы мониторинг, түгендеу, паспорттау жүргізу, туристік объектілердің электрондық дерекқорын құру және жаңарту.
15) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
16) уәкілетті органмен келісу бойынша оларды ұстау кезінде шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
17) елді мекендерден тыс орналасқан туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
18) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
19) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
20) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындар бөлігі бойынша жұмысты үйлестіру;
Функциялары:
1) туризм саласындағы отандық және шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарламалар әзірлейді және іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықаралық, өңіраралық және ішкі туристік байланысты жүзеге асырады;
3) Маңғыстау облысының туристік өнімін және өңірдің туристік брендін халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелерде ілгерілетуге жәрдемдеседі;;
4) отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
5) туристік қызмет мәселелері бойынша халықаралық және республикалық, облыстық форумдарды, конференцияларды, көрмелерді, тұсаукесерлерді, кеңестер мен семинарларды, «дөңгелек үстелдерді» ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
6) туристік қызмет мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
7) облыстың туристік-рекреациялық әлеуетін зерделеу және туристік маршруттарды әзірлеу бойынша экспедициялар ұйымдастыру және өткізу;
8) облыс бойынша туристік маршруттардың карталары мен схемаларын, туристік жолкөрсеткіштерді және облыстың туристік әлеуеті туралы жарнамалық-ақпараттық анықтамалықтарды әзірлеу және шығару;
9) облыстың туристік брендіне сәйкес келетін халық қолөнерін дамытуға, кәдесый өнімдерін шығаруға жәрдемдесу;
10) этнографиялық мәдениетті, біздің облысқа тән халықтық дәстүрлерді жаңғыртуға және дамытуға жәрдемдесу.
Бөлім қызметкерлері мыналарға құқылы:
2) өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланыс жасауға;
3) күн, апта, ай ішінде өз жұмысын жоспарлауға;
4) өзінің лауазымдық функцияларын жүзеге асыру және басшылықтың тапсырмаларын орындау үшін облыстық басқармалардан және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен материалдар сұратуға;
5) кәсіби деңгейін арттыруға;
6) басқарма қызметкерлерінен өзінің лауазымдық функцияларын жүзеге асыру және басшылықтың тапсырмаларын орындау үшін материалдар сұратуға.
Бөлім қызметкерлері міндетті:
1) лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес функционалдық міндеттерді орындауға;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін басқарманың жұмыс регламентімен қабылданған өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға;;
3) тиісті органдарға тоқсандық және жылдық есептерді ұсынуға.
қызметін ұйымдастыру