Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Ақтау қ.
№ 11-10/56
14 наурыз 2025 ж.
Төрағалық етуші
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаев
Келіп қатысқандар: А. Өрісбаев, Е. Ибрашев.
Онлайн қатысқандар: С. Битан, А. Айтжанова, Д. Әкімжанов, К. Осин, Т. Мұстахин.
Күн тәртібі:
1. Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша «Sibro» ЖК-дің өтінімін қарау
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша «Сералиев А.К.» ЖК-дің өтінімін қарау
2025 жылғы 14 наурыз күні сағат 17:00–де, облыстық әкімдік ғимаратының 4-қабатта (стекляшка зал) және «ZOOM» бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен бейнеконференец-байланыс арқылы келесі сілтеме бойынша онлайн форматта өткізілді:
https://us05web.zoom.us/j/87243359008?pwd=xoZFifNrXZiC4UYURiII0A4AARQKzP.1
Отырыс «ZOOM» платформасында жазба сағат 17:00-де ашылды/басталды.
Отырыс сағат 17:00-да ашылды/басталды.
Отырыс сағат 17:23-де аяқталды.
Отырысқа Комиссияның келесі мүшелері қатысты:
Өрісбаев
Аббат Жәңгірханұлы
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы
Ибрашев
Ерсін Темірбекұлы
Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары
Битан
Садуақас Дүзелбайұлы
Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты (ZOOM арқылы)
Айтжанова
Аққу Тұрашқызы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (ZOOM арқылы)
Әкімжанов
Данияр Демесінұлы
Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі (ZOOM арқылы)
Осин
Кирилл Владимирович
«Эко Мангистау» Үкіметтік емес ұйымының директоры (ZOOM арқылы)
Мұстахин
Тілеужан Ынтымақұлы
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары (ZOOM арқылы)
Отырысқа қатыспағандар:
Жүсіпов
Бекмурат Қыдырбайұлы
«Caspian Investment» инвесторлар Ассоциациясы» заңды тұлғалар Бірлестігі Басқармасының төрағасы (қызметтік іс-сапарда)
Бітімов
Манас Қанатұлы
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасының 2021 жылдың 30 сәуірдегі № 34-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылдың 11 ақпандағы № 46 қаулысымен «2022 жылғы 28 ақпандағы № 30 «Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» комиссия құрамы бекітілді.
Комиссияның барлық мүшелеріне комиссия отырысын өткізудің күн тәртібі, уақыты, орны және форматы туралы комиссия мүшелері хабардар етілді (12.03.2024 ж. № 01-04-15/194 шығыс хаты).
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26403 болып тіркелген) «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес «Sibro» ЖК-дің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінімдерін қарастыру.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26380 болып тіркелген) «Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес «Сералиев А.К.» ЖК-дің туристік туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтінімдерін қарастыру
Комиссия төрағасы А.Ж. Өрісбаев Комиссия отырысын ашып, келесі КҮН ТӘРТІБІН мақұлдап, Комиссия мүшелеріне ұсынды:
1) Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім беруші «Sibro» ЖК-дің өтінімі мен оған қоса берілген құжаттарын қарау
Комиссия құжаттар топтамасын осы Қағиданың 4-тармағына сәйкестігін қарайды.
Құжаттар топтамасын қарау қорытындылары бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес келген кезде шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
Тыңдалды:
Комиссия төрағасы А.Ж. Өрісбаев комиссия мүшелеріне «Sibro» ЖК-нің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес, өтінімдерімен құжаттар тізімін ұсынды: 1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады; 2) «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі; 4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары; 5) соңғы (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
«Sibro» ЖК
№
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә
«Қолдаймын»
«Қарсымын»
Пікірлер
1.
А.Ж. Өрісбаев - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасыны
2.
Е. Т. Ибрашев - Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары
3.
С. Д. Битан - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
4.
А.Т. Айтжанова - Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
5.
Д.Д. Әкімжанов - Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі
6.
К.В. Осин - «Эко Мангистау» Үкіметтік емес ұйымының директоры
7.
Т.Ы. Мұстахин - Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары
2) Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша «Сералиев А.К.» ЖК-дің өтінімін қарау
Комиссия құжаттар топтамасын осы Қағиданың 4-тармағына сәйкестігін қарайды.
Құжаттар топтамасын қарау қорытындылары бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес келген кезде шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
Тыңдалды:
Комиссия төрағасы А.Ж. Өрісбаев комиссия мүшелеріне «Сералиев А.К.» ЖК-дің туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу өтеу туралы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес, өтінімдерімен құжаттар тізімін ұсынды: 1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтінім берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхаты қоса ұсынылады;
2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтер; 3) көлік құралын тіркеу туралы куәлік көшірмесі; 4) сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралының (бұдан әрі – автокөлік құралы) сатып алынғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, автокөлік құралын кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт). Автокөлік құралын электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден сатып алған жағдайда автокөлік құралын сатып алу жөніндегі шығындар көлік құралдарына арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішпен расталады; 5) сатып алынған автокөлік құралының фото- және бейнетіркеу материалдары; 6) соңғы (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу
«Сералиев А.К.» ЖК
№
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә
«Қолдаймын»
«Қарсымын»
Пікірлер
1.
А.Ж. Өрісбаев - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасыны
2.
Е. Т. Ибрашев - Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары
3.
С. Д. Битан - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
4.
А.Т. Айтжанова - Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
5.
Д.Д. Әкімжанов - Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі
6.
К.В. Осин - «Эко Мангистау» Үкіметтік емес ұйымының директоры
7.
Т.Ы. Мұстахин - Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары
Комиссия мүшелері құжаттар топтамасын Қағидалардың 8-тармағына сәйкестігін тексеріп, келесідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасы негізінде, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім беруші «Sibro» ЖК-дің шығынының 10% көлемінде бір бөлігі өтелсін.
Сонымен қатар, өтінім беруші «Sibro» ЖК ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлдігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 17-тармағынана сәйкес, келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдасын:
1. Жұмыскерлер санын ұлғайту (жергілікті тұрғындарды оқыту және жұмыспен қамту арқылы);
2. Салық аударымдарын ұлғайту.
2) Қағиданың 4-ші тармағының 2-ші тармақшасы негізінде, Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша өтінім беруші «Сералиев А.К.» ЖК-дің өтінімі шығындарының бір бөлігін өтеуден бас тартылсын.
Комиссия отрысының күн тәртібінде шығарылған мәселелер қаралды.
Комиссия төрағасы А. Өрісбаев Комиссия отырысын жабық деп жариялады.
Комиссия төрағасы А. Өрісбаев
Комиссия хатшысы А. Жақсыбаева
Подписано
18.03.2025 18:54 Урисбаев Аббат Жангирханович