№ 11-10/40 от 26.02.2025
|
Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ақтау қ. |
№ |
26 ақпан 2025 ж. |
|
Төрағалық етуші
|
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаев |
Келіп қатысқандар: А. Өрісбаев, Т. Мұстахин, М. Бітімов, Д. Әкімжанов, Б. Жүсіпов
Онлайн қатысқандар: А. Айтжанова
Күн тәртібі: «Адекова» ЖК өтінімін қарау
2024 жылғы 26 ақпан күні сағат 16:30–да облыстық әкімдік ғимаратының 3-қабаты № 325 кабинетінде өткізілді.
Отырыс сағат 18:30-да ашылды/басталды.
Отырыс сағат 19:30-де аяқталды.
Отырысқа Комиссияның келесі мүшелері қатысты:
|
Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы
|
|
Мұстахин Тілеужан Ынтымақұлы |
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары
|
|
Бітімов Манас Қанатұлы |
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
|
|
Айтжанова Аққу Тұрашқызы |
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (ZOOM арқылы)
|
|
Әкімжанов Данияр Демесінұлы |
Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі
|
|
Жүсіпов Бекмурат Қыдырбайұлы |
«Caspian Investment» инвесторлар Ассоциациясы» заңды тұлғалар Бірлестігі Басқармасының төрағасы
|
|
Отырысқа қатыспағандар:
|
|
|
Ибрашев Ерсін Темірбекұлы |
Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары (қызметтік іс-сапарда) |
|
Осин Кирилл Владимирович |
«Эко Мангистау» Үкіметтік емес ұйымының директоры |
|
Битан Садуақас Дүзелбайұлы
|
Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты |
Қазақстан Республикасының 2021 жылдың 30 сәуірдегі № 34-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылдың 11 ақпандағы № 46 қаулысымен «2022 жылғы 28 ақпандағы № 30 «Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» комиссия құрамы бекітілді.
Комиссияның барлық мүшелеріне комиссия отырысын өткізудің күн тәртібі, уақыты, орны және форматы туралы комиссия мүшелері хабардар етілді (26.02.2024 ж. № 01-04-15/154 шығыс хаты).
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26403 болып тіркелген) «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес «Адекова» ЖК-нің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінімдерін қарастыру.
Комиссия төрағасы А.Ж. Өрісбаев Комиссия отырысын ашып, келесі КҮН ТӘРТІБІН мақұлдап, Комиссия мүшелеріне ұсынды:
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім беруші «Адекова» ЖК-нің өтінімі мен оған қоса берілген құжаттарын қарау;
Комиссия құжаттар топтамасын осы Қағиданың 4-тармағына сәйкестігін қарайды.
Құжаттар топтамасын қарау қорытындылары бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес келген кезде шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
Тыңдалды:
Комиссия төрағасы А.Ж. Өрісбаев комиссия мүшелеріне «Адекова» ЖК-нің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес, өтінімдерімен құжаттар тізімін ұсынды:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары.
|
№ |
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә |
«Қолдаймын» |
«Қарсымын» |
Пікірлер |
|
1. |
А.Ж. Өрісбаев - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасыны |
|
|
|
|
2. |
Т.Ы. Мұстахин - Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары |
|
|
|
|
3. |
М.Қ. Бітімов - Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы |
|
|
|
|
4. |
А.Т. Айтжанова - Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
|
|
|
5. |
Д.Д. Әкімжанов - Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі |
|
|
|
|
6. |
Б.Қ. Жүсіпов - «Caspian Investment» инвесторлар Ассоциациясы» заңды тұлғалар Бірлестігі Басқармасының төрағасы |
|
|
|
Комиссия отырысының күн тәртібінде шығарылған мәселелер қаралды.
Комиссия мүшелері құжаттар топтамасын Қағидалардың 8-тармағына сәйкестігін тексеріп, келесідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасы негізінде, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім беруші «Адекова» ЖК-дің шығынының 10% көлемінде бір бөлігі өтелсін.
Атап айтқанда, шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері мемлекеттік сараптама қорытындысының 2-кестесінде көрсетілген жалпы сметалық құны немесе құрылыс-монтаж жұмыстарының құнынан өтелу қажеттілігі бойынша ҚР Туризм және спорт министрлігінен түсіндірме алу арқылы өтелсін.
Сонымен қатар, өтінім беруші «Адекова» ЖК ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлдігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 17-тармағынана сәйкес, келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдасын:
Комиссия төрағасы А. Өрісбаев
Комиссия хатшысы А. Жақсыбаева
Подписано
26.02.2025 22:36 Урисбаев Аббат Жангирханович