Маңғыстау облысының туризм басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келесіні хабарлайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.03.2024 ж. № 158/НҚ бұйрығы), Басқармамен 1 (бір) қызмет түрі «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде 2 (екі) кіші түрі: 1. Келу және ішкі туризм саласы; 2. Шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.
2024 жылдың 15 тамызында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 1 жеке тұлғаға – ЖК «Умирзакова Д.» жеке кәсіпкерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат үшін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары - «WhatsApp» қосымшасы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда «Маңғыстау туроператорлары» - 17 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризмі» - 40 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризм қауымдастығы» - 35 жеке және заңды тұлға қамтылған чаттары арқылы жүргізіледі. Осы чаттар арқылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты ресми жарияланған заңнамалық-құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Басқарма басшысының м.у.а Г. Жариева
Орынд.: Набиханова Г.Б.,
тел: 8 (7292) 462550 (1240)