Маңғыстау облысы туризм басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2024 жылдың мамыр айы қорытындысының талдамалық анықтамасы

Маңғыстау облысы туризм басқармасының

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша

2024 жылдың мамыр айы қорытындысының

талдамалық анықтамасы

 

         Маңғыстау облысының туризм басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келесіні хабарлайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.03.2024 ж. № 158/НҚ  бұйрығы), Басқармамен 1 (бір) қызмет түрі  «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде  2 (екі) кіші түрі: 1.  Келу және ішкі туризм саласы; 2. Шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.

  • 2024 жылдың мамыр айында «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар жоқ. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

2024 жылдың мамыр айында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша  1 жеке тұлғаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • ЖК «Акжол» - Серікқызы Ақтілек - (14.05.2024 ж.).

Ақпарат үшін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары - «WhatsApp» қосымшасы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда «Маңғыстау туроператорлары» -  17 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризмі» -  40 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризм  қауымдастығы» - 35 жеке және заңды тұлға  қамтылған  чаттары арқылы жүргізіледі. Осы чаттар арқылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты ресми жарияланған заңнамалық-құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

          Басқарма басшысы                                                        Н. Имангалиев       

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд.: Жариева Г.О.,

тел: 8 (7292) 462799 (1238)

 

 

 

 

Анализ госуслМАЙ2024
Дата публикации
05 июня 2024