|
Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
|
|
Ақтау қ. № 14 наурыз 2024 ж. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Төрағалық етуші |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Б. Бектемір |
Қатысушылар: тізім бойынша
Күн тәртібі: «ROYAL RESORT» ЖШС өтінімін қарау.
2024 жылғы 14 наурыз күні сағат 10:15–те, «ZOOM» бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен бейнеконференец-байланыс арқылы келесі сілтеме бойынша онлайн форматта өткізілді:
https://us05web.zoom.us/j/86809263890?pwd=Ee71vKvXCGSw-NW0u93A01YQPmQqgpW.1
Отырыс «ZOOM» платформасында жазба сағат 10:15-те ашылды/басталды.
Отырыс сағат 10:45-те аяқталды.
Отырысқа Комиссияның келесі мүшелері қатысты:
|
Бектемір Руслан Бектемірұлы |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы |
|
Тұралханов Абай Есенжанұлы |
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы |
|
Айтжанова Аққу Тұрашқызы |
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
Абдыкаримов Тимур Букенұлы |
Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі |
|
Отырысқа қатыспағандар:
|
|
|
Габдулкалиев Маулен Сакенұлы |
Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары (еңбек демалысында) |
|
Махитов Ербол Әдилбайұлы |
Маңғыстау облысының құрлыс, сәулет және қала құрлысы басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы (іс сапарда) |
|
Осин Кирилл Владимирович |
«Эко Мангистау» үкіметтік емес ұйымының директоры (іс сапарда) |
Қазақстан Республикасының 2021 жылдың 30 сәуірдегі № 34-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылдың 29 маусымдағы № 86 қаулысымен «2022 жылғы 28 ақпандағы № 30 «Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» комиссия құрамы бекітілді.
Комиссияның барлық мүшелеріне комиссия отырысын өткізудің күн тәртібі, уақыты, орны және форматы туралы комиссия мүшелері (whatsapp желісі арқылы) хабардар етілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26403 болып тіркелген) «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес, «ROYAL RESORT» ЖШС - ның туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінімдерін қарастыру.
Комиссия төрағасы Р.Б. Бектемір Комиссия отырысын ашып, келесі КҮН ТӘРТІБІН мақұлдап, Комиссия мүшелеріне ұсынды:
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім беруші «ROYAL RESORT» ЖШС-ның өтінімі мен оған қоса берілген құжаттарын қарау
Комиссия құжаттар топтамасын осы Қағиданың 4-тармағына сәйкестігін қарайды.
Құжаттар топтамасын қарау қорытындылары бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес келген кезде шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
Тыңдалды:
Комиссия төрағасы Р.Б. Бектемір комиссия мүшелеріне «ROYAL RESORT» ЖШС-ның туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы Қағидалардың 4 – тармағына сәйкес, өтінімдерімен құжаттар тізімін ұсынды:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары.
|
№ |
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә |
«Қолдаймын» |
«Қарсымын» |
Пікірлер |
|
1. |
Р.Б. Бектемір - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасыны |
|
|
|
|
2. |
А.Е. Тұралханов - Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы |
|
|
|
|
3. |
А.Т. Айтжанова - Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
|
|
|
4. |
Т.Б. Абдыкаримов - Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі |
|
|
|
«ROYAL RESORT» ЖШС-ның ұсынылған құжаттар тізімінде көрсетілген «Қонақ үй апартаментінің құрылысын салу» (Сыртқы инженерлік желілерсіз және сметалық құжаттамасыз) жұмыс жобасының қорытындысына (бұдан әрі – ЖСҚ) сәйкес, ЖСҚ-ның 6-шы тарау «Объектінің негізгі деректері және қабылданған жобалық шешімдер» 2-ші тармағының 2) тармақшасына «Сәулет-жоспарлау шешімдері» және 8-ші тарау «Тұжырымдар» 1 тармағында көрсетілген тұрғын үйлердің сәулет-жоспарлауға арналғандықтан, Қағиданың: «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі» - 2 тарауы: «Шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды» - 8-1) тармағына сәйкес, Маңғыстау облысының туризм басқармасына «ROYAL RESORT» ЖШС-ның «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қолдау алуға 29.02. 2024 жылғы түскен № 4 өтінімі бойынша тыңдау жүргізілді және 14.03.2024 жылғы № 02-14/807-ВН хаттамасымен бекітілді.
Қолданыстағы заңнама шеңберінде «ROYAL RESORT» ЖШС ұсынған ЖСҚ-ға түсіндірме алу мақсатында «Сараптама ұйымдарының палатасы» Аккредиттелген сараптама ұйымдарының ұлттық бірлестігіне (бұдан әрі – Сараптама ұйымдарының палатасы) 28.02.2024 жылғы № 01-04-15/184 шығыс хаты жолданды.
Сараптама ұйымдарының палатасының 14.03.2024 жылғы № 333/02-02 хатына сәйкес, «KAZ elite EXPERTISE» ЖШС берген Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Жылы жағажай» аумағы, 50/3 жер учаскесінде орналасқан, «ROYAL RESORT» «Қонақ үй аппартаментінің құрылысы» жобасы бойынша 24.02.2022 жылғы № КЕЕ-0065/22 сараптама қорытындысы:
Төрт қабатты тұрғын үй жобаланған, ол жобалауға арналған тапсырмаға да, сәулет жобалау тапсырмасына да, жер учаскесінің құқық белгілейтін құжаттардың деректеріне де сәйкес келмейді (жер учаскесінің нысаналы мақсаты - қонақ үй апартаментін салу және пайдалану үшін).
Комиссия отырысының күн тәртібінде шығарылған мәселелер қаралды.
Комиссия мүшелері құжаттар топтамасын Қағиданың 8-тармағына сәйкестігін тексеріп, келесідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Комиссия төрағасы Р. Бектемір
Комиссия хатшысы Г. Жариева