Маңғыстау облысы туризм басқармасының
мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша
2024 жылдың ақпан айы қорытындысының
талдамалық анықтамасы
Маңғыстау облысының туризм басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келесіні хабарлайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.08.2023 ж. № 339/НҚ бұйрығы, 02.09.2023 жылы күшіне енді), Басқармамен 1 (бір) қызмет түрі «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде 2 (екі) кіші түрі: 1. Келу және ішкі туризм саласы; 2. Шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.
2024 жылдың ақпан айында «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтінімдер түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар жоқ. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
2024 жылдың ақпан айында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2 жеке тұлғаға және 1 заңды тұлғаға мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
Ақпарат үшін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары - «WhatsApp» қосымшасы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда «Маңғыстау туроператорлары» - 14 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризмі» - 40 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризм қауымдастығы» - 35 жеке және заңды тұлға қамтылған чаттары арқылы жүргізіледі. Осы чаттар арқылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты ресми жарияланған заңнамалық-құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Басқарма басшысының м.а. Г. Жариева
Орынд.: Жайылханов А., тел: 8 (7292) 420322