Маңғыстау облысы туризм басқармасының
мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша
2023 жылдың 4-ші тоқсаны (қаңтар-желтоқсан айлары) қорытындысының талдамалық анықтамасы
Маңғыстау облысының туризм басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келесіні хабарлайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.08.2023 ж. № 339/НҚ бұйрығы, 02.09.2023 жылы күшіне енді), Басқармамен 1 (бір) қызмет түрі «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде 2 (екі) кіші түрі: 1. Келу және ішкі туризм саласы; 2. Шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.
2023 жылдың 4-ші тоқсанының (қаңтар-желтоқсан айлары) қорытындысы бойынша «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша 2 жеке тұлғаға және 4 заңды тұлғаға «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі көрсетілді және оң шешіммен қанағаттандырылды:
- ЖК ИНЖУ (04.02.2023 ж.) лицензия берілді;
- «Визит Актау» ЖШС (21.02.2023 ж.) лицензия берілді;
- «Kettyk Group» ЖШС (03.04.2023 ж.) лицензия берілді;
- ЖК «Batys tour» (19.04.2023 ж.) лицензия берілді;
- «ГУНА-Актау» ЖШС (04.09.2023 ж.) лицензия берілді;
- «AQDARIYA GROUP » ЖШС (08.11.2023 ж.) лицензия берілді.
Есепті кезең бойынша ақпан айында мерзімдері бұзылып (1 күнге мерзімі кешіктірілді) көрсетілген 1 мемлекеттік қызмет болды. Өтінім берген заңды тұлға «Кеттік Групп» ЖШС-нің құжаттары «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» Ережесінің талаптарына сәйкес келмегендіктен, мотивті қайтару болды (10.02.2023 ж. № 01-04-15/86). Аталған мерзімі бұзылған мемлекеттік қызмет бойынша 2 қызметкерге, оның 1 - бөлім басшысына сөгіс, 1 - кеңсе статистигіне ескерту берілді.
Мерзім бұзушылыққа қатысты ү.ж. сәуір айында мемлекеттік қызметшіге берілген тәртіптік сөгіс бойынша қорытынды жасалып, өтінім иесі, «КеттікГрупп»ЖШС директоры Нугманов Абишке 10.04.2023 жылы № 01-04-18/86 хатымен «Туристік қызметке туристік операторлық (туроператорлық) лицензия беру» Ережесі Қағидаларының 4 қосымшасына сәйкес, тапсырған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетіліп, қанағаттандырылмайтындығы жөнінде хат жолданып, ағымдағы жылдың сәуір айы мен маусым айының аралығында функционалдық міндеттерді орындау тәртібін бұзбағаны үшін, мелекеттік қызметшіден берілген тәртіптік сөгіс Басқарманың 19.06.2023 жылғы № 18-жқ бұйрығымен алынды.
Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2023 жылдың 1 қарашасында Басқарманың жауапты мамандарымен тексеру нәтижелері туралы акітіні талқылай отырып, Басқармада орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмауға бағытталған шаралар алу бағытында Басқарма басшысы М. С. Габдулкалиевтің төрағалығымен Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқаулар мен ұсынымдар, оларды жоюдың мерзімдері берілген тапсырмаларды орындап, Басқармамен ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушылардың наразылық білдіру деректерін болдырмау мақсатында, әлеуметтік желілерде, facebook, Instagram және Басқарманың сайтында насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
2023 жылдың 4-ші тоқсанының (қаңтар-желтоқсан айлары) қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 26 жеке және заңды тұлғаға, оның ішінде 17 жеке тұлғаға және 9 заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары - «WhatsApp» қосымшасы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда «Маңғыстау туроператорлары» - 15 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризмі» - 50 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризм қауымдастығы» - 46 жеке және заңды тұлға қамтылған чаттары арқылы жүргізіледі. Осы чаттар арқылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты ресми жарияланған заңнамалық-құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Басқарма басшысы М. Габдулкалиев
Орынд.: Жариева Г.О., Тел: 8 (7292) 420322