Маңғыстау облысы туризм басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2023 жылдың қазан айы қорытындысының талдамалық анықтамасы

Маңғыстау облысы туризм басқармасының

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша

2023 жылдың қазан айы қорытындысының

талдамалық анықтамасы

 

         Маңғыстау облысының туризм басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келесіні хабарлайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.08.2023 ж. № 339/НҚ  бұйрығы, 02.09.2023 жылы күшіне енді), Басқармамен 1 (бір) қызмет түрі  «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде  2 (екі) кіші түрі: 1.  Келу және ішкі туризм саласы; 2. Шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.

2023 жылдың қазан айында «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар жоқ. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

2023 жылдың қазан айында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты Басқармаға жүгінген жеке және заңды тұлға болған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары - «WhatsApp» қосымшасы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда «Маңғыстау туроператорлары» -  15 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризмі» -  50 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризм  қауымдастығы» - 46 жеке және заңды тұлға  қамтылған  чаттары арқылы жүргізіледі. Осы чаттар арқылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты ресми жарияланған заңнамалық-құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

          Басқарма басшысы                                                       М. Габдулкалиев

 

 

 

 

 

 

 

Орынд.: Жайылханов А., Тел: 8 (7292) 420322

Анализ октябрь
Дата публикации
20 декабря 2023