«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 280 бұйрығы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ

МИНИСТРЛІГІ                                                                     

 

 

МИНИСТЕРСТВО

ТУРИЗМА И СПОРТА

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

 

             БҰЙРЫҚ

 

     2 қараша 2023 жыл

                Астана қаласы

                          ПРИКАЗ

 

№280

                                   город Астана

         

 

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы         25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                           Е. Маржықпаев

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«КЕЛІСІЛДІ»

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 Қазақстан Республикасы

 Стратегиялық жоспарлау

 және реформалар агенттігі

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 280 бұйрығы
Дата публикации
24 ноября 2023