Маңғыстау облысы туризм басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2023 жылдың шілде айының қорытындысының талдамалық анықтамасы

Маңғыстау облысы туризм басқармасының

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша

2023 жылдың шілде айының қорытындысының

талдамалық анықтамасы

 

         Маңғыстау облысының туризм басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келесіні хабарлайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.09.2022 ж. № 310/НҚ  бұйрықтары), Басқармамен 1 (бір) қызмет түрі  «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде  2 (екі) кіші түрі: 1.  Келу және ішкі туризм саласы; 2. Шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.

2023 жылдың шілде айында «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша өтінімдер түскен жоқ.

Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары - «WhatsApp» қосымшасы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда «Маңғыстау туроператорлары» - 15 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризмі»  - 50 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризм  қауымдастығы» - 46 жеке және заңды тұлға қамтылған чаттары арқылы жүргізіледі.

 

 

          Басшының м.а.                                                                    Г. Жариева

Дата публикации
03 октября 2023