КІРІСПЕ
Мұнай және газ кен орындарының едәуір бөлігі Маңғыстау облысында орналасқан. Облыстың экономикасы шикізаттың осы түрін өндіруге, тасымалдауға және келешекте оны өңдеуге негізделген.
Экономикалық тұрғыдан ірі мұнай кен орындары Жетібай елді мекенінде, Жаңаөзен қаласында және Қаламқас елді мекенінің маңында шоғырланған, шағын кен орындар Ақтауға баратын жолдың бойында, Форт-Шевченко қаласының айналасында және Құрық елді мекенінің төңірегінде орналасқан. Ақтау теңіз порты, Құрық порты және Баутино елді мекеніндегі терминал маңызды өнеркәсіп орталықтарына айналған.
Бүгінгі таңда Маңғыстау экономикасының 90%-ға жуығын мұнай шикізатын өндіру мен тасымалдау құрайды. Осылайша Маңғыстау облысы Қазақстандағы ең шикізат өндіруші аймаққа айналып отыр.
Туризмді дамыту тұрғындарды жұмыспен қамту және әл-ауқатын арттыру мәселесін шешудің бір жолы бола алады. Сол арқылы ауылдық жерлердің табысы пен әл-ауқаты арта түседі.
Маңғыстау облысы туризмді дамытудың бастапқы кезеңінде тұр. Дамудың бастапқы кезеңі үшін жағажай қонақ үйлері тым шағын. Жоғары деңгейде сервис көрсететін, ойын-сауық бағдарламасы мен «барлығы қамтылған» жүйесін ұсынатын жалғыз қонақүй – Rixos қонақ үйі.
Маңғыстау облысы туристер үшін тартымды болғанымен, демалыс өткізетін аймақ ретіндегі индустриясы әлі дамымаған. Туризмді дамыту жақын болашақта Маңғыстау облысы халқының өмір сүру деңгейін арттыруда маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Маңғыстау Қазақстанның мәдени/тарихи мұрасы мол сақталған ерекше өңір, мұнда бүкіл Қазақстандағы тарихи/сәулет ескерткіштерінің жартысынан астамы орналасқан.
Ең алдымен, Маңғыстауда тас және қола дәуірінің көптеген жәдігері сақталған – оны кремнийдің көп мөлшері мен үңгір тәрізді табиғи баспаналардың болуынан білуге болады.
Екіншіден, Маңғыстаудағы көшпенділер мәдениеті – бұл тұрақты және жартылай тұрақты мәдениеттер. Бұл дәуірдің дәлелі –сансыз қабірлер орналасқан қорымдар, олар қызығушылық танытқан туристер үшін өңірдің бай тарихын көрсетеді.
Өте маңызды орта ғасырлық жәдігерлер де әсерлі.
Маңғыстауда Жібек жолының көптеген тамаша ізі сақталған. Жібек жолының солтүстік бөлігі Маңғыстаудың оңтүстік-шығысынан басталып, Каспий теңізі арқылы Иран мен
Кавказға қарай өткен. Бұл орындардың тек бірнешеуі ғана анықталды, ал олардың көпшілігі әлі де қолжетімді емес, өйткені қазба орындары консервацияланған.
Оқшау орналасқанының және кеуекті құмтастың арқасында, Жібек жолының осы бөлігінде бүкіл Қазақстанда іс жүзінде теңдесі жоқ бірегей мәдениет, дамып, гүлденді. Осы аймақта өте жақсы сақталған сансыз үңгірлер ежелгі заманда сопылар ойға шоматын орын ретінде пайдаланған, бүгінде олар «жер асты мешіттері» деп аталады. Бірақ бұл анықтама олардың шынайы мәнін ашпайды. Бұл үңгірлер – өз өңіріміздің және еліміздің түкпір-түкпірінен келген зиярат етушілердің әулиелердің ізімен жүріп, құдіреті күшті Құдаймен және ұлы ғалымдармен диалогқа түсетін қасиетті орындар.
Бүкіл Қазақстанның еш аймағында дәл осы өңірдегідей дәстүр мен заңдарды қатаң сақтауға емес, дүниеге деген жеке көзқарасқа негізделген сенімнің прагматикалық түрі – қазақы синкретизмді анық сезіну мүмкін емес. Бұл жерде қазақтың «канондық емес» исламының көшпелі/шамандық тамырының мәнін түсінесіз. Қасиетті орындардағы зиярат етушілердің медитациялары, зікірлері (намазы) имамның діндарларға бағытталған сөзімен толыға түседі, киелі орындардың іргесіндегі қонақ үйге орналасу, демалу атмосферасы – күнделікті мәдениеттің ажырамас бөлігі, өздерін сыпайы ұстайтын келушілер оны бірден байқай алады.
Туристерге арналған мәдени/тарихи турларға (танымдық саяхат) байланысты да, көрнекі (көрініс, пейзаж) турлардың құрамында да, жағажай демалыстарына қосымша ретінде де мәдени маңызы бар тарихи орындардың туризмін дамытуға мүмкіндік бар.
Мына орындар туристер арасында танымал болады деп күтілуде:
• Ақтау қаласының маңындағы Қалипан және Қалың-арбат қорымдарын күндізгі саяхаттар үшін мәдени «аксессуар» ретінде қарастыруға болады;
• Түпқараған түбегінің солтүстік жағалауындағы Кенті-баба, Үштам және Қарағаштыәулие қорымдарын каньондарға жасалатын турларға қосымша ретінде немесе Сұлтан-үпі мен Шақпақ атаны қоса алғанда, мәдени/тарихи турдың бөлігі ретінде қарастыруға болады;
• Шілкөз-Мейрам қорымы Қаратау тауларына көрнекі турдың құрамдас бөлігі бола алады;
• «Жер асты мешіттері» және/немесе Сұлтан-үпі, Қараман-ата, Масат-ата, сондай-ақ негізінен Шақпақ-ата, Шопан-ата (Маңғыстаудағы ең үлкен және ең маңызды қорымдары бар) және Бекет-ата қасиетті орындары мәдени/тарихи экскурсиялардың арнайы бағыты бола алады;
• Қаратау жотасындағы Шерқала тауының етегіндегі әйгілі Жібек жолының бойындағы көне Қызыл қала (қазіргі уақытта мемлекеттің қорғауында (консервацияланған) бар, бірақ бұл жерді туристерге қолжетімді үшін қазба және қалпына келтіру (реставрациялау)
жұмыстарын мұқият қолға алу ұсынылады). Қаратау тауларына саяхат көрнекі турдың құрамдас бөлігі немесе негізгі мәдени/тарихи бағдарлы саяхаттың бөлігі бола алады;
• Көрнекі турға көшпелілердің фортификацияларының (бекіністерінің) қирандылары (қалдықтар, үйінділер), ақбөкенді ұстауға арналған ортағасырық орларды (ұзын тас қабырғалары бар ойпаттар) жатқызуға болады.
САУАЛНАМА ӘДІСТЕМЕСІ
Маңғыстау облысы Туризм басқармасының 2023 жылғы 7 ақпандағы №3 қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шартының техникалық тапсырмасы шеңберінде "Aqzhelkengroup" ЖШС 2023 жылдың 8 ақпаны мен 21 ақпаны аралығында «Маңғыстау өңіріндегі туризмді дамыту» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізді.
Сауалнаманың мақсаты – қала тұрғындарын да, қала қонақтарын да туризмді дамытуға және туристік инфрақұрылымды жақсартуға тарту.
Міндеттері:
• Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының өңірдің туристік әлеуеті туралы хабардар болу деңгейін бағалау;
• өңірдегі туризмнің даму деңгейіне қатысты бенефициарлардың пікірін зерделеу;
• өңірдегі туризмді дамытудағы кемшіліктер мен олқылықтарды анықтау;
• туризмнің түрлері бойынша Ақтау тұрғындары мен қонақтарының ең басты қалауларының рейтингін жасау.
Зерттеу нысаны: Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары
Зерттеу мәні: Маңғыстаудағы туризмнің дамуы туралы респонденттердің пікірі
Жобаны аяқтау формасы: Экспресс-бағалау нәтижелері бойынша екі тілде (мемлекеттік және орыс тілінде) есеп
Зерттеу әдістері
1. Сандық әдіс: Сұрақ-жауап түріндегі сауалнама. Ақтауда 18-63+ жас аралығындағы 1000 адамға сауалнама жүргізді.
2. Сапалық әдіс: сараптамалық сауалнама
Зерттеу құралы: қоғамдық-саяси жағдайды зерттеу үшін 16 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізілді.
3% сенімділік аралығын сақтай отырып, іріктеу 95% ықтималдық шартына сай жасалды.
ДЕРЕКТЕРДІ ТҮСІНДІРУ
Сауалнамаға Ақтау қаласынан 1000 респондент (тұрғын) қатысты.
Респонденттерді іріктеу Ақтау қаласының түрлі елді мекендеріндегі қоғамдық орындарда
«жентек қар» әдісімен және кездейсоқ іріктеу әдісімен жүргізілді.
Гендерлік көрсеткіш бойынша сауалнамаға қатысқандардың 53,7%-ы әйелдер және 46,3%-
ы ерлер.
[ЗНАЧЕНИЕ]
[ЗНАЧЕНИЕ]
ӘЙЕЛ ЕР
Жынысыңыз:
Responses
Зерттеушілер тобы азаматтардың жас санаттары бойынша іріктеу паритетін сақтауға
тырысты.
18 - 25 жас – 17,8%
26 - 35 жас – 25,6%
36 - 50 жас – 27,8%
51-62 жас – 19%
63+ жас – 9,8%
178
256
278
190
98
Жасыңыз:
Экспресс-бағалау барысында респонденттердің 81,9%-ы Маңғыстау облысын туризм және
демалыс аймағы ретінде тартымды деп есептейтіні анықталды.
Бұл ретте 18,1% басқаша ойлайды және бұл аймақ туризм үшін тартымды емес деген пікір
білдірді.
Сарапшылардың пікірі:
- Ақтауда «Ренессанс», «Гранд отель Виктори», Caspian Riviera, Holiday, Holiday SeaSide және Rixos сияқты бірнеше жақсы қонақүй бар;
- Талаптарға сай келетін, бірақ әлі де дамып келе жатқан (сонымен қатар интернет, басқа да қызмет көрсету элементтері бар) жағажай шипажайлары («Стигл», «Кендірлі», Три оф Лайф) бар;
- Ақтауда ((«Рахат», «Жерұйық», «Зеленая», «Арай», «Шағала», «Ақтау», «4 сезона»), Баутинода («Шағала», «Достық») және Жаңаөзен қаласында («Аруана») бірнеше орта деңгейдегі қонақүй бар;
- «Жерасты мешіттерімен» байланысты кейбір «қонақ үйлер» жайлылық деңгейі бойынша заманауи шетелдік туристің талаптарына мүлдем сай келмейді;
- Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында бірнеше қолайлы мейрамхана мен кафелер бар;
- Ақтаудағы туристік агенттіктер («Фирма Турист» ЖШС, «Ақтау Сити Тур» ЖШС, «ЭтноТур», «Сапар» және т.б.);
- Маңғыстаудың барлық аумағын жақсы білетін бірнеше тәжірибелі джип жүргізушілері бар;
- Археолог және гид ретінде жұмыс істейтін «әмбебап данышпан», сонымен қатар аймақта гид жұмысында бәсекеге қабілетті бірнеше жақсы сарапшы бар;
- Маңғыстаудың бүкіл аумағында іс жүзінде туристік қосалқы құрылым жоқ;
- Гигиеналық (санитарлық) жабдықтардың (дәретханалар, душ кабиналарының) болмауы, туристерді қызықтыратын орындардың көпшілігінде судың жетіспеуі және/немесе болмауы, ұялы байланыспен толық қамтылмауы, мейрамханалардың көпшілігінде үш тілді мәзірдің (қазақ + орыс + ағылшын) болмауы, көрікті жерлерде тек қазақ/орыс (ағылшыншасы жоқ) жол белгілері мен сәйкестендіру белгілерінің жетіспеушілігі немесе болмауы.
Сауалнама барысында Ақтау тұрғындары қала мен облыстағы туристік орындарға баратынын атап өтті.
Бару жиілігіне келетін болсақ, респонденттердің көпшілігінің – 31,9%-ының – мұндай орындарға жылына кемінде бір рет бару мүмкіндігі бар екені анықталды.
Тағы 16,7% респондент туристік орындарға жылына кемінде екі рет баруға тырысатынын атап өтті.
18%-ы айына бір рет облыс көлемінде тұрақты саяхаттауға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Сауалнамаға қатысқандардың 8,3%-ы кем дегенде аптасына бір рет туристік орындарға барады, ал 6,9%-ы аптасына бірнеше рет барады.
Айта кету керек, респонденттердің 18%-ының мұндай мүмкіндігі жоқ және тек қалалық инфрақұрылыммен және қолжетімді қалалық жағажайлармен және мәдени нысандармен шектеледі.
«Демалысыңызды қалай ұйымдастырғанды ұнатасыз?» деген сұраққа жауап берген респонденттердің басым бөлігі (80,2%) демалысты жеке көлігімен немесе туыстарымен және достарымен бірігіп жоспарлап, ұйымдастыратынын атап өтті.
Ал азаматтардың 19,7%-ы ғана туристік агенттіктердің/операторлардың қызметтерін пайдаланатынын атап өтті.