Маңғыстау облысы туризм басқармасының
мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша
2023 жылдың I тоқсанының талдамалық анықтамасы
Маңғыстау облысының туризм басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келесіні хабарлайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.09.2022 ж. № 310/НҚ бұйрықтары), Басқармамен 1 (бір) қызмет түрі «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде 2 (екі) кіші түрі: 1. Келу және ішкі туризм саласы; 2. Шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.
2023 жылдың I тоқсаны бойынша (қаңтар-наурыз айлары аралығында) «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша 2023 жылдың ақпан айында 1 жеке тұлғаға және 1 заңды тұлғаға «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі көрсетілді және оң шешіммен қанағаттандырылды:
- ЖК ИНЖУ (04.02.2023 ж.) лицензия берілді;
- «Визит Актау» ЖШС (21.02.2023 ж.) лицензия берілді.
Есепті кезең бойынша ақпан айында мерзімдері бұзылып (1 күнге мерзімі кешіктірілді) көрсетілген 1 мемлекеттік қызмет болды. Өтінім берген заңды тұлға «Кеттік Групп» ЖШС-нің құжаттары «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» Ережесінің талаптарына сәйкес келмегендіктен, мотивті қайтару болды (10.02.2023 ж. № 01-04-15/86). Аталған мерзімі бұзылған мемлекеттік қызмет бойынша 2 қызметкерге, оның 1 - бөлім басшысына сөгіс, 1 - кеңсе статистигіне ескерту берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
2023 жылдың I тоқсаны бойынша (қаңтар-наурыз айлары аралығында) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 15 жеке және заңды тұлғаға, оның ішінде 8 жеке тұлғаға және 5 заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары - «WhatsApp» қосымшасы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда «Маңғыстау туроператорлары» - 8 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризмі» - 55 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризм қауымдастығы» - 40 жеке және заңды тұлға қамтылған чаттары арқылы жүргізіледі. Осы чаттар арқылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты ресми жарияланған заңнамалық-құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқарма басшысы М. Габдулкалиев
Орынд.: Жариева Г.О., Тел: 8 (7292) 420322