№ 01-06/64 от 26.05.2023
|
Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
|
|
Ақтау қ. № 26 мамыр 2023 ж. |
|
|
|
|
|
|
|
|
Отырысқа Комиссияның келесі мүшелері қатысты:
|
Бектемір Руслан Бектемірұлы |
- |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы |
|
Габдулкалиев Маулен Сакенұлы |
- |
Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары |
|
Махитов Ербол Әдилбайұлы |
- |
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары |
|
Тұралханов Абай Есенжанұлы |
- |
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы |
|
Айтжанова Аққу Тұрашқызы |
- |
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
Осин Кирилл Владимирович |
- |
«Эко Мангистау» үкіметтік емес ұйымының директоры |
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурызындағы № 17 қаулысымен бекітілген «Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның» 7 мүшесінің ағымдағы отырысқа 6 мүшесі қатысты.
Комиссияның барлық мүшелеріне комиссия отырысын өткізудің күн тәртібі, уақыты, орны және форматы туралы комиссия мүшелері хабардар етілді (24.05.2023 ж. № 01-04-15/307 шығыс хатымен).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылдың 30-сәуірдегі № 34-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурызындағы № 17 қаулысымен бекітілген «Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының және субсидиялаудың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия» құрылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 «Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес «Слюсарева Е.М.» ЖК мен «Изтлеуова К.Б.» ЖК - нің санитариялық-гигиеналық тораптарды (бұдан әрі-СГТ) күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау туралы өтінімдерін қарастыру.
Комиссия төрағасы Б. Р. Бектемір Комиссия отырысын ашып, келесі КҮН ТӘРТІБІН мақұлдап, Комиссия мүшелеріне ұсынды:
1) 83 300 теңге көлемінде ай сайынғы Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша өтінім беруші «Слюсарева Е.М.» ЖК-нің өтінімі мен оған қоса берілген құжаттарды қарау.
2) 83 300 теңге көлемінде ай сайынғы Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша өтінім беруші «Изтлеуова К.Б.» ЖК-нің өтінімі мен оған қоса берілген құжаттарды қарау.
Өңірлік комиссия құжаттар топтамасын Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігін қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
- кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін субсидиялау туралы;
- кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін субсидиялаудан бас тарту туралы.
Тыңдалды: Комиссия төрағасының орынбасары М. С. Габдулкалиев комиссия мүшелеріне «Слюсарева Е.М.» ЖК мен «Изтлеуова К.Б.» ЖК-нің санитариялық - гигиеналық тораптарды күтіп - ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау туралы Қағидалардың 5 - тармағына өтінімдерімен құжаттар тізім ұсынды:
1) Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) СГТ-ға меншік немесе өзге де заңды иелену немесе басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
3) мәлімделген СГТ және оның орналасқан жерінің фото- және бейнетіркеу материалдары.
|
№ |
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә |
«Қолдаймын» |
«Қарсымын» |
Пікірлер |
|
1. |
Б.Р. Бектемір - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы. |
|
|
|
|
2. |
М.С. Габдулкалиев - Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары |
|
|
|
|
3. |
Е.Ә. Махитов - Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары |
|
|
|
|
4. |
А.Е. Тұралханов - Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы |
|
|
|
|
5. |
А.Т. Айтжанова - Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
|
|
|
6. |
Р.Т. Айдарханов - Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі |
|
|
|
|
7. |
К.В. Осин - «Эко Мангистау» үкіметтік емес ұйымының директоры |
|
|
|
Комиссия мүшелері құжаттар топтамасын Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігін тексеріп келесідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қағиданың 3 – тармағының, 1- тармақшасы бойынша (ҚР СТ 2476-2014) «Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары. Жол сервисі объектілеріне және олардың қызметтеріне қойылатын талаптар» стандартына сәйкес жауап бермейді. Атап айтқанда, 10.2. Қол жетімділік. 10.2.1. жол сервисі объектісінің ғимаратында мобильділігі төмен келушілер үшін жер бетінен бейімделген, сондай-ақ осы ғимаратқа қосылған және мобильділігі төмен келушілер үшін қолжетімді әрбір жерасты немесе жер үсті өткелінен кемінде бір кіреберіс болуы тиіс.
10.2.2. қабырғадағы есіктер мен ашық саңылаулардың ені кемінде 0,9 м болуы керек. Ашық саңылау тауашасының тереңдігі 1,0 м-ден асқан кезде оның ені коммуникациялық өткелдің ені бойынша, бірақ кемінде 1,2 м болуы керек. Есіктерде, әдетте, табалдырықтар мен биіктік айырмашылықтары болмауы керек. Табалдырықтарды орнату қажет болған жағдайда олардың биіктігі немесе биіктік айырмашылығы 0,025 м аспауы тиіс.
10.2.4. 90°-ге бұрылу кезінде кресло-арбаларды маневрлеуге арналған кеңістіктің өлшемдері кемінде (1,4 х 1,4) м, ал 180° - ге бұрылу кезінде кемінде (1,4 х 1,5) м көзделуі тиіс.
Тұйық дәліздерде бұрылу радиусы кемінде 0,75 м болған кезде кресло-арбаны толық бұру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Есіктің алдындағы кресло-арбаны маневрлеуге арналған кеңістіктің тереңдігі «өзінен» ашылғанда кемінде 1,2 м, ал «өзіне» ашылғанда - кемінде 1,5 м болуы тиіс.
10.2.5. Мобильділігі төмен келушілер баратын үй-жайларды, аймақтарды және қызмет көрсету орындарын, әдетте, жер бетіне жақын деңгейде орналастыру керек. Өзге жағдайларда - баспалдақтар, пандустар, лифтілер және ұтқырлығы төмен келушілерді жылжытуға арналған өзге де құрылғылар көзделуі тиіс.
10.2.7. Бір жақты қозғалыс кезінде пандустың ені кемінде 1,0 м, ал екі жақты қозғалыс кезінде-кемінде 1,8 м болуы тиіс. Қозғалыс жолдарындағы барлық бойлық еңістер пандустар үшін рұқсат етілген тиісті параметрлерден аспауы тиіс. Пандустың бір көтерілуінің максималды биіктігі 8% - дан аспайтын еңіс кезінде 0,8 м-ден аспауы керек. 0,2 м және одан аз қозғалыс жолдарындағы еден биіктігінің төмендеуі кезінде пандустың еңісін 10% - ға дейін ұлғайтуға жол беріледі.
10.2.8. Ғимаратта лифтілер болмаған және пандус орнату мүмкін болмаған кезде келушілердің жеке пайдалануы үшін кресло - арбаларға бейімделген арнайы көтергіш немесе лифт орнатуды көздеу қажет. Одан шығатын жолдар мүгедектер баратын үй-жайлары бар қабаттар деңгейінде орналастырылуы тиіс.
Қағиданың 3 – тармағының, 1- тармақшасы бойынша (ҚР СТ 2476-2014 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары. Жол сервисі объектілеріне және олардың қызметтеріне қойылатын талаптар» стандартына сәйкес жауап бермейді. Атап айтқанда, 10.2. Қол жетімділік.
10.2.1. жол сервисі объектісінің ғимаратында мобильділігі төмен келушілер үшін жер бетінен бейімделген, сондай-ақ осы ғимаратқа қосылған және мобильділігі төмен келушілер үшін қолжетімді әрбір жерасты немесе жер үсті өткелінен кемінде бір кіреберіс болуы тиіс.
10.2.2. қабырғадағы есіктер мен ашық саңылаулардың ені кемінде 0,9 м болуы керек. Ашық саңылау тауашасының тереңдігі 1,0 м-ден асқан кезде оның ені коммуникациялық өткелдің ені бойынша, бірақ кемінде 1,2 м болуы керек. Есіктерде, әдетте, табалдырықтар мен биіктік айырмашылықтары болмауы керек. Табалдырықтарды орнату қажет болған жағдайда олардың биіктігі немесе биіктік айырмашылығы 0,025 м аспауы тиіс.
10.2.4. 90°-ге бұрылу кезінде кресло-арбаларды маневрлеуге арналған кеңістіктің өлшемдері кемінде (1,4 х 1,4) м, ал 180° - ге бұрылу кезінде кемінде (1,4 х 1,5) м көзделуі тиіс.
Тұйық дәліздерде бұрылу радиусы кемінде 0,75 м болған кезде кресло-арбаны толық бұру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Есіктің алдындағы кресло-арбаны маневрлеуге арналған кеңістіктің тереңдігі «өзінен» ашылғанда кемінде 1,2 м, ал «өзіне» ашылғанда - кемінде 1,5 м болуы тиіс.
10.2.5. Мобильділігі төмен келушілер баратын үй-жайларды, аймақтарды және қызмет көрсету орындарын, әдетте, жер бетіне жақын деңгейде орналастыру керек. Өзге жағдайларда - баспалдақтар, пандустар, лифтілер және ұтқырлығы төмен келушілерді жылжытуға арналған өзге де құрылғылар көзделуі тиіс.
10.2.7. Бір жақты қозғалыс кезінде пандустың ені кемінде 1,0 м, ал екі жақты қозғалыс кезінде-кемінде 1,8 м болуы тиіс. Қозғалыс жолдарындағы барлық бойлық еңістер пандустар үшін рұқсат етілген тиісті параметрлерден аспауы тиіс. Пандустың бір көтерілуінің максималды биіктігі 8% - дан аспайтын еңіс кезінде 0,8 м-ден аспауы керек. 0,2 м және одан аз қозғалыс жолдарындағы еден биіктігінің төмендеуі кезінде пандустың еңісін 10% - ға дейін ұлғайтуға жол беріледі.
10.2.8. Ғимаратта лифтілер болмаған және пандус орнату мүмкін болмаған кезде келушілердің жеке пайдалануы үшін кресло - арбаларға бейімделген арнайы көтергіш немесе лифт орнатуды көздеу қажет. Одан шығатын жолдар мүгедектер баратын үй-жайлары бар қабаттар деңгейінде орналастырылуы тиіс.
Комиссия отрысының күн тәртібінде шығарылған мәселелер қаралды.
Комиссия төрағасы Б. Р. Бектемір Комиссия отырысын жабық деп жариялады.
Комиссия төрағасы Б. Р. Бектемір
Комиссия хатшысы Ж. Б. Станбекова
Согласовано
01.06.2023 18:03 Станбекова Жайнаш Бекболаткызы
01.06.2023 18:07 Габдулкалиев Маулен Сакенович
01.06.2023 18:09 Құралбайқызы Айнагүл
01.06.2023 18:32 Қабдықызы Мәншук
01.06.2023 19:27 Тлепов С. Н. ((и.о Жұмақұлов Қ. Т.))
01.06.2023 20:09 Адаева Д. С. ((и.о Есбергенова З. Т.))
02.06.2023 17:21 Телегенов Нұрбол Аблайұлы
Подписано
02.06.2023 19:05 Бектемір Руслан Бектемірұлы