«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ тұжырымдаманы іске асыруға жауапты өзге де ұйымдар (келісім бойынша):

1) тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

2) тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

3) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Дата публикации
11 сентября 2022