«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет, спорт және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет, спорт және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2022 - 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29154 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

Дата публикации
04 октября 2022