БҰЙЫРАМЫЗ:
- «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы бірлескен бұйрыққа:
- 1-қосымшаға сәйкес туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
- 2-қосымшаға сәйкес туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
- 3-қосымшаға сәйкес туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
- 4-қосымшаға сәйкес гидке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
- 5-қосымшаға сәйкес экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
- 6-қосымшаға сәйкес туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
- 7-қосымшаға сәйкес туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру парағы бекітілсін;