Маңғыстау облысы туризм басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2022 жылдың III-тоқсанының талдамалық анықтамасы
Маңғыстау облысының туризм басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келесіні хабарлайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.09.2022 ж. № 310/НҚ бұйрықтары), Басқармамен 1 (бір) қызмет түрі «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде 2 (екі) кіші түрлерімен - келу және ішкі туризм саласы, шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.
2022 жылдың III тоқсаны бойынша шілде-қыркүйек айлары аралығында 1 жеке, 2 заңды тұлғаға «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі көрсетілді және оң шешіммен қанағаттандырылды:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №156 бұйрығына сәйкес туроператорлық лицензияның түрлері көрсетілген қосымшаны алмаған 8 заңды тұлғаның туроператорлық қызметі біртараптан тоқтатылды:
Туроператорлық лицензия берудің кіші түрлері бойынша:
Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша ү.ж. шілде – қыркүйек айлары аралығында 7 жеке және 1 заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді: М. Машуров, С. Сержан, Н. Алтаев - 3 (25.07.2022); А. Евлоева – КазАСТ, Д. Кадирбекова – 2 (02.08.2022); Ғ. Абишев – 1 (05.08.2022); Р. Тұраров – 1 (10.08.2022); «Мұнайтур» ЖШС – 1 (26.09.2022) түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары - «WhatsApp» қосымшасы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда «Маңғыстау туроператорлары» - 21 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризмі» - 55 жеке және заңды тұлға, «Маңғыстау туризм қауымдастығы» - 40 жеке және заңды тұлға қамтылған чаттары арқылы жүргізіледі. Осы чаттар арқылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты ресми жарияланған заңнамалық-құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқарма басшысының м.а. Г. Жариева
Орынд.: Сәрсенғали М.
Тел: 8 (7292) 420319