«Маңғыстау облысының туризм» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2022 жылғы  «27» қаңтар

№ 12 қаулысымен бекітілген

 

 

 

«Маңғыстау облысының  туризм» мемлекеттік мекемесі туралы

Ережесі

 

 

Жалпы ережелер

 

  1. «Маңғыстау облысының   туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) туристік қызмет және туристік индустрия саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып  табылады.
  2. Басқарманың ведомствосы жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Басқарманың тұрған жері: индекс 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: Государственное учреждение «Управление туризма Мангистауской области».

  1. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Басқарманың қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге

 асырылады.                                                                                                                 13.          Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары

болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер Басқармаға заңнамалық актілер мен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асару құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Басқарманың миссиясы:

Маңғыстау облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және үйлестіруді жүзеге асырады.

  1. Міндеттері:

                1)      туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды;

         2)      туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындайды және қолдайды;

3)      туризмдi өңір экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастырады;

         4)      өңірлік туристік аймақты дамыту және туристік инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал етеді;

         5)      ішкі және әлемдік нарықта Маңғыстау облысының туристік брендін туристік дестинация ретінде қалыптастырады және ілгерілетеді;

         6)      Маңғыстау облысы туралы туризм үшiн қолайлы өңір деген түсiнiктi қалыптастырады;

7)      Маңғыстау облысының туристері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

8)       азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді;

9)  Маңғыстау облысының аумағында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді;

         10) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасауға ықпал етеді;

11)   саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамытуға ықпал етеді;

12)  туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Маңғыстау облысы азаматтарының табыстарын молайтуға ықпал етеді;

13)  балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзілуіне ықпал етеді;

14) туристік  саланың    өңір   экономикасына    қосатын   үлесін   ұлғайту,                       

инвестицияларды ынталандыруға ықпал етеді;15) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құруға ықпал етеді;

16) ішкі туризм мен келу туризмін қолдауды және дамытуды жүзеге асырады;

17) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;18) өңірдің туристік ресурстарын, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алуды және қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

  1. Функциялары:

1) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті Маңғыстау облысының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;

         2) Маңғыстау облысының туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

3) Маңғыстау облысының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

 4) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;

         5) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

         6) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;

         7) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;

         8) туристік ақпарат орталығын құрады;

         9) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

         10) гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;

         11) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

         12) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

         13) Маңғыстау облысының аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

         14) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;

         15) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықты қаржыландырады;

16) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;

17) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың   бір   бөлігі   өтелетін    санитариялық-гигиеналық   тораптардың

тізбелерін бекітеді;

         18) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

         19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;

         20) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;

         21) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;

22) туризм саласының материалдық-техникалық базасын құруға және нығайтуға, олардың инфрақұрылымын дамытуға, салаға инвестициялар тартуға ықпал етеді;

23)    туризм саласында отандық және шетелдік серіктестермен бірлескен бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

         24) әлеуетті инвесторларды туристік жобаларды іске асыруға тарту мақсатында іздеуді және келіссөздер жүргізуді жүзеге асырады;

25) таяу және  алыс шет елдермен шекарамаңайлық ынтымақтастықты, өңіраралық және интеграциялық байланыстарды нығайтуға және дамытуға жәрдемдеседі;

26) өңірлер арасында туристік бизнестің ынтымақтастығына жағдай жасайды;

27) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, халықаралық, өңіраралық және ішкі туристік байланысты жүзеге асырады;

28) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құруды жүзеге асырады;

29) туризм саласының негізгі нысаналы индикаторлары: ішкі және сыртқы келушілер санының, өңірдегі орналастыру орындары төсек-орындары санының, туризм бойынша инвестицияға салынған негізгі капиталдың, туризм саласындағы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші көрсеткіштерінің өсуіне қол жеткізуге ықпал етеді;

30) халықаралық туристік жәрмеңкелерде және көрмелерде Маңғыстау облысының туристік өнімін және өңірдің туристік брендін ілгерілетуге ықпал етеді;

31) туристік қызмет мәселелері бойынша халықаралық және республикалық форумдарды, конференциялар, көрмелерді, таныстырылымдар, кеңестер мен семинарларды, «дөңгелек үстелдерді» ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

32) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда туристік

туристік қызмет мәселелерін жариялауды ұйымдастырады;

          33) жыл сайын туризм объектiлерiне мониторингті, түгендеуді,  паспорттауды жүргiзедi, көрсетілген объектiлердiң электрондық деректер базасын құрады және жаңартады;

34)  туризм саласында жаңа цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;

35) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындауын қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылуына жәрдем көрсетеді;

36) өз құзыреті шегінде туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға ұсыныстар енгізеді;

         37)    отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдеседі;

38)  iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда өңірлік туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдеседі;

39) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің туризм саласындағы жоспарларын келісуді жүзеге асырады;

40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік                          іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін көздеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

41) Маңғыстау облысы аумағында туризм саласындағы іс-шаралардың орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;

42) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1.     Құқықтары мен міндеттері:

1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртiппен:

мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

2)  Басқарма:

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

 

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқармаға басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1)  өз өкілеттілігін іске асыру процесінде облыс әкіміне  және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

2)  өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқармаға өкілдік етеді;

3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелерi оның құзыретіне жатқызылған Басқарма қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4)  заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Басқарма қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

5)   бұйрықтарға қол қояды;

6)   Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

7)   шарттар жасасады;

8)   сенімхаттар береді;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

10) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

11)   облыс әкімі мен әкімдігінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

12)   Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

13)  құзыретi шегiнде құқықтық актiлердiң және нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

14)   қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

15)   гендерлік теңдік саясатын іске асырады;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

 

  1. Басқарманың мүлкі
  2. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған                            өзге.де.көздер.есебінен.қалыптарстырылады.                                 23.                                                                          23    23.   Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

  1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Басқарманың жұмыс режимі және өзара қарым-қатынас

 

Басқарманың   жұмыс   тәртібі   ішкі   еңбек   тәртіптемесінің    қағидаларымен  белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

Басқарма   мен   уәкілетті   орган    арасындағы   өзара    қарым-қатынас

Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Басқарманың  әкімшілігі мен  еңбек  ұжымы  арасындағы өзара қарым-

қатынас Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

 

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 мая 2022