Әлеуметтік желілерде құрылысы аяқталмаған «Terra Nova», «Rich House», «Ақбосаға», «Мұнара», «Ramazan», «Aqtas Hills» тұрғын үйлерінен пәтер сату фактілері анықталды.
Осыған байланысты, Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тұрғын үй салушы мекемелерге Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес рұқсаты болмағанына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы бойынша шара қолданылғанын хабарлайды.
Азаматтардан құрылыс салушының үлескерлердің қаражатын тартуға және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаты болмаса, пәтер сатып алмауды сұраймыз.
Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының қажетті рұқсаттары мен құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз!
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы одан әрі үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үйлерді жарнамалаған тұлғаларға қолданыстағы Заңға сәйкес шара қолданатынын хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде құрылысы аяқталмаған «Centrium», «SK Towers», «Ырыс», «Batys Park», «Noya», «ESG Plaza», «Taras» тұрғын үйлерінен пәтер сату фактілері анықталды.
Осыған байланысты, Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тұрғын үй салушы мекемелерге Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес рұқсаты болмағанына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы бойынша шара қолданылғанын хабарлайды.
Азаматтардан құрылыс салушының үлескерлердің қаражатын тартуға және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаты болмаса, пәтер сатып алмауды сұраймыз.
Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының қажетті рұқсаттары мен құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз!
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы одан әрі үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үйлерді жарнамалаған тұлғаларға қолданыстағы Заңға сәйкес шара қолданатынын хабарлайды.
2026 жылғы 19 маусымынан бастап Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Бүгін Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мақсатында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы және өңірлік кадр резервінің өкілдері қатысты.
2026 жылғы 19 ақпанда Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ұжымында тиісті талқылау өтті.
Кездесуге Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов қатысып, жұмыс тобының барысы туралы, сондай-ақ жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар бойынша мазмұнды түсіндіру жүргізді. Бұл құжат – жай ғана құқықтық өзгерістер жиынтығы емес. Ол мемлекеттің жаңа даму бағытын айқындап, қоғамның жаңғыруына, азаматтық сананың өсуіне және ұлттық жауапкершіліктің нығаюына негіз қалайды. Әрбір норма мен қағида елдің ертеңіне деген сенімді күшейтуге бағытталған.
Жаңарған Конституция – ел бірлігін нығайтып, әділ қоғам мен болашаққа бағдарланған мемлекетті қалыптастыруға бағытталған ортақ таңдау. Бұл таңдау әр азаматқа жауапкершілік жүктейді және Қазақстанның жарқын болашағына қызмет етеді. Кездесу соңында басқарма ұжымы жаңа Конституцияны қолдайтынын жеткізді.
Маңғыстау облысының әкімі жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша актив жиынын өткізді
Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған актив отырысы өтті. Жиынға қала және аудан әкімдері, басқарма және құқық қорғау органдарының басшылары, өндірістік кәсіпорын жетекшілері, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.
Кездесуде облыс әкімі елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталып, жаңа конституциялық модель халық билігі, заң үстемдігі және билік тармақтарының тепе-теңдігі қағидаттарына негізделетінін атап өтті.
– Қазақта «Елу жылда – ел жаңа» деген ұлы сөз бар. Уақыт пен заманның өз талабы болады. Сол себепті 21 қаңтар күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Конситуциялық реформа жөнінде комиссия құрылды.
Комиссия жұмысы ашықтық, инклюзивтілік және кең қоғамдық диалог принциптерінде құрылды. Әділетті және жауапты мемлекет құру жолындағы реформаларды сапалы іске асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Сондай-ақ жиында Маңғыстау облысынан комиссия құрамына кірген Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев пен облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов комиссия жұмысы аясында көтерілген ұсыныстар мен бастамалар, талқылау барысы туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында облыс әкімі конституциялық реформалардың мәні мен маңызын халыққа дұрыс жеткізудің, қоғамдық келісімді нығайтудың және ұлттық бірлікті сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа конституция жобасын қолдайтындарын жеткізді.
Маңғыстау облыcының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғандығын хабарлайды.