- Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі өз қызметінде Қазақстан
Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады., Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, "Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.
- Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің штат санын
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
- Құрылымдық бөлімше:
1) Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысынан;
2) Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің 2 бас маманынан
тұрады.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
Міндеттері:
- Өзінің кәсіби білімі және біліктілігін қолдана отырып жұмысын
орындауға;
- Басқарманың және жоғарғы ұйымдардың нормативтік құжаттарын, бақылаушы органдардың талаптары мен кеңестерін және Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын орындауға;
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындауға;
- Тұрғын үй жобалауға және салуға бюджетті несиелендіруді қамтамасыз етуге;
- Қайтарымдылық негізінде бөлінген қаражаттың есепке алынуы мен қайтарылуын қамтамасыз етуге;
- Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді, әдеп қағидаларының талаптары мен жұмыс регламентін қатаң сақтауға;
- Нақтылау бойынша ағымдағы қаржы жылында Басқарманың жұмысын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама (бюджеттік өтінімдер, есептеулер) жасақтауды және орындауды ұйымдастыруға;
- Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысын және бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылауға;
- Есептердің жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарларын), ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжат айналым тәртібін қамтамасыз етуге басшылық етуге;
- Төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын, мiндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға;
- Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес төлемдерді қабылдаудың жеке төлем жоспарына сәйкес төлемдердің жүзеге асыруға және бюджеттік қаражаттарды алушылардың шоттарына тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен сақтай отырып, бюджет қаражатын аударуға байланысты міндеттемелерді қабылдауға;
- Орындалған жұмыстардың электронды шот-фактураларын қабылдауға және өңдеуге;
- Депозиттік есеп-шотқа келіп түскен 1% және 3% кепілдік жарна қаржыларының есебін жүргізуге;
- Ұйымның қызметі туралы оның мүліктік жағдайы кірістері мен шығыстары туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және орындауды жүзеге асыруға;
- Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылығы мен дұрыстығын, экономикалық негізделген өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнының калькуляциясын жасауды, жалақы бойынша есептерді, заңнамаға сәйкес мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, банктерге зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, төлемдерді, капитал салымдарын қаржыландыруға қаражатты дұрыс аударуды атқаруға;
- Нысаналы трансферттердiң жүзеге асырылуына, бюджет шығындарының атқарылуына мониторинг жасауға;
- Бюджетiнiң атқарылуы туралы аналитикалық есептi қалыптастырады және ұсынады. Тиiстi қаржы жылына даму бюджеттiк бағдарламалары бойынша бюджеттiк қаражатты басқару тиiмдiлiгiн бағалау бойынша есептiлiктi дайындауға;
- Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін рәсімдеу тәртібінің сақталуына, ұйым қызметкерлері жалақысының дұрыс есептелуіне, жалақы қорының жұмсалуына, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатына түгендеу жүргізуге бақылауды ұйымдастыруға;
- Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен басқа да шығындарды бухгалтерлік есептен шығарудың заңдылығының қатаң сақталуын қадағалауға;
- Е-минифин, МемТізілім порталдарында орналастыра отырып, қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы, бюджеттің пайдалануы туралы балансты және жедел жиынтық есептерді жасауды қамтамасыз етеді;
- Салықтық және статистикалық есептерді жасауды және орналастыруды, оларды белгілеген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді;
- Жобалық кеңсе порталында бюджетті және нақты шығыстарды есепке алу бөлігінде жұмыстарды жүргізуге(«easyproject»кросс платформасы);
- Басқару қорларының негізгі құралдарын қабылдау және балансқа беруге;
- Бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар,
Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мұрағатқа уақытылы тапсырылуын қамтамассыз етуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа
да қызметтерді жүзеге асырады.
- Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді заңдарда
белгіленген тәртіппен мерзімінде қарауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге; Басқарманың ішкі қызметін цифрландыру шараларын жүзеге асыруға;
- Қызметтік міндеттерін орындау кезінде ақпараттық қауіпсіздік
бойынша талаптарды сақтауға міндетті.
Құқықтары:
- Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіптік деңгейі
мен біліктілігін көтеруге;
- Осы Ережеде көзделген міндеттерге байланысты, жұмысты жетілдіру мақсатында ұсыныстар енгізуге;
- Өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіпте сұратуға;
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, Басқармаға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асыруға;
- Басқарма құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысу үшін мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
- ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптары көлемінде құқықтары мен міндеттерін иелене алады.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіліктерді иеленеді.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқарманың жұмыс бөлімі жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Басқарма басшысы осы мақсатта:
1) Олардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Құрылымдық бөлімшенің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшысының және мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы (мамандары):
1) Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі қызметін үйлестіреді;
2) Бөлім басшысы болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты (бас маман) жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) Басқарманың құрылымдық бөлімшесінің басшылығы басқарма басшылығымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын (маман) адам қол қояды.