Құрметті өңір тұрғындары!
Төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірдегі халықты жұмыспен қамту мақсатында "Жұмыспен қамтудың жол картасы"әзірленіп, бекітілгенін хабарлаймыз.
Қабылданған Жол картасының негізгі мақсаты:
- жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмау;
- қосымша жұмыс орындарын құру және табыстың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
Маңғыстау облысында жоспарды іске асыру үшін барлығы 144 жоба қамтылады, бұл 8495 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыру шеңберінде уақытша жұмысқа орналасу үшін ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құру үшін де мүмкіндік туды.
Жол картасы келесі жұмыс түрлері мен объектілер бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді:
Әлеуметтік-мәдени нысандар-63 жоба, онда 2829 жұмыс орны құрылып, 1387 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасады;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық-37 жоба, онда 2829 жұмыс орны құрылып, 1414 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасады;
Инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілері-30 жоба, онда 1382 жұмыс орны құрылып, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 792 адам жұмысқа орналасатын болады.;
Елді мекендерді абаттандыру бойынша 13 жоба бар, онда 1455 жұмыс орны құрылып, 753 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасады.
Ақтауда 20 жобаны, Жаңаөзенде 16 жобаны, Бейнеу ауданында 12 жобаны, Қарақия ауданында 14 жобаны, Маңғыстау ауданында 14 жобаны, Мұнайлы ауданында 9 жобаны және Түпқараған ауданында 18 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Жол картасы шеңберінде жұмысқа орналасу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуі қажет