GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
09 июля 2025
БАСҚАРМАҒА БАҒЫНЫШТЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 74/1 ғимарат, К7 GROUP  Бизнес орталығы 7-қабат, 130000, телефон: 8(7292) 421234, sport@mangystau.gov.kz.  

БАСҚАРМАҒА БАҒЫНЫШТЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

  • Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

Конкурсқа қатысушыларға біліктілікке қойылатын талаптар:

Кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;

Еңбек өтілі:

Дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-075/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау интернет- ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен кейін аяқталады.

 

09 июля 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқарамасы ағымдағы жылдың 15 шілдесі жария талқылау өтетіндігін хабарлайды.

30 июня 2025
БАСҚАРМАҒА БАҒЫНЫШТЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 74/1 ғимарат, К7 GROUP  Бизнес орталығы 7-қабат, 130000, телефон: 8(7292) 421234, sport@mangystau.gov.kz.  

БАСҚАРМАҒА БАҒЫНЫШТЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

  • Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау облысының қысқы спорт түрлері бойынша балалар - жасөспірімдер спорт мектебі»  коммуналдық   мемлекеттік мекемесі;
  • Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Конкурсқа қатысушыларға біліктілікке қойылатын талаптар:

Кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;

Еңбек өтілі:

Дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-075/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау интернет- ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен кейін аяқталады

Спорт мекемелері
28 апреля 2025
Нормативтік құқыктық актілер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен Маңғыстау

облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында бухгалтерлік,

қаржылық есептіліктер бойынша, спорт саласына қатысы бар, қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Заңнамалары, нормативтік құқыктық актілер

бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу аясында дөңгелек үстел өткізілді.

22 января 2024
Өңір спортын жетілдіру мақсатында қолға алынған спорт түрлерін жүйелендіру бойынша ресми ақпарат
Өңір спортын жетілдіру мақсатында қолға алынған спорт түрлерін жүйелендіру бойынша ресми ақпарат:
 
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өңір спортының стратегиялық дамуының басым бағыттары бойынша бірқатар жоспарлар жасақталғанын хабарлайды.
 
Спорт саласындағы қордаланып, шешімін таппай келе жатқан проблемалардың бар екенін ескере отырып, спорт саласына түбегейлі өзгерістер қажеттілігі туындады.
 
Алға қойылған бірқатар жоспарлар қатарында спортты жетілдіру, мықты спортшыларды дайындау, бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін спорт түрлерін жүйелендіру қолға алынды.
 
Спорт түрлерін жүйелендіру - бұл процесс облыстағы әр түрлі спорт түрлерінің мамандандырылған бір спорт мекемесіне жұмылдыру арқылы, спорт түрлерін жетілдіру, алға қойылған нәтижеге қол жеткізуге бағытталатын жоспар. Заң жүзінде спорт үйірмелер бір орталыққа біріктіріледі, алайда жаттығу орындары өзгермейді.
 
Спорт басқармасына қарасты спорт мекемелерінде тіркелген спортшылар, тұрақты түрде қатысып жүрген спорт секцияларында қалады және бапкерлері де ауыспайды. Яғни спортшының тұрақты жаттығатын спорт залы өзгермейді.
 
Айта кетсек, балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі әр түрлі спорт түрлерінен жаттықтырушылардың айлық ақыларын сақтай отырып және спортты жетілдіру топтарымен бірге тіркеледі. Және ол үшін балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің арасында өзара 5 жылға меморандум жасақталады.
 
Бүгінгі күннің басты міндеті - өңір спортын жан-жақты жетілдіріп, тиімді реформаларды жүзеге асырып республикалық, халықаралық деңгейде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
 
Соңғы бес жылда спорттағы жетістіктер бойынша Маңғыстау облысының спорты республикада төменгі сатыға тұрақтауы мәселелердің түйінін шешуге бағытталған реформа қажет екенін аңғартты.
Сол мақсатта өңірде болашақта жүзеге асырылуы тиіс шаралар жіті ойластырылып, жаңа реформалар мен тың бастамалар жалғасын табатын болады.
Спорттық іс-шаралар
20 ноября 2023
“Astana 2024” 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми логотипі

2024 жылдың 8-14 қыркүйек күндері Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми логотипі

06 ноября 2023
Аймақ басшысы Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдады
Аймақ басшысы Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдады
4 қарашада Нұрлан Ноғаев Азия ойындарында Қазақстан құрама командасының құрамында өнер көрсетіп екінші орын иеленген Маңғыстау облысының волейболшыларымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуге Қазақстан құрама командасының мүшесі болып табылатын Маңғыстау параволейболшысы Ерболат Алтаев қатысты. Сондай-ақ, қонақтар арасында Парапауэрлифтинг бойынша Пара ойындарға қатысқан Ғани Есентеміров, үстел пара теннисшісі-Мейірбек Өтепов, сонымен қатар, жаттықтырушылар Құралбек Сейдов пен Нұралы Құлышов, Сүйіншалиев Арслан және Наурызбек Бақтығұл болды.
Нұрлан Ноғаев спортшылардың пара-спортты дамытуға қосқан маңызды үлесін жоғары бағалап, олардың қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті.
- Азия Пара ойындарында Маңғыстаудан келген спортшыларымыз табандылық пен батылдықтың нағыз үлгісін көрсете білді. Олардың жетістіктері бізді таң қалдырып қана қоймайды, тағдырдың қиындығына қарамастан жеңілмей күресуге, табанды болуға шабыттандырады. Сіздер аяққа тұрып қана қоймай, барлығына өздеріңіздің шексіз мүмкіндіктеріңізді дәлелдедіңіздер, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында келесі жылы Париждегі Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
Азия пара ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 22-28 қазан аралығында өтті. Жарысқа 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, оң нәтижеге қол жеткізді.
Кездесу соңында Нұрлан Ноғаев спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.
31 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
Қазақстан командасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында параволейболдан күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасында маңғыстаулық спортшы Ерболат Алтаев өнер көрсетті. Жаттықтырушылары Құралбек Сейдов және Нұралы Кулушов.
Ерболат Алтаев - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионы.
Алтын медаль үшін тартысты ойында Қазақстан құрамасы Иран командасына есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға жолдама алған болатын.
Сондай-ақ, IV жазғы Азия Пара ойындарына маңғыстаулық Халықаралық дәрежедегі төреші Аян Рахметов төрешілік етті.
26 октября 2023
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды.
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды.
Бүгін, 24 қазанда Нұрлан Ноғаев облыс активіне өз еркімен қызметінен кеткен Қанат Жұмабаевтың орнына келген Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Басқарманың жаңа басшысы болып бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған Мақсат Мұқаш келді.
Мақсат Мұқаш Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2021-2023 жылдар аралығында VII шақырылымдағы Жаңаөзен қалалық маслихатының депутаты. «Ақ жол» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының жетекшісі болды.
Еңбек жолын 2013 жылы Жаңаөзен қаласының №7 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып бастаған.
2016-2017 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы, Қызылсай елдімекенінің №3 балалар мен жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары.
2018-2019 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы, Қызылсай елдімекенінің №3 балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры.
2019 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін Жаңаөзен қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болды.
2023 жылдың 29 маусымнан бастап Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Қанат Жұмабаевқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, басқарманың жаңа басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
23 октября 2023
#RepublicDayMangystau #РеспубликакүніМаңғыстау
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы