Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге
қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның
ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу
қағидалары бекiтiлсiн.
2. "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының
Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай
өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен
ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi
қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға
жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар
тәртібін айқындайды.".
9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысымен
бекiтiлген
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет
мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет
мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан
әрі – Қағидалар) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының шегiнде және
шет мемлекеттерге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбiн
айқындайды.
2. Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан
тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ
қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу
болып табылады.
2-1. Мемлекеттік органдар қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға
арналған шығыстарды өтеудің ішкі тәртібін өз қызметінің ерекешелігін ескере отырып
осы Қағидаларда көзделген нормаларға сәйкес дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.
Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға арналған
шығыстарын өтеу тәртiбi
3. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:
1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
тәулiкақы төленедi;
2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:
мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары,
жауапты хатшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері,
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін
тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы,
Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – тәулiгiне айлық есептiк
көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар
қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан
орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай
ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен
аспауға тиiс;
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі
шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және
Байқоңыр қалаларында - тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген
мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік
көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы
бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық
есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық
есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру
бойынша (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын
жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен
отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде
темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан,
қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (
ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ
жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген
жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, аталған көлік құралдары болмаған немесе
іссапар шұғыл болған кезде) орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (
белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi
жүктелген лауазымды адамның), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк
мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде
жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға
арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе
көлiгiмен экономикалық класс тарифі бойынша; мемлекеттік органның басшысына,
мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, орталық
атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы
органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамға), ал
мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол
жүрген кезде экономикалық класс тарифі бойынша; Қазақстан Республикасының
Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты
Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің
Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының
орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, оның
бірінші орынбасарына және орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысына, оның орынбасарларына, Қазақстан
Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан
Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасының көмекшілеріне және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде "
Бизнес" класс тарифі бойынша;
4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньға қоюдың, iссапарға
жiберiлген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезiнде поездарда
төсек-орын жабдықтарын пайдаланудың құны, сондай-ақ жол жүру билеттерін
қайтарғаны немесе ауыстырғаны үшін комиссиялық алымдар мен айыппұлдарды осы
шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;
5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру
құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген
көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi;
6) темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекен шегінен тыс
орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жол жүру
бойынша;
7) мемлекеттік мекеменің басшысы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші
басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, орталық
атқарушы органның жауапты хатшысы жақын аудан және облыс орталықтарына
қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген кезде көлік шығыстары;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тікелей рейс болмаған жағдайда,
мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру
жөніндегі шығыстар 161 "Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар" ерекшелігі
бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте шақыру бойынша мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу)
орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар шақырушы тараптың қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді – 26.03.2019 № 140; 13.06.2019 № 403; 21.11.2019 № 865
қаулыларымен.
4. Іссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты тұратын жерiне күн сайын қайту
мүмкiндiгi болатын жерге iссапарға жiберiлген кезде шығыстар мынадай тәртiппен
өтеледi:
1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен
iссапар орнында қалса, онда тәулiкақыларды өтеу және көлiктiк шығыстарға ақы төлеу
осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып
келсе, онда тәулiкақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көлiктiк шығыстар
ғана өтеледi.
Қызметкердің iссапар орнынан тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келе алуы
– келе алмауы туралы мәселені әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк
қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ
қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға
жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (
белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi
жүктелген лауазымды адам), ал мұндайлар болмаған жағдайда – осы мемлекеттiк
мекеме басшысы шешедi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
5. Iссапарға жiберiлген қызметкерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында
оған жалпы негіздермен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (
iссапарға жiберiлген қызметкер стационарлық емдеуде жатқан жағдайды қоспағанда)
және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрақты
жұмыс орнына қайтып келгенше барлық уақыт ішінде, бiрақ 40 күннен артық емес
уақыттың iшiнде тәулiкақы төленедi.
Іссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы, сондай-ақ
денсаулық жағдайы бойынша тұрақты жұмыс орнына келе алмауы белгіленген
тәртiппен куәландырылуы тиiс.
Уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiнде iссапарға жiберілген қызметкерге жалпы
негіздермен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы
төленедi. Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерi iссапардың мерзiмiне енгiзiлмейдi.
6. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын,
тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және
тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде
іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар
туралы есеп береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу
тәртiбi
7. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезінде мынадай шығыстар өтеледi:
1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан
Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы,
сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жұбайлары), Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге
жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстар 1-сынып
бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;
2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары
Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы,
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы,
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының
орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері
, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы,
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің
кеңесшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының
кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі
хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей
бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық
атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының
тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл,
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің
басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің
құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар
басшыларының орынбасарлары, орталық атқарушы органдар басшыларының бірінші
орынбасарлары және орынбасарлары, жауапты хатшылары, Қазақстан
Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі
Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері
жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін
Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі қызмет
бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар "Бизнес" класс
авиабилетінің құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың бірінші басшылары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде осы тармақшаның
екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шет елге
шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі;
4) басқа мемлекеттiк қызметшілер қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол
жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Экономикалық" сыныпты
авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;
5) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тұрғын үй-жайды
жалдау бойынша шығыстарын өтеудің нормалары (тәулігіне бір адамға):
осы тармақтың көрсетілген лауазымды адамдар 1) тармақшасында үшін іс жүзіндегі
шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің
басшыларын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің
құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті
тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын,
орталық атқарушы органдар басшыларының бірінші орынбасарларын және
орынбасарларын, жауапты хатшыларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік
сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының
арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі
арнайы өкілін, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық
комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесін қоспағанда, осы
тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін – люкс
сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық
бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік
органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық атқарушы
органдардың жауапты хатшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар,
астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда
ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы
өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі,
Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі үшін –
жартылай люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны
бойынша;
осы екiншi, үшiншi, төртінші абзацтарында көрсетілмеген тармақшаның басқа
мемлекеттiк қызметшілер үшiн стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдiң бiр
орындық нөмiрiнiң құны бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен,
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасымен, Қазақстан
Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысымен бірге жүретін адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша
, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;
өткізу кезеңінде қонақүйде тұру құны Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрімен келісу бойынша қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша
шығыстарды өтеудің бекітілген шекті нормаларынан асатын халықаралық іс-шараларға
Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында қатысатын адамдар үшін – іс
жүзіндегі шығындар бойынша;
әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдерге іссапарға жіберілген адамдар үшін
- іс жүзіндегі шығыстар бойынша. Әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдердің
тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды;
6) құзыретіне Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде,
шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету
жөніндегі жұмысқа қатысу кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының
ұзақтығы 41 күннен 180 күнге дейінгі үздіксіз ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік
іссапарларына стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің
құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі
шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;
7) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік және
қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстары мынадай нормалар бойынша АҚШ
долларымен және евромен өтеледі:
Қонақ үй нөмірлерінің сыныптамасы
Р/с
№ Мемлекет
Тәуліктік люкс жартылай
люкс
стандарт
А Қ Ш
доллары
евро
А Қ Ш
доллары
евро
А Қ Ш
доллары
евро
АҚШ
доллары
евро
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1. Аустрия Республикасы 80 435 320 230
2. Аустралия 90 400 300 250
3. Әзербайжан Республикасы 80 250 200 150
4. Албания Республикасы 80 180 150 120
5. Алжир Халық Демократиялық
Республикасы
80 150 120 100
6. Антигуа және Барбуда 80 180 150 120
7. Аргентина Республикасы 80 330 210 120
8. Мысыр Араб Республикасы 90 200 175 120
9. Багам Аралдары Достастығы 80 150 120 100
10. Белиз 80 150 120 100
11. Бермуд аралдары 80 150 120 100
12. Босния және Герцеговина 80 195 160 125
13. Бруней-Даруссалам Мемлекеті 90 180 140 120
14. Вануату 80 150 120 100
15. Шығыс Самоа 80 150 120 100
16. Уругвай Шығыс Республикасы 80 150 120 100
17. Люксембург Ұлы Герцогтігі 80 405 205 110
18. Габон Республикасы 80 150 120 100
19. Бахрейн Корольдігі 90 300 240 100
20. Қатар Мемлекеті 90 400 270 130
21. Израиль Мемлекеті 90 330 250 160
22. Кувейт Мемлекеті 90 330 240 150
23. Грек Республикасы 80 285 230 185
24. Доминикан Республикасы 80 150 120 100
25. Мадагаскар Демократиялық
Республикасы
80 150 120 100
26. Сан-Томе және Принсипи
Демократиялық Республикасы
80 150 120 100
27. Судан Республикасы 80 150 120 100
28. Шри-Ланка Демократиялық
Социалистік Республикасы
80 150 120 100
29. Шығанақтағы аумақтар 80 150 120 100
30. Иордан Хашимит Корольдігі 80 180 140 120
31. Ирак Республикасы 80 180 140 110
32. Иран Ислам Республикасы 80 250 180 130
33. Ирландия 80 405 250 165
34. Италия Республикасы 80 375 290 205
35. Йемен Республикасы 80 150 120 100
36. Ауғанстан Ислам Республикасы 80 150 120 100
37. Мауритания Ислам Республикасы 80 150 120 100
38. Пәкістан Ислам Республикасы 80 290 180 155
39. Дания Корольдігі 80 400 225 150
40. Андорра Княздігі 80 150 120 100
41. Бельгия Корольдігі 80 310 250 165
42. Гайана Кооперативтік Республикасы 80 150 120 100
43. Испания Корольдігі 80 330 250 205
44. Кайман аралдары 80 150 120 100
45. Камбоджа Корольдігі 80 150 120 100
46. Кампучия 80 210 190 180
47. Канада 100 300 285 150
48. Корей Халық Демократиялық
Республикасы
80 450 250 150
49.
Қытай Халық Республикасы 100 220 180 150
Гонконг қаласы 100 220 180 150
50. Қырғыз Республикасы 80 275 130 100
51. Лесото Корольдігі 80 150 120 100
52. Лихтенштейн Князьдігі 80 405 205 110
53. Марокко Корольдігі 80 230 200 180
54. Непал Корольдігі 80 150 120 100
55. Нидерланд Корольдігі 80 305 250 165
56. Норвегия Корольдігі 80 390 330 250
57. Сауд Арабиясы Корольдігі 90 400 180 130
58. Свазиленд Корольдігі 80 150 120 100
59. Таиланд Корольдігі 90 300 240 130
60. Тонго Корольдігі 80 150 120 100
61. Швеция Корольдігі 80 530 355 200
62. Лаос Халық- Демократиялық
Республикасы
80 150 120 100
63. Латвия Республикасы 80 175 130 85
64. Ливан Республикасы 80 260 150 100
65. Ливия 80 165 120 100
66. Литва Республикасы 80 165 125 100
67. Макао 80 150 120 100
68. Малави 80 150 120 120
69. Мальдив Республикасы 80 150 120 100
70. Мексикалық Біріккен Штаттары 80 230 180 125
71. Монако Княздігі 80 525 305 175
72. Моңғолия Республикасы 80 150 120 100
73. Мьянма Одағы Республикасы 80 150 120 100
74. Конго Халық Республикасы 80 150 120 100
75. Жаңа Зеландия 80 300 240 150
76. Бангладеш Халық Республикасы 80 200 150 100
77. Палау Республикасы 80 150 120 100
78. Біріккен Араб Әмірліктері 90 460 220 160
79. Танзания Біріккен Республикасы 80 150 120 100
80. Папуа Жаңа Гвинея 80 160 130 100
81. Португалия Республикасы 80 265 210 150
82. Пуэрто-Рико 80 150 120 100
83. Ангола Республикасы 80 180 150 120
84. Армения Республикасы 80 200 170 130
85. Барбадос Республикасы 80 150 120 100
86. Беларусь Республикасы 80 315 120 100
87. Бенин Республикасы 80 150 120 100
88. Болгария Республикасы 80 380 200 130
89. Көпұлтты Боливия Республикасы 80 150 120 100
90. Ботсвана Республикасы 80 150 120 100
91. Мажарстан 80 285 215 125
92. Венесуэла Боливаршыл Республикасы 80 260 210 110
93. Вьетнам Социалистік Республикасы 80 200 150 100
94. Гаити Республикасы 80 150 120 100
95. Гамбия Республикасы 80 150 120 100
96. Гана Республикасы 80 150 120 100
97. Гватемала Республикасы 80 150 120 100
98. Гвинея Республикасы 80 150 120 100
99. Гвинея-Бисау Республикасы 80 150 120 100
100
.
Буркино Фасо Республикасы 80 150 120 100
101
.
Бурунди Республикасы 80 150 120 100
102
.
Гибралтар Республикасы 80 150 120 100
103
.
Гондурас Республикасы 80 150 120 100
104
.
Гренада 80 150 120 100
105
.
Грузия 80 180 150 100
106
.
Джибути Республикасы 80 150 120 100
107
.
Заир Республикасы 80 150 120 100
108
.
Замбия Республикасы 80 185 150 120
109
.
Зимбабве Республикасы 80 165 130 100
110
.
Үндістан Республикасы 80 300 250 150
111
.
Индонезия Республикасы 80 260 230 217
112
.
Исландия Республикасы 80 315 210 115
113
.
Кабо-Верди Республикасы 80 150 120 100
114
.
Камерун Республикасы 80 150 120 100
115
.
Кения Республикасы 80 185 150 120
116
.
Кипр Республикасы 80 265 210 150
117
.
Колумбия Республикасы 80 220 200 160
118
.
Коста-Рика Республикасы 80 150 120 100
119
.
Код-д'Ивуар Республикасы 80 150 120 100
120
.
Куба Республикасы 80 340 270 150
121
.
Корея Республикасы, Сеул қаласы 90 530 250 210
122
.
Либерия Республикасы 80 150 120 100
123
.
Маврикий Республикасы 80 150 120 100
124
.
Мали Республикасы 80 150 120 100
125
.
Македония Республикасы 80 190 165 115
126
.
Мальта Республикасы 80 230 180 120
127
.
Мозамбик Республикасы 80 180 130 100
128
.
Молдова Республикасы 80 190 150 100
129
.
Намибия Республикасы 80 150 120 100
130
.
Нигер Республикасы 80 175 140 120
131
.
Никарагуа Республикасы 80 150 120 100
132
.
Панама Республикасы 80 150 120 100
133
.
Парагвай Республикасы 80 145 120 100
134
.
Перу Республикасы 80 245 200 140
135
.
Польша Республикасы 80 330 180 125
136
.
Эль-Сальвадор Республикасы 80 150 120 100
137
.
Сенегал Республикасы 80 150 120 100
138
.
Сингапур Республикасы 90 500 300 200
139
.
Словения Республикасы 80 195 165 125
140
.
Суринам Республикасы 80 150 120 100
141
.
Сьерра Лион Республикасы 80 240 160 100
142
.
Тәжікстан Республикасы 80 170 130 100
143
.
Тринидад және Тобаго Республикасы 80 150 120 100
144
.
Уганда Республикасы 80 180 140 100
145
.
Өзбекстан Республикасы 80 315 180 100
146
.
Украина 80 315 180 120
147
.
Филиппин Республикасы 90 280 220 150
148
.
Хорватия Республикасы 80 260 195 125
149
.
Чад Республикасы 80 150 120 100
150
.
Чили Республикасы 80 240 180 110
151
.
Эквадор Республикасы 80 150 120 110
152
.
Ресей Федерациясы 80 450 280 220
153
.
Руанда Республикасы 80 150 120 100
154
.
Румыния 80 280 185 130
80 580 390 215
155
.
Ұлыбритания және Солтүстік
Ирландия Құрама Корольдігі
80 550 375 205
156
.
Самоа 80 150 120 100
157
.
Сан-Марино Республикасы 100 320 250 180
158
.
Сейшель аралдары 80 150 120 100
159
.
Сент-Люсия 80 150 120 100
160
.
Сирия Араб Республикасы 80 260 180 110
161
.
Словак Республикасы 80 190 165 125
162
.
Соломон аралдары 80 120 110 100
163
.
Сомали Республикасы 80 150 120 100
164
.
Америка Құрама Штаттары 100 525 400 260
Нью-Йорк қаласы 100 1200 1000 575
165
.
Оман Сұлтандығы 90 300 240 120
166
.
Фиджи Егеменді Демократиялық
Республикасы
80 150 120 100
167
.
Сербия және Черногория 80 205 165 125
168
.
Тайвань 80 150 120 100
169
.
Тоголез Республикасы 80 150 120 100
170
.
Тунис Республикасы 80 150 120 100
171
.
Түрікменстан 80 240 180 120
172
.
Түркия Республикасы 100 350 230 180
173
.
Бразилия Федеративтік Республикасы 80 330 210 150
174
.
Германия Федеративтік Республикасы 80 400 210 165
175
.
Комор Аралдары Федералды Ислам
Республикасы
80 150 120 100
176
.
Финляндия Республикасы 80 400 300 200
177
.
Француз Республикасы 80 415 290 230
178
.
Малайзия 90 300 270 170
179
.
Нигерия Федеративтік Республикасы 80 150 120 100
180
.
Эфиопия Федеративтік
Демократиялық Республикасы
80 240 180 120
181
.
Чех Республикасы 80 255 210 125
182
.
Швейцария Конфедерациясы 80 415 290 230
183
.
Экваторлық Гвинея 80 150 120 100
184
.
Эстония Республикасы 80 330 175 125
185
.
Оңтүстік Африка Республикасы 80 190 160 100
186
.
Ямайка 80 180 150 120
187
.
Жапония 100 360 325 220
;
7-1) валютаны есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгеге
аударылған күнге белгілеген бағам қолданылады;
8) осы тармақтың көзделген тәуліктік 7) тармақшасында шығыстарды өтеудің
нормалары осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдардың ұзақ
мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына да қатысты қолданылады.
9) іссапарға жіберілген адам шетелге баратын кезде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде
Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік
шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.
Егер жол жүру құжатына сәйкес Қазақстан Республикасынан ұшып шығу (кету)
ағымдағы тәуліктің 21:00 сағатынан кеш жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне
қосылмайды.
Егер жол жүру құжаттарына сәйкес шет мемлекеттен ұшып шығу (кету) ағымдағы
тәуліктің 00:00-ден – 03:00-ге дейінгі сағаттары аралығында жүзеге асырылса,
Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік
шекарасын кесіп өту күні іссапар мерзіміне қосылмайды.
10) егер қабылдаушы тарап осы тармақта көрсетілген қандай да бір іссапар
шығыстарын өзінің есебінен төлеген жағдайда, тиісті іссапар шығыстарын төлеуге
қаражат бөлінбейді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.10.2018 № 694 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2019 № 403 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы
" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысы (
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 44-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16
қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).
4. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы
" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9
желтоқсандағы № 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79
, 682-құжат).
5. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы
" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8
желтоқсандағы № 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62,
490-құжат).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК