Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат

 

  1. Жеке тұлға қызмет көрсету саны: 4938 (Мемлекеттік корпорация арқылы-1229, портал арқылы-162, қызмет берушінің кеңсесі арқылы-3547)

1.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесімен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы жеке тұлғаға 895 бұйрық көшірмесі беріліп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 28 қазандағы «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» № 56 бұйрығының талаптарына сәйкес болмауы себебінен бас тарту бойынша Мемлекеттік корпорация арқылыжеке тұлғаға 113 дәлелді бас тарту хаттары берілді.

       1.3.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесімен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын бойынша Портал арқылы жеке тұлғаға 113 бұйрық көшірмесі дайын туралы хабарлама жолданды.

       1.4.Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне Қызмет берушінің кеңсесі арқылыжеке тұлғадан 3547 құжатқабылданды.

  1. Заңды тұлға қызмет көрсету саны: 11 (портал арқылы-9)

2.1. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша қоғамдық бірлестігінің өтініштері қанағаттандырылып, Портал арқылы заңды тұлғаға 5 куәлік дайын туралы хабарлама жолданды.

            Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту және қызмет алушыларға түсіндіріу жұмыстарын жүргізу бойынша Басқармаға қарасты мекемелерде «Электрондық цифрлық қолтаңба алып, қызметтерді электрондық түрде ал» акциясы 11 рет өткізіліп, қызмет алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған акциялар барлығы 129 адамды қамтыды.

Мемлекеттік органның кінәсімен белгіленген мерзімді бұзылып, көрсетілген қызметтер саны: 0

Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыз-шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

I-II тоқсандар бойынша есепке түзету енгізіліп, жылдық есеп қайта жасақталды. Аталған кемшілік бойынша қызметтік жазба жазылып, жауапты маманға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы мемлекеттік қызметке жауапты маманның біліктілігін арттыру бойынша оқуға өтінім берілді.

 

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат
Дата публикации
22 января 2024