Маңғыстау облысының жан басына шаққандағы мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша қаражат көлемі
Маңғыстау облысында жан басына шаққандағы мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 2023 жылы 103 өнім берушінің өтіні келісілген болатын. Жыл басында 1 300 000 мың қаражат, ал мамыр айында қосымша 277 040 мың теңге қаражат, барлығы 1 577 040 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда белсенді ваучер саны 9532. Кезек саны 3100 бала. Ағымдағы жылдың 9 айында игерілген қаражат көлемі 1 048 366 мың теңге.
Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан 2024 жылға жан басына шаққандағы мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 1 356 600 мың теңгеге бюджеттік сұраным жасақталды.