Басқармамен көрсетілетін қызмет түрлері

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі

2023 жылғы 6 ай бойынша ақпараты

 

         Басқарма тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны – 4. Кіші қызмет саны -14.

  1. 01204009   Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу(«электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылыжүргізіледі;
  2. 02501005   Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беруқызмет түрінің 10 кіші қызмет түрі бар:

- Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат;

- 1-разрядты спортшы ;

- біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы;

- біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;

- біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы;

- біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;

- біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер;

- біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер;

- біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы;

- бірінші санатты спорт төрешісі;

 («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүргізіледі;

  1.       025010087 Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру  қызмет түрінің 2 кіші қызмет түрі бар:

         - Спорт мектептеріне "мамандандырылған" мәртебе беру;

         - Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру;

          («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылыжүргізіледі;

  1.             00403014    Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау қағаз түрінде(қызмет берушінің кеңсесі), «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылыжүргізіледі;

 

         Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша көрсетілген қызметтер саны барлығы 1666.

         Оның ішінде:

  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша 7 өтініш түсіп, 3 федерация акредиттеуден өтті.
  • Спортшыларға разрядтар, жаттықтырушыларға санатар және төрешілік санаты бойынша 776 өтініш түсіп, 582 өтініш берушіге бұйрық көшірмесі жолданды.
  • Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы 2 өтініш түсіп, 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшесіне мамандандырылған деген мәртебе берілді.
  • Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау бойынша 889 өтініш түсті.

         Сәуір айында басқармаға қарасты барлық мекеме басшыларының және Маңғыстау облысының мемлекеттік қызмет істері депортаментінің өкілінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 28 қазандағы «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» № 56 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы баяндалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

     2023 жылдың 6 айы бойынша мерзім бұзушылық және арыз шағым жоқ.

        

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2023 жылғы 6 ай бойынша ақпараты
Дата публикации
23 августа 2023