Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жылғы І-ші тоқсан есебіне талдамалық анықтама

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі  жылғы І-ші тоқсан есебіне талдамалық анықтама

 

«Мемлекеттік            көрсетілетін   қызметтер      туралы»         Қазақстан      Республикасының            2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы            3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына,  «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы       

№ 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы   144 бұйрығына, «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы           28 қазандағы № 56 бұйрығына, «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 108 бұйрығына, «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес, Басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетіледі. Атап айтқанда:

  1. 02501002 Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу («электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүргізіледі;
  2. 02501005 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүргізіледі;
  3. 02501007 Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүргізіледі;
  4. 00403014       Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау қағаз түрінде (қызмет берушінің кеңсесі)арқылы;

 

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2021 жылдың І-ші тоқсанның есепке алу нәтижелеріне сәйкес: 

Көрсетілген қызметтер саны: 635,  Оның ішінде,

Қызмет берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсету саны: 493 (жеке тұлға), Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету саны: 109 (жеке тұлға),  Портал арқылы қызмет көрсету саны: 33 (жеке тұлға-30, Заңды тұлға-3). 

 

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесімен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыспортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын бойынша 136 бұйрық көшірмесі берілді.
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 28 қазандағы «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» № 56 бұйрығының талаптарына сәйкес болмауы себебінен бас тарту бойынша 31 анықтамалық хат берілді.
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша қоғамдық бірлестігінің өтініштері қанағаттандырылып, жергілікті атқарушы орган арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне сәйкес 3 куәлік берілді.

 

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау саны: 493

 

Мемлекеттік органның кінәсімен белгіленген мерзімді бұзылып, көрсетілген қызметтер саны: 0

 

Спорт басқарманың жоспарына сәйкес, ІІ тоқсанда спорт түрлері бойынша жергілікті аккредиттелген федерация мамандарымен мемлекеттік қызмет алу бойынша дұрыс толтыруға қатысты дөңгелек үстел өткізу жоспарланды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Басқарма басшысы:                                                Қ. Жұмабаев

 

 

 

Орындаушы:                                                    Ж. Бисенкулов

 

 

 

 

07.04.2021 жыл

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жылғы І-ші тоқсан есебіне талдамалық анықтама
Дата публикации
19 октября 2021