Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10095 тіркелді.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Министр |
А. Мұхамедиұлы |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-1. Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-1. Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібі
Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Құжаттарды қарау үшін уәкілетті органның жанынан кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.
1) спорт федерациясын аккредиттеу;
2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы ұсыныс жасайды.
Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Куәліктің телнұсқасын беруге өтініш берген кезде (егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.
Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген кезде спорт федерациясы уәкілетті органға портал арқылы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Куәлікті қайта ресімдеуге өтініш берген кезде уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.
"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Құжаттарды қарау үшін жергілікті атқарушы орган жанынан кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.
1) спорт федерациясын аккредиттеу;
2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы ұсыныс жасайды.
Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
27-1. Куәлік жоғалған жағдайда, спорт федерациясы бұл туралы оны берген жергілікті атқарушы органды хабардар етеді және куәліктің телнұсқасын беру туралы портал арқылы өтініш береді.
Куәліктің телнұсқасын беруге өтініш берген кезде (егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.
Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген кезде спорт федерациясы куәлікті қайта ресімдеу туралы жергілікті атқарушы органға портал арқылы өтініш береді.
Куәлікті қайта ресімдеуге өтініш берген кезде жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.
27-2. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұрау салуды) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
27-3. Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган берілген куәліктерді тіркеуді жүргізеді.
27-4. Спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы:
спорт түрін (түрлерін) ағымдағы жай - күйін және дамуын талдауды, соның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдарын құру және дамыту туралы;
халықтың әртүрлі топтары арасында өткізілген және жоспарланған спорттық іс-шаралар бойынша;
спорт жарыстарына және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың денсаулығын қорғауды және нығайту шарттары туралы;
дене шынықтыру және спорт саласындағы спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды жаттығуға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету туралы;
спорт федерациясының қызметін қаржыландыру көздері туралы;
спорт түрін (түрлерін) жақсарту бойынша ұсыныстар туралы ақпаратты қамтиды.
3-тарау. Спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлікті тоқтату, қайта жаңарту және қайтарып алу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) аккредиттелген спорт федерациясы Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтары, 12-бабының 2 және 4-тармақтарымен белгіленген талаптарды орындамауы немесе дұрыс орындамауы;
2) спорт (түрі) түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламада қарастырылған іс-шаралар орындалмауы;
3) қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа спорт федерациясы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңның 7-бабына сәйкес республикалық немесе өңірлік мәртебесін сәйкесінше растамаса;
4) спорт федерациясының және (немесе) оның филиалдарының әрекетсіздігі (мәліметке уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінен және оның аумақтық органдарынан тиісінше мәліметтерге жылына бір реттен жиілетпей сұрау салады).
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.05.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімде куәлікті тоқтатуға негіздеме болған себептер жойылмаса;
2) құқықтық мирасқорлықты қарастырмайтын қайта құру кезінде немесе спорт федерациясы таратылғанда.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 4-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
|
Спорт федерацияларын |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2. |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні; |
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды. |
|
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Заңды тұлғаларға тегін. |
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа. |
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін: |
|
9. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10. |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
Спорт федерацияларын |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2. |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні; |
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды. |
|
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Заңды тұлғаларға тегін. |
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа. |
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін: |
|
9. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10. |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
Спорт федерацияларын |
|
|
Нысан |
Спорт федерациясын аккредиттeу туралы
КУӘЛIК
№_____
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе
жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі)
________________________________________________________________________________
(мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы және
________________________________________________________________________________
және заңды мекенжайы)
________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы немесе облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе
астана көрсетіледі)
________________________________________________________________________________
(спорт түрі (түрлері) көрсетіледі)
дамыту бойынша өкiлеттiктерi мен құқықтарын растайды.
Мөр орны_____________________ __________________________________________________
(қолы) (уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы
органның басшысының тегi, аты, әкесінің аты)
Берілген күні: 20 __ ж. "___" _______
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК