Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет дәне спорт министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 тамызда № 15562 болып тіркелді
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов
2017 жылғы 28 шілде
|
|
Қазақстан Республикасы |
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне арналған жүлделер құнының мөлшері
|
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстарда орын алған чемпиондар мен жүлдегерлер |
Жүлделер құнының мөлшері, теңге |
|
|
Команда үшін |
Спортшы үшін |
|
|
Чемпион (1-орын алған спортшы/команда) |
10 000 дейін қоса алғанда |
7 000 дейін қоса алғанда |
|
Жүлдегер (2-орын алған спортшы/команда) |
9 000 дейін қоса алғанда |
6 500 дейін қоса алғанда |
|
Жүлдегер (3-орын алған спортшы/команда) |
8 000 дейін қоса алғанда |
6 000 дейін қоса алғанда |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК