2021 жылға арналған спорттың
басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған 2021 жылға арналған Маңғыстау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
- «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қ.Қ. Жұмабаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов