GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Шетелдік жұмыс күшін тарту
Мемлекеттік қызметтер
22 октября 2026
Шетелдік жұмыс күшін тартуға, жұмыс беруші компания өкілдеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шетелдік жұмыс күшін тартуға, жұмыс беруші компания
өкілдеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің  орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінін 2023 жылдың 30 маусымдағы №279 бұйрығына сай
шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі бойынша қолданыстағы
заңнаманын нормалары, олардын санаттары туралы, санаттар
бөлінісінде Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлерімен қолдану, еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған кәсіптер тізбесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

30 сентября 2026
Жұмыс берушілер назарына!

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге шығындарды субсидиялауға 2027 жылға өтінімдер жинау ағымдағы жылдың 01 қазанынан басталатынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Субсидияның мақсаты:

Арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға (бейімдеуге) кеткен жұмыс берушілердің шығындарын өтеу (жабдықтар, арнайы жиһаз, технологиялық құрал-жабдықтар сатып алу және т.б.).

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

2026 жылғы «01» қазаннан бастап 2026 жылғы «31» қазанға дейін.

Өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі:

1.    Белгіленген нысан бойынша өтініш;

2.    Мүгедектігі бар адамды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құруға жұмыс берушінің шығындарын есептеу/сметасы (құрал-жабдықтар, бейімдеу құны көрсетілген);

3.    Жұмыс берушінің деректері мен реквизиттері (БИН/ЖСН, банк шоты).

Өтінім беру тәсілі:

Өтінімдер тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жергілікті мансап орталықтарында қабылданады.

Ақтау қалалық мансап орталығы Ақтау қаласы, 29 ш/а, 24 ғимарат

Жаңаөзен қалалық мансап орталығы Жаңаөзен қаласы, Жалын ш/а,                        3Б ғимарат

Бейнеу аудандық мансап орталығы Бейнеу ауылы, Құлбатыр көшесі, 1/11 ғимарат

Қарақия аудандық мансап орталығы Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, 4 ғимарат

Маңғыстау аудандық мансап орталығы Шетпе ауылы, Орталық көше, 1/17 ғимарат

Мұнайлы аудандық мансап орталығы Маңғыстау ауылы, 14 орам,                   30 ғимарат

Түпқараған аудандық мансап орталығы Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, 2 ғимарат

Анықтама үшін байланыс :

  • Байланыс телефоны: +7 7292 30 10 97
  • E-mail:ctm_mangystau@mail.ru
Шетелдік жұмыс күшін тарту
25 августа 2026
Жұмыс берушілер назарына! Алдағы 2027 жылға ҚР-на шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптасттыру туралы

2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы

            Маңғыстау облысының жұмыспен қатуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларының» 6-тармағына сәйкес, 2027 жылға  арналған квотаға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы  жұмыс берушілерден өтінімдерді  қабылдауды бастайды.

 

            Өтінімдер 2026 жылдың 1 қазанға дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлесту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының атына жазылған тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;

2) ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН, ОКЭД (экономикалық түрі), ағымдағы жылы жұмыс жасайтын шетелдік азаматтардың саны (егер олар болса), 2027 жылы тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінін саны санаттар шегінде көрсетілген екі тілдегі кесте. Кесте толтырған кезде тартылатын шетелдік жұмыс күші бойынша толық негіздеме ұсыну қажет, сондай-ақ 2027 жылы жоспарланған жобалар, көрсетілетін қызметтер бойынша келісім-шарт, келісімдерді көрсету қажет (келісім-шарттардың көшірмелерін ұсынуды қажеті жоқ, олардың нөмірі мен мерзімдерін, сонымен қатар көрсетілетін қызметтін атауын ұсыну).

3)  өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;

Құжаттар  толық көлемде немесе бекітілген нысанға сәйкес келмеген жағдайда тапсырылған құжаттар кері қайтарылады.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қыркүйек, сағат 18:30-ға дейін.

Өтінімді қайда беру керек:

– қағаз түрінде МО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Ақтау қ, 24 ш/а, 15 ғимарат, 411каб);

– электрондық нұсқасын zh.nurgazyeva@mangystau.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі. (электронды word нұсқасын қоса жолдауыңыз қажет).

Тел: 8 (7292) 20-09-37

20-09-46 канцелярия

Қағида

Хат

Қосымша

Баспасөз орталығы
01 июля 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы хабарландыру

2026 жылдың  25 маусым бастап  Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында және басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау басталғандығын хабарлайды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту
Мемлекеттік қызметтер
25 июня 2026
Әлеуметтік еңбек саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында жиын өткізілді

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен әлеуметтік еңбек саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында жиын өткізілді. Жиын барысында “Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу” мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы талқыланды.
Кездесу барысында еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды рәсімдеу тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, құжаттарды қабылдау және қарау мерзімдерін сақтау, сондай-ақ заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, еңбек көші-қоны саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, туындаған мәселелерді шешу жолдары талқыланып, сондай-ақ көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Шетелдік жұмыс күшін тарту
Мемлекеттік қызметтер
15 июня 2026
Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы №197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы №197 бұйрығының қабылданғаның назарларыңызға салады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту
Мемлекеттік қызметтер
10 июня 2026
6 Қосымша

"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 302 бұйрығы. 

6-қосымша

Қосымша №6

Шетелдік жұмыс күшін тарту
Мемлекеттік қызметтер
10 июня 2026
8 Қосымша

"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 302 бұйрығы. 

8-қосымша
Қосымша №8

Шетелдік жұмыс күшін тарту
Мемлекеттік қызметтер
08 июня 2026
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында жиын өткізілді

2026 жылдың 4 маусымы күні «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету барысында туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында жиын өткізілді.

Аталған жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және Маңғыстау облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары қатысты.
Жиын барысында аталған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін реттейтін қағидалардың негізгі талаптары талқыланып, олардың тәжірибеде қолданылу барысы жан-жақты талданды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелер, ақпараттық жүйелердегі деректердің сәйкессіздігі мен қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, әкімшілік рәсімдерді оңайлату және ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығын күшейту бағытында пікір алмасты. Талқылау барысында анықталған мәселелерді шешу үшін қағида талаптарына өзгерістер енгізу қажеттілігі де атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді жүйелі түрде шешу, ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығын жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жоғары тұрған уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.

08 июня 2026
Өңірлік үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаевтың төрағалығымен еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік бойынша өңірлік үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында өңірдегі еңбек дауларына қатысты өзекті мәселелер қаралып, кәсіпорын басшылары мен жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар берілді.

Социальные сети
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Facebook парақшасы
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Instagram парақшасы
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы