2022-2023 жылдардағы жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша талдамалық анықтама
Жұмыспен қамту және жұмыссыздық бойынша:
2022 жыл қортындысының статистикалық мәліметтерге сәйкес облыстағы жұмыс күшінің саны 350 мың адамды құрады. Экономиканың әр түрлі салаларында 332 мың адам жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыз халық саны 17 746 адам. Сәйкесінше жұмыссыздық деңгейі 5,1 %-ды құрады.
Анықтама үшін: Ақтау – 5 887 (4,7%), Жаңаөзен – 4 152 (5,5%), Бейнеу – 1 214 (4,5%), Қарақия – 786 (6,1%), Маңғыстау – 793 (4,8%), Мұнайлы – 4 155 (5,4%), Түпқараған- 759 (4,4%).
2022 жыл қортындысы бойынша жұмыспен қамту орталықтарында (мансап орталықтары) 8 710 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.
Анықтама үшін: Ақтау – 2 518, Жаңаөзен – 2 113, Бейнеу – 784, Қарақия – 1 053, Маңғыстау – 1 017, Мұнайлы – 760, Түпқараған- 465.
Жұмыспен қамту орталықтарына 44 779 адам хабарласып, 27 341 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Барлығы 20 523 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 11 931 адам тұрақты жұмыс орындарына, 8 592 адам субсиядияланатын жұмыс орындарына орналастырылды.
Анықтама үшін: әлеуметтік жұмыс орындары – 580, жастар практикасы – 1 144, қоғамдық жұмыстар – 6 580, «Алғашқы жұмыс орны» - 17, «Күміс жас» - 97, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы – 19.
Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» жобасына 4 724 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 283 адам (жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды оқыту – 199, жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту – 84) enbek.skills.kz платформасында онлайн оқытуға 821 адам оқып, жаңа бизнес-идеяларлы іске асыру үшін 990 адам грант алды.
2023 жылдың IIІ тоқсандағы статистикалық мәліметтерге сәйкес облыстағы жұмыс күшінің саны 356 мың адамды құрады. Экономиканың әр түрлі салаларында 337 мың адам жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыз халық саны 18 мың адам. Сәйкесінше жұмыссыздық деңгейі 5,1 %-ды құрады.
Облысың мансап орталықтарында жыл қорытындысы бойынша 10 667 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Анықтама үшін: Ақтау – 3 342, Жаңаөзен – 1 711, Бейнеу – 1 645, Қарақия – 1 493, Маңғыстау – 695, Мұнайлы – 1 017, Түпқараған- 764.
Мансап орталықтарына 57 097 адам хабарласып, 26 224 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Барлығы 17 676 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 8 065 адам тұрақты жұмыс орындарына, 9 611 адам субсиядияланатын жұмыс орындарына орналастырылды.
Анықтама үшін: әлеуметтік жұмыс орындары – 657, жастар практикасы – 1 444, қоғамдық жұмыстар – 6 745, «Алғашқы жұмыс орны» - 227, «Күміс жас» - 519, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы – 19.
Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» жобасына 6 714 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 162 адам (жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды оқыту – 105, жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту – 57) enbek.skills.kz платформасында онлайн оқытуға 1 423 адам оқып, жаңа бизнес-идеяларлы іске асыру үшін 249 адам грант алды.
Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 12 рет комиссия отырысы ұйымдастырылып, 241 адамның жобасы комиссия отырысында қаралды (барлығы 257 адамнан өтінім түсті). 168 адамға 815,0 млн. теңге төленді немесе жоспар 103 %-ға орындалды (жоспар - 163 адам/815 млн. теңге).
Көші-қон бойынша:
Қандастардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасы (51.6%), Түркменстан Республикасы (43.4%), Иран Ислам Республикасы (1.7%) және Ресей Федерациясынан (2.0%) көшіп келген этникалық қазақтар.
Көші-қон айырмасы оңына қалыптасты және 2 063 адамды құрады (2022 жылы - 2053 адам), оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша - 3022 (2560), ішкі көші-қон бойынша - -959 адам (-507 адам).
2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 309 отбасы 2058 адам қандас мәртебесін алды, бұл көрсеткіш 2022 жылғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1321 адамға төмендеді.
Анықтама үшін: Ақтау қаласына 50 отбасы 427 адам, Жаңаөзен қаласына 15 отбасы 85 адам, Мұнайлы ауданына 206 отбасы 1292 адам, Бейнеу ауданына 23 отбасы 168 адам, Қарақия ауданына 5 отбасы 35 адам, Маңғыстау ауданына 3 отбасы 19 адам, Түпқараған ауданына 7 отбасы 32 адам.
Соңымен қатар, облыста жұмыс күші тапшы солтүстік және шығыс өңірлеріне қоныс аудару бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, мысалы: қабылдаушы өңірлерде көшуге, тұрғын үйді жалдауға, сатып алуға, тұрғын үйді салуға немесе ипотекалық тұрғын үйдің қарыздары бойынша бастапқы жарнасын төлеуге экономикалық ұтқырлық сертификаттары қарастырылғандығы туралы ақпараттық материалдар әлеуметтік желілерде кеңінен таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы сұхбаттар ұйымдастырылды.
2023 жылы солтүстік өңірлерге мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен 34 отбасы 157 адам қоныс аударды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына – 19 отбасы 94 адам, Павлодар облысына – 7 отбасы 37 адам, Қостанай облысына - 8 отбасы 26 адам.