"Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20531 болып тіркелді
"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Б. Нурымбетов |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
||
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) оралман - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
3) этникалық қазақ - шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды ұсынған кезде жергілікті атқарушы органның не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама береді.
Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде өтініш берушінің құжаттары "электрондық үкімет шлюзі" арқылы жергілікті атқарушы органға беріледі.
Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) басқа өңірде тіркелгені анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган "Оралман" ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.
ЖСН бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН генерациясы жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН-ні пайдаланады.
"Жеке тұлғалар" МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен "Оралман" ААЖ-ға енгізеді және ЖСН генерациялау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ) электрондық сұрау салу жібереді.
Деректер өзгерген жағдайда ("Оралман" ААЖ-ға қате деректерді енгізген немесе мәліметтерді жойған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ-нің "Көші-қон полициясы" АЖ-ында дербес деректердің жүргізілген өзгерістері туралы хабарлама жібереді.
Жергілікті атқарушы орган:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес келмеген;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес келмеген;
3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі фактісі анықталған кезде оралман мәртебесін беруден бас тартады.
Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бергенде жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей "электрондық үкімет шлюзі" арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Жергілікті атқарушы органның, Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде сақталуын қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің сұрауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған оралман куәлігін мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен жүктеп береді.
3-тарау. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері арқылы оралман мәртебесін беру тәртібі
4-тарау. Оралман мәртебесін ұзарту тәртібі
Өтініш беру мерзімі оларға бұрын берілген оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.
Оралман мәртебесін ұзарту Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес 3 (үш) айдан аспауға тиіс.
"Оралман" ААЖ арқылы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын растау, осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген өтініш беру мерзімінің өтуі оралман мәртебесін ұзартудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
|
|
Оралман мәртебесін |
|
|
Нысан |
____________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен_______________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
(мекенжайында тұратын, ұялы телефон нөмірі)
Оралман мәртебесін беру туралы
ӨТІНІШ
Маңғыстау облысында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) тарихи
отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келуіме/келуді жоспарлауыма байланысты маған және менің отбасы мүшелеріме (бар болса) оралман мәртебесін беруді сұраймын.
Отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы)_____________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары_______;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері
_____________________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары)
____________________________________________________________________.
Өтінішке мынадай құжаттарды:
______________________________________________________________________
____________________________________________________________________ қоса беремін.
Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе менің отбасы мүшелерімнің (бар болса)
"Оралман" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде басқа облыстың, Алматы,
Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарында тіркелуін анықтаған
жағдайда, менің қолда бар құжаттарымды ________________________(аталған өтініш
енгізілетін жергілікті атқарушы органның атауы) жіберуді, сондай-ақ "Оралман" ақпараттық
жүйесіндегі тиісті жазбаны осы өтінішті беретін орын бойынша жаңартуды қамтамасыз етуді сұраймын.
Осы арқылы оралман мәртебесін беру бойынша қызмет көрсетуге қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20 ___ жылғы "__" _________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды қабылдаған:_______________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__жылғы____ __________ ___________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
|
|
Оралман мәртебесін
|
"Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жергілікті атқарушы орган не Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні ішінде. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: оралман мәртебесін беру кезінде - оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін ұзартқан жағдайда - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Оралман мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және өтінішті жергілікті атқарушы орган тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
|
|
|
|
Оралман мәртебесін |
|||
|
|
Нысан
|
|||
Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қабылдау туралы
ХАБАРЛАМА
Осы арқылы этникалық қазақ ________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) оған және оның отбасы мүшелеріне (бар болса)
оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы өтініші_______________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
қабылданғанын және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдаған:________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
_________ (қолы) / _________ (күні)
|
|
Оралман мәртебесін |
|
|
Нысан |
_______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________________________________________
(мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға
байланысты ____________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_________________________________________________ ___________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушы: ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон _________________
Алдым: _________________________________________ ______________
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы
20 __ жылғы "___" _________
|
|
Оралман мәртебесін |
|
|
Нысан
|
Жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беру немесе ұзарту
(бас тарту) туралы 20 __ жылғы "___" ________№_____ ШЕШІМІ
________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оралман мәртебесін беру немесе ұзарту (бас тарту) туралы ____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,әкесінің аты (бар болса))
өтінішін қарап,____________________________________________________туралы шешім қабылдады.
Басшы____________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
_____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
|
|
Оралман мәртебесін |
|
|
Нысан
|
Код:
ОРАЛМАН КУӘЛІГІ УДОСТОВЕРЕНИЕ ОРАЛМАНА № _________
_____________________________________________________________________
жергілікті атқарушы органның атауы /(наименование местного исполнительного органа)
|
________________________________________ (Тегі/Фамилия, Аты/Имя, Әкесінің аты (бар болса)/ |
Жынысы/ Пол _____________ |
Оралман куәлігінің қолданылу мерзімі
Срок действия статуса оралмана с "_"___20__ж./г. бастап по "__"____20__ж./г. дейін
Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері Несовершеннолетние члены семьи оралмана
|
Р/с |
Тегі/Фамилия, Аты/Имя, Әкесінің аты (бар болса)/ Отчество (при его наличии) |
Туған күні, айы, жылы/Дата рождения месяц год |
Жынысы/ Пол |
Туыстық қатынасы/Родственное отношение |
ЖСН/ИИН |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
|
… |
|
|
|
|
|
Ескертпе/Примечание:
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес оралман куәлігінің мерзімі оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн немесе оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.
В соответствии со статьей 25 Закона Республики Казахстан "О миграции населения" срок действия удостоверение оралмана прекращается после получения оралманом гражданства Республики Казахстан или по истечении одного года со дня получения статуса оралмана
|
|
Оралман мәртебесі берілген күн |
|
|
|
|
Оралман мәртебесін |
||
|
|
Нысан |
||
Оралман мәртебесін беруге өтінішті кіріс хат-хабар ретінде тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Осы арқылы этникалық қазақтың _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының аумағына _______________________________________ келуді жоспарлаған оған және оның
(облысына, республикалық маңызы бар қалаға және астанаға)
отбасы мүшелеріне (бар болса) оралман мәртебесін беру туралы өтініші
_______ № ________ кіріс хат-хабар ретінде______________________________
(тіркелген күні) (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)
тіркелгенін және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдаған:_______________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
|
|
Оралман мәртебесін |
|
|
Нысан |
Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен_________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________
______________________________
(мекенжайында тұратын, ұялы телефоны нөмірі)
Оралман мәртебесін ұзарту туралы
ӨТІНІШ
Оралман мәртебесінің тоқтатылуына байланысты және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында маған және менің отбасы мүшелеріме оралман мәртебесінің мерзімін заңнамада белгіленген мерзімге ұзартуды сұраймын.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы)___________________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары ____________;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері 1_____________________________________________________________;
2____________________________________________________________________
3_____________________________________________________________________________________
4_____________________________________________________________________________________
5____________________________________________________________________________________
6____________________________________________________________________________________
7____________________________________________________________________________________
8_____________________________________________________________________________________
9____________________________________________________________________________________
10___________________________________________________________________________________
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары)__________________________________________________.
20__ жылғы "__" _________ _______________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды қабылдаған:___________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__жылғы"__" _____________ _______________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)