Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлім
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылығы 29 сәуірдегі №153 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына» өзгерістер енгізілгенін және сол өзгерген жаңа қағиданы шетелдерден тұрақты тұруға көшіп келген этникалық қазақтардың яғни қандастарымыздың назарына ұсынады.
Бұл қағида қолданысқа енгендігін хабарлаймыз. Өтінішке қоса тапсырылатын құжаттардың ішінде сурет алынып қалды, яғни енді 2 дана сурет бермейсіздер.
Бұрын оралман куәлігін алған, бірақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамаған азаматтар, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшін, куәлік мерзімі өткен күннен бастап алты(6) ай толмаса үш(3) айға ұзартуға өтініш бере алады.