«Жаңа серпін» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаңа серпін» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi – Мекеме) құрылсын.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан.
2. Қоса беріліп отырған Мекеменің Жарғысы бекітілсін.
3. Мекеменің тиісті саладағы уәкілетті органы болып Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы белгіленсін.
4. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Г.М. Қалмұратова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Мекемені Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.
5. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М.Б. Әлібекова) облыстың коммуналдық меншік объектілерінің Тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Маңғыстау облысы әкімдігініңжанынан мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) бекіту туралы»2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдаМаңғыстау облысы әкімдігінің жанынан мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Үйлестіру Кеңес).
2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы «25» июля № 184 қаулысына қосымша
Үйлестіру Кеңесінің ҚҰРАМЫ
|
Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы |
|
Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы |
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары |
|
Нұрмамедова Қарашаш Ішбергенқызы |
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Кеңес хатшысы |
|
Кеңес мүшелері: |
|
|
Нұрғазиева Бану Ғаниқызы |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
|
Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы |
Ақтау қаласының әкімі |
|
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы |
Жаңаөзен қаласының әкімі |
|
Әбілов Елубай Жақайұлы |
Мұнайлы ауданының әкімі |
|
Әзірханов Басшы Айжанақұлы |
Бейнеу ауданының әкімі |
|
Асауов Темірбек Тыйылұлы |
Түпқараған ауданының әкімі |
|
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы |
Маңғыстау ауданының әкімі |
|
Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы |
Қарақия ауданының әкімі |
|
Бектубаев Руслан Фаризунұлы |
Маңғыстау облысыныңденсаулық сақтау басқармасының басшысы |
|
Ұланова Жаңагүл Ұланқызы |
Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы |
|
Нұрғалиева Халила Хабижанқызы |
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
|
Нұржанова Зәмзәгүл Қаражанқызы |
облыстық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша) |
|
Байнеке Айса Сембайұлы |
Маңғыстау облысының мүгедектер қоғамының төрағасы(келісім бойынша) |
|
Дедова Елена Юрьевна |
«Здоровье детям» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша) |
|
Трифонов Владислав Вячеславович |
«Алас» құқықтық қолдау орталығы » қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша) |
|
Чувакбаева Қалыш |
«Ақтау қалалық саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлістігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысы әкімдігінің жанынан мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің жанынан мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Үйлестіру Кеңесі) (бұдан әрі - Ереже) Үйлестіру Кеңесі қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
2. Үйлестіру Кеңесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
3. Үйлестіру Кеңесі Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
4. Үйлестіру Кеңесінің құрамына Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттерді заңнамаға сәйкес шешу құзыретіне енетін ұйымдардың және денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғаудың уәкілді органының өкілдері, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері олармен келісім бойынша енгізіледі.
5. Үйлестіру Кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары
6. Үйлестіру Кеңесінің негізгі міндеттері жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектіктің алдын алу, мүгедектерді оңалту, олардың әлеуметтiк қорғалуы, оларға білім беру және кәсіби даярлау, жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
7. Үйлестіру Кеңесінің негізгі функциялары:
мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналасатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
мүгедектер проблемалары бойынша ұсыныстар дайындау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
3. Үйлестіру Кеңесінің құқықтары
10. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында Үйлестіру Кеңесінің:
жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Үйлестіру Кеңесінің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
Үйлестіру Кеңесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге;
мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
11. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
Төраға Үйлестіру Кеңесінің қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Үйлестiру Кеңесi әзiрлейтiн шешiмдер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
12. Үйлестіру Кеңесінің жұмыс органы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы болып табылады (бұдан әрі - жұмыс органы).
13. Үйлестіру Кеңесінің жұмыс органы Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Үйлестіру Кеңесі отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды.
14. Үйлестіру Кеңесінің отырыстарын төраға немесе оның тапсырмасы бойынша - төрағаның орынбасары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда
кемінде бір рет шақырады.
15. Үйлестіру Кеңесінің шешімі мәжіліске қатысқан мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға берген дауыс қабылданған шешім болып есептеледі.
16. Үйлестіру Кеңесі мәжілісінің қорытындысы бойынша шешім қабылданады, хаттама ресімделіп, төраға мен хатшы қол қояды.
17. Үйлестіру Кеңесінің материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Үйлестіру Кеңесінің жұмыс органы жүзеге асырады.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі - Комиссия)құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына 1-қосымша
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның ҚҰРАМЫ
Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, төраға |
Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы |
Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, төрағаның орынбасары |
Махмұтова Лаура Мейрамқызы |
Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы, хатшы |
Комиссия мүшелері: |
|
Нұрғалиева Халила Хабижанқызы |
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау |
Әлібекова Марина Борисқызы |
Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы |
Аяпов Орақ Махмұтұлы |
Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы |
Ерғалиев Күзембай |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы |
Жұмашева Динара Нағимуллақызы |
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы |
Сағындыков Жеңісбек Өренұлы |
Маңғыстау облысының индустриялық –инновациялық даму басқармасының басшысы |
Ұланова Жаңагүл Ұланқызы |
Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы |
Ұлықбанов Бақыт Джұманазарұлы |
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы |
Өтеғалиев Бақытжан Есполұлы |
Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы |
Ахатов Абдулкәрім Хамитұлы |
Маңғыстау облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Баймағамбетов Мұрат Бахытқалиұлы |
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік |
Тағашев Ибрагим Есенжанұлы |
«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік |
Өтепбаев Бауыржан Сапаркелдіұлы |
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры (келісім бойынша) |
Маңғыстау облысы әкімдігінің 1қаулысына 2-қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі
1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 мамырдағы № 158 қаулысы.
2. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 мамырдағы № 158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 257 қаулысы.
3. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 мамырдағы № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау
облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 100 қаулысы.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы «08 » шілдедегі № 171 қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Маңғыстау облысының аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Маңғыстау облысында бағдарламаны іске асыру мәселелерін қарастыру мен іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құрамы Маңғыстау облысының атқарушы органдарының, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің аймақтық бірлестіктерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен жасақталады.
4. Комиссия Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
5. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарының Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
2) Маңғыстау облысының аумағында Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
7. Комиссияның функциясына:
1) Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша Маңғыстау облысының аудандық (қалалық) әкімдіктерінің, аудандық (қалалық) комиссиялардың және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басқаруды жүзеге асыру;
2) Бағдарламаны іске асыру бағыттары мен механизмдерін жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) азаматтар мен оралмандарды Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосу мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
4) Бағдарламаны іске асыруға бағытталған облыстық іс-шаралар жоспарын қарау және келісу;
5) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыста кәсіпкерлікті дамытудың басымдық бағыттарын қарау және келісу;
6) бағыттар бойынша Бағдарламаға қатысушылардың тізімін келісу;
7) аудандар және қалалар бөлінісінде Бағдарламаның бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін келісу;
8) түпкі қарыз алушыға арналған микрокердиттер бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканың мөлшерін келісу;
9) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жалға берілетін тұрғын үй, коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылысын немесе қайта құруды қаржыландыру мәселелерін қарау және келісу;
10) Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді пайдалануына мониторинг;
11) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жалға берілетін тұрғын үй және тиісті инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына мониторинг;
12) Бағдарламаға қатысушыларға микрокредиттер беруді жүзеге асыру жағдайына мониторинг;
13) Бағдарламаның орындалуына мониторинг және облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Бағдарламаның іске асыру мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау кіреді;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Комиссияның құқықтары
8. Комиссияның:
1) облыстың аумағында орналасқан мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесуге;
2) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін және Бағдарламаға қатысушыларды отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
3) Комиссия құзіретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын консультанттар (сарапшылар) ретінде тартуға;
4) функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардан және Бағдарламаға қатысушылардан қажетті материалдар сұратуға және алуға;
5) осы Ереженің 7-тармағында көзделген мәселелер бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
6) Комиссияға жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
9. Комиссия облыс әкімдігінің қаулысымен құрылады және өз қызметін тоқтатады.
10. Комиссияқұрамына кемінде бес адам кіреді.
Комиссияны, оның қызметіне жетекшілік ететін төраға басқарады, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары орындайды.
11. Комиссияның жұмысшы органы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы болып табылады.
12. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
13. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оны өткізу орны мен уақытын Комиссия төрағасы айқындайды.
14. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізіледі.
15. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп саналады.
16. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
Комиссия шешімдері Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Комиссия ұсынымдары шешім қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдарға беріледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
12) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
13) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
14) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
15) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
16) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
17) «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
18) «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
19) «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
20) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.М. Қалмұратова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы, бірақ «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, «Жекелеген мемлекеттік мекемелерді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 1259 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесін республикалық меншіктен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 338 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбында және 1-тармағында «Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы (Ақтау қаласы)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» Ақтау қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» Ақтау қаласы мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 35 шағын аудан.
3. Қоса беріліп отырған Мекеменің Жарғысы бекітілсін.
4. Мекеменің тиісті саладағы уәкілетті органы болып Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы белгіленсін.
5. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Г.М. Қалмұратова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Мекемені Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.
6. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М.Б. Әлібекова) облыстың коммуналдық меншік объектілерінің Тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Маңғыстау облысы әкімдігің 2013 жылғы « 13 » желтоқсандағы № 352 қаулысымен бекітілген
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ж А Р Ғ Ы С Ы
Ұйымдық-құқықтық нысаны- Коммуналдық мемлекеттік мекеме (КММ)
Мемлекеттік меншік түрі: - коммуналдық
Орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 35 шағын аудан
1. Жалпы ережелер
1. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы « 13 » ___12______ № 352 қаулысымен құрылды.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы болып табылады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Центр адаптации и интеграции оралманов» Управления координации занятости и социальных программ Мангистауской области».
7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 35 шағын аудан.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
8. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
12. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері,
олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
13. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне олардың бейімдеу және ықпалдастыру қызметін алу мақсатында уақытша тұруын қамтамасыз ету болып табылады.
14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметін көрсету болып табылады.
15. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ақпараттық-анықтамалық қызметтерді ұсыну;
2) мемлекеттік тілді, қалауы бойынша орыс тілін үйрету;
3) Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін, заңнамалық негіздерге және шағын бизнес ашу урстарын өткізу;
4) әр түрлі мәдени шаралар өткізу;
5) құқықтық көмек көрсету (кеңестер, консультациялар және тіркелуге көмектесу, оралмандардың көшіп келу квотасына енуге, азаматтық алуға, әлеуметтік жәрдемақылар алуға өтініштер беруге);
6) аударма бойынша қызмет ұсыну;
7) жұмысқа орналастыруда, кәсіби даярлауда, қайта даярлауда және біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесу;
10) Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу;
Коммуналдық мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
16. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының коммуналдық мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
18. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүзеге асырады.
19. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
22. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
23. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) банк шоттарын ашады;
6) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
9) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
24. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
25. Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
26. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырады.
27. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
28. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Жарғығаөзгерістер мен толықтырулар Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
30. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
31. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асы
ҚАУЛЫ
№ 312
01 қараша 2013ж.
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары туралы»
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 448
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына, «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 шешімін іске асыру туралы» Маңғыстау облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 354 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облыс әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 285 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 448 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«7. Бюджет бағдарламалары» деген бөлімде:
«7.1. Бюджет бағдарламалары» деген кіші бөлімде:
001 «Жергілікті деңгейде облыстың жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасында:
«2013» бағанында:
«Штат санының бір бірлігін ұстауға арналған орташа шығындар» жолындағы «2326» деген сандар «2397» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығындар көлемі*» жолындағы «81428,0» деген сандар «83911,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«2014» бағанында:
«Штат санының бір бірлігін ұстауға арналған орташа шығындар» жолындағы «2524» деген сандар «2462» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығындар көлемі*» жолындағы «80787,0» деген сандар «86167,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«2015» бағанында:
«Штат санының бір бірлігін ұстауға арналған орташа шығындар» жолындағы «2592» деген сандар «2524» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығындар көлемі*» жолындағы «82945,0» деген сандар «88325,0» деген сандармен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 044 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру» деген бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын;
«7.2. Бюджеттік шығындар жинағы» деген кіші бөлімде:
«2013» бағанында:
«Бюджеттік шығыстың барлығы» жолындағы «1260215,0» деген сандар «1272698,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолындағы «1260215,0» деген сандар «1272698,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«2014» бағанында:
«Бюджеттік шығыстың барлығы» жолындағы «1229476,0» деген сандар «1278328,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолындағы «1229476,0» деген сандар «1278328,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«2015» бағанында:
«Бюджеттік шығыстың барлығы» жолындағы «1329276,0» деген сандар «1362722,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолындағы «1329276,0» деген сандар «1362722,0» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланауға тиіс.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы «1» қараша
№ 312 қаулысына
қосымша
|
Бюджеттікбағдарлама |
044 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру» |
|||||||
|
Сипаттама |
Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік қамтылуы саласында сапалы қызмет көрсету бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өз құзыреті шегінде көші-қоны саласының шараларын қамтамасыз ету |
|||||||
|
Бюджеттік бағдарлама түрі |
Мазмұнына байланысты |
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және одан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету |
||||||
|
Іске асыру әдісіне байланысты |
Дербес |
|||||||
|
ағымдағы/даму |
Ағымдағы |
|||||||
|
Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы |
өлшем бірлігі |
Есепті кезең |
Жоспарлы кезең |
Жобалау кезеңі |
||||
|
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
тікелей нәтиженің көрсеткіштері: |
||||||||
|
қызметкерлер саны |
адам |
33 |
33 |
33 |
||||
|
қорытынды көрсеткіштері: |
||||||||
|
көші-қоны саласының шараларын іске асыруға қаралған бюджет қаражатын уақытында игеру |
% |
99,7 |
99,7 |
99,7 |
||||
|
Сапа көрсеткіштері: |
||||||||
|
Оралмандардың қазақстандық қоғамның әлеуметтік ортасына тезірек бейімделуі үшін оралмандарға бейімделу және интеграциялық қызметін сапалы көрсету |
||||||||
|
Тиімділік көрсеткіші: |
||||||||
|
Штат санының бір бірлігін ұстауға арналған орташа шығындар |
мың теңге |
303 |
1317 |
850 |
||||
|
Бюджеттік шығындар көлемі* |
мың теңге |
10000,0 |
43472,0 |
28066,0
|
ҚАУЛЫ
№ 308
24 қазан 2013 жылы
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары туралы»
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 448
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына, «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 16 тамыздағы № 12/172 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2288 болып тіркелген) сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы»Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 448 қаулысына мынадай өзгерісенгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«7. Бюджет бағдарламалары» деген бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланауға тиіс.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
ҚАУЛЫ
30.07.2013ж. № 225
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Мемлекеттік органдардың ережелеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 8-қосымшасында:
2-бөлімнің 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзыреті шегінде көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты icкe асыру болып табылады.»;
2-бөлімі 16-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) гендерлік аспектіні есепке ала отырып, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы салааралық үйлестіру және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;»;
2-бөлімнің 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
2) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды, халықты және Қазақстан Республикасының жоғарғы органдарын өңірдегі еңбек рыногының жай-күйі туралы хабардар етеді;
4) мүгедектерді жекелей оңалту бағдарламасын, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау және беруді, тұрғын үй көмегін, 18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар және өзге де жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер мониторингін және бақылауды жүзеге асырады;
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер берудің мониторингін жүзеге асырады;
6) жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттк қызметтердің мониторингін жүзеге асырады;
7) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсатты тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
8) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде көші-қоны мәселелері үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдарға әдістемелік және ұйымдастыру басшылығын жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды ұйымдастырады.».
3-бөлімнің 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«26. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
2. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы Ережеге қосымшасы бекітілсін.
3.Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (Г.М. Қалмұратова):
Ережеге енгізілген өзгерістерді Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Маңғыстау облысы әкімдігің
2013 жылғы «30» шілде № 225
қаулысымен бекітілген қосымша
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы
Ережесіне еңгізілген өзгерістер
2-бөлімнің 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзыреті шегінде көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты icкe асыру болып табылады.»;
2-бөлімі 16-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) гендерлік аспектіні есепке ала отырып, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы салааралық үйлестіру және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;»;
2-бөлімнің 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
2) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды, халықты және Қазақстан Республикасының жоғарғы органдарын өңірдегі еңбек рыногының жай-күйі туралы хабардар етеді;
4) мүгедектерді жекелей оңалту бағдарламасын, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау және беруді, тұрғын үй көмегін, 18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар және өзге де жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер мониторингін және бақылауды жүзеге асырады;
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер берудің мониторингін жүзеге асырады;
6) жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттк қызметтердің мониторингін жүзеге асырады;
7) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсатты тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
8) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде көші-қоны мәселелері үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдарға әдістемелік және ұйымдастыру басшылығын жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды ұйымдастырады.».
3-бөлімнің 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«26. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
№ 504 21.05.2013ж. ҚАУЛЫ
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) бекітілсін.
2. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлесін және жергілікті өкілетті органдарға бекітуге ұсынсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
үлгілік қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік тәртібін белгілейді.
2. Осы Үлгілік қағидалар негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі (бұдан әрі – ЖАО) әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
1. Жалпы ережелер
3. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
9) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
4. Осы Үлгілік қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін ЖАО ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу
9. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
26. Әлеуметтік көмек:
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
ҚАУЛЫ
Мүгедектердің құқықтарын іске асыру, олардың объектілер мен
қызметтерге кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау,
мүгедектердің өмір сүру және қоғамға кірігу деңгейін арттыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүгедектердің
құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі
2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі
(2012 – 2013 жылдар) (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты мемлекеттік органдар, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы
туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі жыл сайын, 10 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының
Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.12.2012 жылғы № 348 қаулысы
Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 31.01.2013 жылы № 2213 болып мемлекеттік тіркеуге алынған
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1059 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2127 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2012 жылғы 2 маусымда № 95-97 (8177) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті;
9) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті;
10) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
11) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
12) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
13) «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
14) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
15) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет регламенті».
2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Г.М. Қалмұратова) осы қаулыны Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өңiрде қажет мамандықтар бойынша бiлiм алушы студенттерге әлеуметтiк көмек тағайындау туралы
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 04 қарашадағы № 384 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 03 желтоқсанда № 2089 тiркелдi
ҮЗIНДI:
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ауылдық елдi мекенде орналасқан бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсiптiк кешен, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт мемлекеттiк мекемелерiн, мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Өңiрге қажет мамандықтар бойынша бiлiм алушы студенттерге (бұдан әрi – Студенттер) Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесiн алу үшiн бiлiм беру қызметiне төлеуге әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – Әлеуметтiк көмек) белгiленсiн.
2. Әлеуметтiк көмек күндiзгi оқыту нысаны бойынша бiлiм алатын Маңғыстау облысының жастарына тағайындылатын болып белгiленсiн.
3. Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм Студенттердiң бiлiктiлiк сипаттамаларын бағалау критерийлерiнiң негiзiнде қабылданатын болып белгiленсiн.
4. Студенттiң әлеуметтiк мәртебесi, оқу жүзеге асырылатын мамандыққа деген қажеттiлiк, оқуды аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесiн алғаннан кейiн мамандығы бойынша ауылдық жерде кемiнде 3 (үш) жыл жұмыс iстеуге дайындығын бiлдiруi бiлiктiлiк сипаттамаларын бағалау критерийлерi болып табылады.Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2011.06.14 № 190 (жарияланғаннан кейiн 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi)Қаулысымен;
5. Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм, Әлеуметтiк көмек тағайындауға Студенттердi iрiктеу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссиямен (бұдан әрi – Комиссия) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының қорытындысы негiзiнде қабылданатын болып белгiленсiн.
6. Комиссия Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң Студентерге Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органы болып анықталсын.
7. Комиссияның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
8. Комиссия туралы Ереже 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
9. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң: 1) Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Студенттер ұсынатын құжаттар тiзбесiн бекiту жөнiндегi; 2) Студенттер ұсынған құжаттардың конкурстық iрiктеу талаптарына сәйкестiгiне сараптама жүргiзу жөнiндегi; 3) бiлiктiлiк сипаттамаларын бағалау критерийлерiнiң негiзiнде қорытынды әзiрлеу жөнiндегi; 4) Комиссия отырысын әзiрлеу, отырыстың күн тәртiбiн қалыптастыру, Комиссия мүшелерiне отырыстың өтетiн күнi мен уақыты туралы хабарлау жөнiндегi; 5) Студенттерге Әлеуметтiк көмек тағайындау, негiзiн баяндай отырып, бас тарту туралы Комиссия шешiмi туралы хабарлау жөнiндегi; 6) Студентке Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы Комиссия шешiмiнiң негiзiнде тараптардың өзара мiндеттемелерi қарастырылған шартқа қол қою жөнiндегi уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
10. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi Студентердiң жеке iстерiн қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi органды белгiлесiн.
11. Әлеуметтiк көмек оқу орнының бiлiм беру қызметiнiң құны шегiндегi жыл сайынғы төлемдерден және тамақтану мен тұру шығындарын iшiнара өтейтiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдерден тұратын болып анықталсын.
12. Әлеуметтiк көмек аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi тарапынан Студентердiң екiншi деңгейлi банктегi жеке есеп шотына аударылатын болып белгiленсiн.
13. Күшi жойылды деп танылсын: 1) «Бiлiм ұйымдарының түлектерiне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы» Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 6 тамыздағы № 272 қаулысының (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1976 болып тiркелген, «Маңғыстау» газетiнде 2007 жылғы 30 қазандағы №182 жарияланған); 2) «Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 6 тамыздағы № 272 «Бiлiм ұйымдарының түлектерiне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы» қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 27 наурыздағы № 224 қаулысының (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2010 болып тiркелген, «Маңғыстау» газетiнде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған).
14. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсiн.
15. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi Қ. Көшербаев
«КЕЛIСIЛДI»
облыстық ауылшаруашылық
басқармасының бастығы
__________________Т. Қалжанұлы
«____» ______________ 2010 ж.
Маңғыстау облысы бiлiм
басқарма бастығының уақытша
мiндетiн атқарушысы
__________________ Е. К. Өмiрзақ
«____» ______________ 2010 ж.
Маңғыстау облысы денсаулық
сақтау басқармасының бастығы
__________________ С.Р. Мусинов
«____» ______________ 2010 ж.
Маңғыстау облысы жұмыспен
қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк
бағдарламалар басқармасының бастығы
__________________Г.М. Қалмұратова
«____» ______________ 2010 ж.
Маңғыстау облысының қаржы
басқармасының бастығы
_____________ М.Б. Әлiбекова
___»_____________2010 ж.
Маңғыстау облысының мәдениет
басқармасының бастығы
_____________ М.С. Ғұмарова
«___»_____________2010 ж.
Маңғыстау облысы туризм,
дене шынықтыру және спорт
басқармасының бастығы
________________С.И. Пахомов
«____» ____________ 2010 ж.
Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттiк жоспарлау
басқармасының бастығы
_____________ Х.Х. Нұрғалиева
«___»_____________2010 ж.
1 – қосымша
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы «04» қарашда
№ 384 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтiк көмек тағайындауға студенттердi iрiктеу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссияның құрамы
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2011.09.02 № 265 (жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)Қаулысымен;
|
Жұмашев |
облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы |
|
Қалмұратова |
Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары |
|
Нұрмамедова |
Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқарма бастығының орынбасары, хатшы |
|
комиссия мүшелерi: |
|
|
Әбжаппаров |
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттiк технологиялар және инжиниринг университетiнiң ректоры |
|
Әлiбекова |
Маңғыстау облысы қаржы басқармасының бастығы |
|
Ғұмарова |
Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының бастығы |
|
Қалжанұлы Түменбай |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы |
|
Қараев |
«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары |
|
Нұрғалиева |
Маңғыстау облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының бастығы |
|
Бектубаев |
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Комиссия мүшесi |
|
Жұмашева Динара Нагимуллақызы |
Маңғыстау облысы бiлiм басқармасының бастығы, Комиссия мүшесi |
|
Пахомов |
Маңғыстау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы |
2 – қосымша
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы «04» қараша
№ 384 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Студенттердi iрiктеу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссия туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Студенттердi iрiкту жөнiндегi облыстық конкурстық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қызмет тәртiбiн белгiлейдi.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
3. Комиссияның жұмыс органы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы болып табылады.
4. Комиссияның дербес құрамын облыс әкiмдiгi бекiтедi.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
5. Комиссияның мiндеттерi: әлеуметтiк тұрғыдан халықтың осал тобына жататын облыстың жастарын қолдау; ауылдық елдi мекенде орналасқан мемлекеттiк бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсiптiк кешенi, әлеуметтiк қорғау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерi мен қазынашылық кәсiпорындарын қамтамасыз ету үшiн бiлiктi мамандар даярлауға Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң грантын орналастыру.
6. Комиссияның функциялары: 1) ауылдық жерлердегi кадр қажеттiлiгiн ескере отырып бiлiктiлiк сипаттамаларын бағалау критерийлерiне сәйкес келетiн Студенттер қатарынан конкурстық iрiктеу жүргiзу; 2) халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал төмендегi топтарына жататын Студенттерге Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдау: бала жасынан мүгедектер, мүгедектер, мүмкiндiгi шектеулi адамдар; тұлдыр жетiмдер, сонымен бiрге ата-анасының бiрiнiң қамқорлығынсыз қалғандар; Маңғыстау облыстық балалар үйiнiң, Маңғыстау облыстық балалар аулының бұрынғы тәрбиеленушiлерi; 3) ата-аналары және/немесе отбасы төмендегi әлеуметтiк топтарға жататын Студенттерге Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдау: ата-анасының екеуi де зейнеткер болып табылатын; ата-анасының екеуi немесе бiреуi мүгедек болып табылатын; ата-анасының екеуi немесе бiреуi мемлекеттiк бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсiптiк кешенi, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт мекемелерi мен/немесе кәсiпорындарында жұмыс жасайтындар; төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар. Отбасының жоғары, техникалық және кәсiптiк бiлiм ұйымдарының күндiзгi оқу түрi бойынша оқитын кәмелеттiк жасқа толған балалары балалар санына ескерiледi; оралмандардың отбасылары; 4) Әлеуметтiк көмек – облыс әкiмiнiң грантын алушылар тiзiмiн қалыптастыру: 5) жас мамандарды, жастарды, халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын әлеуметтiк қолдау жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
3. Комиссияның отырыстарын өткiзу тәртiбi
7. Комиссия отырыстары ашық түрде өткiзiледi. Комиссия отырсына жұртшылық, бұқаралық акпарат құралдары, жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
8. Комиссия төрағасы: Комиссияны басқарады, Комиссия қызметiне дербес жауапкершiлiкте болады; Комиссия отырысын өткiзедi және онда қабылдаған құжаттарға қол қояды; Комиссия қызметiне байланысты басқа да функцияларды орындайды.
9. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның мiндеттерi Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледi.
10. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi. Комиссия отырысының өткiзiлетiн күнiн Комиссия төрағасы белгiлейдi.
11. Комиссия мүшелерiнiң кемiнде жартысы отырысқа қатысқан жағдайда, Комиссия шешiм қабылдауға құқылы. Комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.
12. Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсi дауыс берген жағдайда, шешiм қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
13. Комиссия отырысында хаттама жүргiзiледi. Комиссия шешiмi Комиссияның хатшысы жүргiзетiн хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға Комиссия мүшелерi қол қояды.
14. Комиссия мүшелерi Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы әзiрлеген қорытындыны зерттейдi және конкурстық iрiктеудi жүзеге асырады, Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
15. Комиссия мүшелерi қабылданған шешiмге дербес жауапкершiлiкте болады.
16. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Жолдауын, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын және «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның iшiнде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде бөлiнетiн қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 қарашадағы № 342
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына,Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»(Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13369 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 20 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13167 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2900 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармағында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) «Ақталған адамға куәлік беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;
осы қаулының 11-қосымшасымен толықтырылсын.
2. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.М. Қалмұратова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Маңғыстау облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 757 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12939 болып тіркелген) бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1)Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2900 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармағында:
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
«4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентінде:
«4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».
2) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 343 «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2903 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармағында:
«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламентінде:
«4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».
2. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.М. Қалмұратова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы «13» 02
№ 52 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидалар 027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 027-бағдарлама) бойынша 141 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы (бұдан әрі – 141-кіші бағдарлама) бойынша көзделген «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
2) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның әкіміне жүгінген үміткермен консультациялар, әңгімелесу өткізу үшін уәкілетті орган шартты негізде тартатын адамдар;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген үміткермен консультациялар, әңгімелесу өткізу үшін уәкілетті орган шартты негізде тартатын адамдар;
4) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
5) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа дейінгі, еңбекке және белгілі бір біліктілік деңгейіндегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілетті адам немесе отбасы мүшесі;
6) жан басына шаққандағы орташа табыс – айына отбасының әрбір мүшесіне келетін отбасының жиынтық табысының үлесі;
7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
9) облыстың уәкілетті органы – «Өрлеу» жобасын іске асыруды үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
10) отбасына көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – халықты жұмыспен қамту орталығы шартты ақшалай көмек алуға үміткер адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
11) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы атынан өкілдік ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
12) отбасының жиынтық табысы – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы үш айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
13) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру жөніндегі іс-шаралар кешені;
15) өтініш беруші (үміткер) – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдіретін адам;
16) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыруды және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган;
17) уәкілетті орган – шартты ақшалай көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (басқармасы), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі;
18) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
19) аудандық (қалалық) комиссия – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығымен бекітілген халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты ауданның, қаланың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында іске асыру мақсатында құрылатын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия;
20) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі − орталық) − «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме;
21) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің алпыс пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша 027-бюджеттік бағдарламаны және 141-кіші бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
2. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
6. Облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттері «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК-ты ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:
1) ШАК төлеуге;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттардың және ассистенттердің қызметтеріне ақы төлеуге пайдаланады.
Уәкілетті орган «Өрлеу» жобасына қатысушылармен жұмыс істеуге жәрдемдесу үшін кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын өтеулі қызметтер көрсету шарттары немесе мемлекеттік сатып алу шарты негізінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттардың және ассистенттердің көрсетілетін қызметтерін сатып алады. Аталған көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің келісімінсіз таңдайды.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттардың және ассистенттердің «Өрлеу» жобасын іске асырумен байланысты көрсетілетін қызметтеріне, оның ішінде жол жүру мен басқа да шығыстарын төлеу, сондай-ақ қызмет көрсету уақытын есептеу шарттары мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі шартта көзделеді.
Ассистенттердің көрсетілетін қызметтерін сатып алу құнына еңбекақы және іссапар шығыстары, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттардың көрсетілетін қызметтеріне еңбекақы төлеу шығыстары қосылады.
7.Облыстың уәкілетті органы келіп түсетін нысаналы трансферттерді
047 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК-ты ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көздейді, оған сәйкес облыстың уәкілетті органы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудандық бюджеттерге, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
8. Уәкілетті орган келіп түсетін нысаналы трансферттерді 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы және 048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көздейді. Көрсетілген бағдарламалар бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шығыстар жүргізіледі.
ШАК төлеу осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мөлшерде
025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасының тиісті кіші бағдарламалары және 048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
9. ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) тағайындалады.
ШАК тағайындау отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімде оны алуға жүгінген айдан бастап жүзеге асырылады. Қоса берілген құжаттармен өтініш берген ай жүгіну айы болып есептеледі.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатыла тұрады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1, 2, 4-тармақтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында көзделген іс-шаралар арқылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтамасыз етуді көздейді.
Отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы
13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шараларын, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын қамтиды
10. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің алпыс пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма жергілікті бюджет қаражаты есебінен (025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы, 048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша) қаржыландырылады;
2) облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің алпыс пайызы арасындағы айырма, сондай-ақ отбасының жан басына шаққандағы табысы арасындағы айырма, егер ол облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын жағдайда республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен (025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы, 048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы
011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша) қаржыландырылады.
ШАК алушылардың шоттарына төлемдер 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы және 048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасының екі кіші бағдарламасы бойынша бір мезгілде жүзеге асырылады.
Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы үш айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
ШАК ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
Біржолғы ШАК төлеу туралы шешімді уәкілетті орган аудандық (қалалық) комиссияның ұсынымдарын ескеріп қабылдайды.
ШАК-тың біржолғы сомасы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға шығындардан басқа)пайдаланылады.
11. Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша орталыққа немесе ол болмаған жағдайдааудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
12. Орталық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткер өтініш білдірген күні оған «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді. Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға келісім берген кезде орталық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі не ассистент әңгімелесу жүргізеді.
Әңгімелесу жүргізу кезінде:
1) ШАК алу негіздемесі;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;
3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді.
13. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған кезде);
4) әр отбасы мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
14. Егер өтініш беруші жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және (немесе) он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушы болып табылған жағдайда, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған кезде, осы Қағидалардың 13-тармағының 3),
4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
15. Осы Қағидалардың 13-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың:
1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде – салыстырып тексеру үшін төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
2) орталыққа жүгінген кезде – төлнұсқалары ұсынылады, олар сканерленеді және өтініш берушіге қайтарылады, ал электрондық құжаттар орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Үміткер толтыратын осы Қағидалардың 13-тармағының 2) және
5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады.
Орталық құжаттардың электрондық көшірмелері мен мәліметтердің сапасын және олардың өтініш беруші ұсынған түпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
16. Үміткер осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін орталық осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген азаматтар санаттарын қоспағанда, үміткерді және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және көрсетілген тіркеу күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жұмыспен қамтудың мемлекеттік шараларымен қамтамасыз етеді.
17. Орталық үміткердің қатысуымен үміткердің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде орталық өтінішті орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша журналға тіркейді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.
ШАК тағайындау немесе «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш беру фактісін растайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу кезінде үміткерге дереу орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
18. Орталық немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және «Өрлеу» жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
19. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізеді, орталық атқарушы орган бекітетін нысандар бойынша зерттеп-қарау актісін және учаскелік комиссия қорытындысын жасайды және учаскелік комиссия қорытындысын орталыққа немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
20. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орталыққа береді.
Орталықаудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдау күні үміткерді және осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және жұмыс іздеуші ретінде тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыспен қамтудың мемлекеттік шараларымен қамтамасыз етеді.
21. Үміткер және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс іздеуші ретінде тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтудың мемлекеттік шараларымен қамтылмаған жағдайда, орталық бес жұмыс күні ішінде үміткердің және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыссыз ретінде тіркеуге қою туралы шешім қабылдайды және орталық атқарушы орган бекіткен нысан бойынша жазба журналына үміткер және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері туралы мәліметтерді енгізеді.
Жазба журналына мәліметтері енгізілген адамдар жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларымен қамтамасыз етіледі.
22. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім орталықтың және уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, өтініш беруші ұсынған құжаттарды орталық халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына бір жұмыс күні ішінде жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) комиссия күнтізбелік жеті күн ішінде үміткердің ұсынған құжаттарын қарайды, тиісті шешім қабылдайды және оны орталыққа жолдайды.
23. Орталық учаскелік комиссиядан алынған қорытындының, сондай-ақ қажет болған жағдайда, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) комиссия ұсынымдарының негізінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін бір жұмыс күні ішінде қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды.
24. Отбасының әр мүшесіне ШАК-тың айлық мөлшері айқындалғаннан кейін орталық екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес жеке жоспарды әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу үшін шақырады.
25. Жеке жоспар өтініш берушімен және (немесе) отбасы мүшелерімен бірлесіп әзірленеді, онда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделу бойынша (көрсетілген бейімделуді қажет ететін отбасы мүшелері бар болған жағдайда) іс-шаралар қамтылады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына қосымша болып табылады.
26. Орталық отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіден қабылданған құжаттарды, ШАК тағайындау туралы шешімнің жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты уәкілетті органға жібереді.
27. Уәкілетті орган ШАК тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады және құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ШАК тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ орталық немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы үміткерге тағайындау немесе себептерін көрсете отырып тағайындаудан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
ШАК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің және ШАК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаның нысандарын орталық атқарушы орган бекітеді.
28. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі уәкілетті органда сақталады.
Тіркеу журналының нысанын орталық атқарушы орган бекітеді.
29. Мынадай жағдайларды:
1) стационарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынылған кезде) кезеңін;
2) отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыруды;
3) тұрақты жұмысы бар адамдарды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу ШАК алу үшін міндетті шарт болып табылады.
30. Мыналар:
1) жан басына шаққандағы табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінен алпыс пайызға артық болуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаудан бас тартуы;
3) өтініш берушінің қолдану мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
4) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) учаскелік комиссияның отбасылық және материалдық жағдайына зерттеу жүргізуінен бас тартуы;
5) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) дәйексіз (жалған) құжаттарды және жалған ақпаратты ұсыну фактілерінің анықталуы;
6) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) атаулы әлеуметтік көмек төлемін тоқта тұрудан бас тартуы ШАК тағайындаудан бас тарту негіздемелері болып табылады.
31. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты:
1) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шараларды ұзарту қажет болған;
2) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі аяқталған кезде еңбекке қабілетті адамдар (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) тартылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мерзімі аяқталмаған;
3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) өзіне байланысты емес себептер бойынша (екі айдан артық жұмысқа уақытша жарамсыздық, жазатайым оқиға, дүлей апат) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамаған;
4) жеке қосалқы шаруашылықты және (немесе) дара кәсіпкерлік қызметті дамытудың жоспарланған көрсеткіштеріне жету үшін қолдау қажет болған жағдайларда оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты немесе халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) комиссияның ұсынымдарын ескере отырып қабылдайды.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын ұзарту орталық атқарушы орган бекіткен нысан бойынша оған қосымша келісім түрінде ресімделеді
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған кезде ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
32. Уәкілетті орган ШАК тағайындау туралы шешімдердің негізінде алушыға ШАК төлеуді жүзеге асырады.
33. ШАК тағайындау туралы хабарлама өтініш беруші уәкілетті органға немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өзі жүгінген кезде беріледі.
34. ШАК төлеуді уәкілетті орган алушылардың банктік шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
35. Уәкiлеттi орган:
1) «Өрлеу» жобасына қатысушы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты және (немесе) әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған;
2) келісімшартты жасау және (немесе) орындау кезінде дәйексіз мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бұзылған;
3) алушының банктік шоты бойынша үш айдан астам қозғалыс болмаған;
4) ШАК алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтер, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтер, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан келіп түскен;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздестіріліп жатқан адамдар фактісі, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтер түскен;
9) адам (отбасы) өзінің бастамасы бойынша «Өрлеу» жобасына қатысудан бас тартқан жағдайда, ШАК төлемін тоқтату туралы шешім қабылдайды, оның нысанын орталық атқарушы орган бекітеді.
ШАК төлеу осы тармақта көрсетілген мән-жайлар туындағаннан кейін келесі күннен бастап тоқтатылады.
Бұл ретте ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер ұсыну анықталған жағдайда адамға (отбасына) оны тағайындаған кезеңге ШАК төлеу тоқтатылады. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен артық төленген сомаларды қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
36. Республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің игерілуін, мақсатты пайдаланылуын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) уәкілетті орган:
қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланғандардың тiзiмдерiн ай сайын салыстырып тексеруді, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдері ұсынатын «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында қайтыс болды деп тіркелгендерді және әділет органдары ұсынатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендердің тiзiмдерiн ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей электрондық салыстырып тексеруді;
банктік шоттарында үш және одан да көп ай бойы қозғалыс болмаған ШАК алушылардың тiзiмдерiн соңғы операцияның күнiн көрсете отырып, тоқсан сайын салыстырып тексеруді;
орталық атқарушы орган бекітетін нысандар бойынша облыстың уәкілетті органына: жасасқан отбасының белсенділігін арттырудың келісімшарттары және әлеуметтік келісімшарттар; ШАК тағайындалғаны және төленгені; ШАК алушылар туралы есептерді есепті айдан кейінгі айдың
10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуды жүзеге асырады;
2) ассистент:
әлеуетті өтініш берушілерді, оның ішінде ауылдық елді мекендерге бара отырып (айына кемінде бес рет немесе шарттың қолданылуы кезеңінде алпыс рет), «Өрлеу» жобасына қатысудың шарттары туралы хабардар етуді (үш айда кемінде жүз еңбекке қабілетті адам);
халықты «Өрлеу» жобасына тартуға жәрдемдесуді;
уәкілетті органмен және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен келісу бойынша «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш берген адаммен (отбасымен) өмірлік қиын жағдайдан шығудың ықтимал жолдары туралы әңгімелесу жүргізуді және әңгімелесу парағын толтыруды;
«Өрлеу» жобасына қатысушыны әңгімелесу жүргізу, қажетті құжаттарды толтыруға, жұмыс іздеуге, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жәрдемдесу арқылы ШАК-қа өтініш білдірген кезден бастап және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі түпкілікті аяқталғанға дейін сүйемелдеуді;
отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты талаптарының орындалуын мониторингілеуді, отбасына баруды және онда көзделген міндеттемелердің орындалуы туралы белгі жасауды;
ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеу туралы есепті уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады.
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант:
«Өрлеу» жобасын іске асыру шеңберінде ШАК алу үшін орталыққа жүгінген үміткерлермен әңгімелесу өткізуді;
отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде әңгімелесу жүргізу, қажетті құжаттарды толтыруға, жұмыс іздеуге жәрдемдесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жөніндегі міндеттемелерді орындау арқылы адамды (отбасын) сүйемелдеуді;
атқарылған жұмыс туралы есеп жасауды және мониторингілеуді;
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдармен жұмыс істеуге уәкілетті басқа да органдар мен ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасауды;
ШАК алу үшін орталыққа өтініш білдірген үміткерлерге әлеуметтік қорғау, мүгедектерді оңалту, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде консультациялық қызметтер көрсетуді;
өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға жан-жақты көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесуді;
мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларына өмірлік қиын жағдайды еңсеру, әлеуметтендіру және интеграциялау үшін қажетті жағдай жасауға жәрдемдесуді, олардың қажетті әлеуметтік қолдау шараларын алу құқықтары мен мүдделерін қорғауды;
мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметті және ассистенттердің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
4) орталық жанындағы аудандық (қалалық) комиссия:
ШАК тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдар қызметін үйлестіруді;
біржолғы ШАК төлемін ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеуді;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бойынша шараларды ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады.
37. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есепті айдан кейінгі айдың
30-күнінен кешіктірмей және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады.
___________________
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерініңОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын
және «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Маңғыстау облысының әкімдігі қаулы № 103 04.05.2017ж. Мағыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 343 "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы