Қызметінің қорытындылары

Қызметінің қорытындылары

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2012 жылдың қызметі туралы есебі

 
09.02.2016
 
 
 

 

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 

2012 жылдың қызметі туралы есебі

Статистика басқармасының мәліметі бойынша 2012 жылдың 3 тоқсанында облыс бойынша экономикалық белсенді халықтың саны 271,9 мың адамды (122,7 %) құраса, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 256,5 мың адамды (122,8%), жалдамалы қызметкерлер 237,5 мың адамды (127,3%), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 19,1 мың адамды (86,0% немесе 22,2 мың адам), сондай-ақ еңбек рыногындағы жұмыссыздар саны 15,8 мың адамды (13,2 мың адам) құрап отыр.

Жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша - 5,6%, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,7% (бұл көрсеткіш 2009 жылы 5,8%-ды құрады).

Жыл басынан облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан 22190 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 358 жұмыс орнына артық.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының көрсеткіштерін қоса есептегенде 1651 әлеуметтік жұмыс орнын, жастар практикасы аясында 844 жұмыс орнын құрды.

2013 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру жөніндегі өтінішпен 16372 адам хабарласты, 9750 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

2932 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды,   483 жұмыссыз кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді, 1299 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары құрамына енгізілді.

2013 жылдың 1 қантардағы есепте тұрған жұмыссыздардың саны 1645 адамды құрады, оның ішінде 16-29 жас аралығындағы жастардың саны - 729 адам.

2012 жылдың І жартыжылдығында қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралардың жоспарланған көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз етті, соның нәтижесінде еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы 7,1%-дан ағымдағы жылғы І жартыжылдықта 5,6 %-ға дейін төмендеді.

Облыс дамуының оң серпіні халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек халықтың осал санаттағы топтары арасында кедейшілік мәселесін жоюдың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. 

Атаулы әлеуметтік көмекпен жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен төмен аса мұқтаж халық қамтылып отыр.

 

Бұлар, бірінші кезекте, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, ауылдық жерлерде тұратын көп балалы отбасылар.

2012 жылғы  7890 аз қамтылған азаматқа 181,5 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

18 жасқа дейінгі 4789 балаға 44,9 млн. теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді, 9168 азамат тұрғын үй көмегімен қамтылды, 158,8 млн.теңге.

Барлық әлеуметтік төлемдер толық әрі мерзімінде жүзеге асырылды. Әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер жоқ.

Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары, кәсіпкерлері тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына сәйкес облыста мүгедектерді әлеуметтік, медициналық және кәсіби оңалту жөніндегі шаралар іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың  1105 мүгедек гигиеналық құралдармен, 258 мүгедек протездік-ортопедиялық құралдармен, 229  мүгедек арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтылды, 43 мүгедекке ымдау тілі мамандарының, І топтағы 89 мүгедекке жеке көмекшілердің қызметі көрсетілді, 408 мүгедекке, 410 мүгедек балаға санаторлық-курорттық сауықтыруға жолдама берілді.

4 медициналық-әлеуметтік мекемеде: «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі», «Психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі, «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі», «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемелерінде 701 адам арнайы әлеуметтік көмектермен қамтылған.

Мерекелік және атаулы даталар қарсаңында халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 27486 азаматқа 163,3 млн. теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.

 

2013 1 тоқсанында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметі туралы есебі

 
10.02.2016
 
 
 

 

Статистика басқармасының мәліметі бойынша 2013 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша экономикалық белсенді халықтың саны 273,6 мың адамды (103,6 %) құраса, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 258,4 мың адамды (100,7%), жалдамалы қызметкерлер 241,7 мың адамды (101,8%), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 16,7 мың адамды (87,4%),  сондай-ақ еңбек рыногындағы жұмыссыздар саны 15,2 мың адамды.

Жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша - 5,6%, оның ішінде  жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 6,7%.  

Жыл басынан облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан 13616 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының көрсеткіштерін қоса есептегенде 888 әлеуметтік жұмыс орнын, жастар практикасы аясында 621 жұмыс орнын құрды.

2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру жөніндегі өтінішпен 7068 адам хабарласты, 4526 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

1670 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды,  201 жұмыссыз кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді, 695 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары құрамына енгізілді. 

2013 жылдың 1 шілдедегі есепте тұрған жұмыссыздардың  саны 1925 адамды құрады, оның ішінде 16-29 жас аралығындағы жастардың саны - 948 адам.

2013 жылдың І жартыжылдығында қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралардың жоспарланған көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз етті, соның нәтижесінде еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы 7,1%-дан ағымдағы жылғы 1 тоқсанында 5,6 %-ға дейін төмендеді.

Облыс дамуының оң серпіні халықтың әл-ауқатын арттыруға  ықпал етеді.

Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек халықтың осал санаттағы топтары арасында кедейшілік мәселесін жоюдың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. 

Атаулы әлеуметтік көмекпен жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен төмен аса мұқтаж халық қамтылып отыр.

Бұлар, бірінші кезекте, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, ауылдық жерлерде тұратын көп балалы отбасылар.

2013 жылғы 1 жартыжылдығында  2570 аз қамтылған азаматқа 42,9 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

18 жасқа дейінгі 3235 балаға 22,7 млн. теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді, 10220 азамат тұрғын үй көмегімен қамтылды, 111,2 млн.теңге.

Барлық әлеуметтік төлемдер толық әрі мерзімінде жүзеге асырылды. Әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер жоқ.

Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары, кәсіпкерлері тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына сәйкес облыста мүгедектерді әлеуметтік, медициналық және кәсіби оңалту жөніндегі шаралар іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында  1009 мүгедек гигиеналық құралдармен, 160 мүгедек протездік-ортопедиялық құралдармен,  170 мүгедек арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтылды, 36 мүгедекке ымдау тілі мамандарының, І топтағы 63 мүгедекке жеке көмекшілердің қызметі көрсетілді, 74 мүгедекке, 226 мүгедек балаға санаторлық-курорттық сауықтыруға жолдама берілді.

4 медициналық-әлеуметтік мекемеде: «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» (132), «Психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі (212), «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» (156), «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» (226) мемлекеттік мекемелерінде 726 адам арнайы әлеуметтік көмектермен қамтылған.

Мерекелік және атаулы даталар қарсаңында халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 2633 азаматқа 76,8 млн. теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.

 

2014 жылы 6 ай ішінде жұмыспен қамту және қызметі Маңғыстау облысының әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру туралы есеп

 
27.04.2016
 
 
 

 


 

№


 

Қалалар
  мен аудандардың атаулары


 

Наименование
  городов и районов


 

Тұрақты
  жұмысқа орналасқан адамдар саны


 

Количество  человек на постоянной работе


 

 

Әлеуметтік
  жұмыс орындарына орналасқан адамдар саны


 

Количество
  человек на социальных рабочих местах


 

 

Жастар
  практикасы бойынша орналасқан адамдар саны


 

Количество
  человек на молодежной практике


 

 

Ақылы
  қоғамдық жұмыстарына орналасқан адамдар саны


 

Количество
  человек на общественных работах


 

Кәсибі
  даярлау курстарына барған адамдар саны


 
 

Количество  человек, прошедших курсы подготовки  повышения кадров


 

Берілген жұмыстан бас тартқандар саны


 

Количество отказавшихся от предложенной работы


 

1


 

город Актау


 

300


 

14


 

71


 

372


 

30


 

11


 

2


 

город Жанаозен


 

615


 

78


 

164


 

813


 

80


 

528


 

3


 

Бейнеуский район


 

389


 

18


 

99


 

313


 

0


 

0


 

4


 

Каракиянский район


 

462


 

239


 

47


 

66


 

67


 

2


 

5


 

Мангистауский район


 

201


 

62


 

29


 

128


 

39


 

0


 

6


 

Мунайлинский район


 

280


 

108


 

126


 

70


 

0


 

27


 

7


 

Тупкараганский район


 

196


 

25


 

23


 

55


 

20


 

31


 

 

По области


 

2443


 

544


 

559


 

1817


 

236


 

599

 

 

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2018 жылдың қызметі туралы есебі

 
06.01.2019
 
 
 

 

 

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2018 жылы келесі жұмыстар атқарылыды.

Басқарманың ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуінің арқасында Мемлекет басшысының тапсырмаларын, бағдарламалық құжаттарды орындау, әлеуметтік-еңбек саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан шаралар алынуда.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, өңірде кедейлік пен жұмыссыздықты азайту шараларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрақты жұмысқа орналастырылған азаматтар үлесінің артуы, жұмыссыздарды, аз қамтылғандарды және өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды жұмысқа орналастыруға ықпал етудің белсенді шараларына тарту, адам ресурстарын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру және аз қамтылған азаматтар санының азаю тенденциялары атап өтіледі.

2016-2018 жылдары хабарласқандар қатарынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған тұлғалар үлесі 53 % -дан 71% -ға дейін артты, 2014 жылмен салыстырғанда 2016 жылы тұрақты жұмысқа орналастырылғандар саны 165 % -ға өсті.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қатысуға өтініш білдірген азаматтардың саны – 7044, оның ішінде 7040 адам бағдарламаның қатысушылар қатарына еңгізілді:

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар –231 адам (3,3%);

жұмыссыздар – 6542 адам (93%);

жартылай жұмыспен қамтылғандар – 66 адам (0,9%).

Жұмыспен қамту орталықтары тарапынан 7157 қатысушы жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 5791 адам орналастырылды (81%), 1366 адам – уақытша жұмыс орындарына жолданды.

Бағдарламаның 1-ші бағыты  бойынша облыста әлеуметтік салада 187 нысандарды жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 2,1 млрд.теңге бөлінді. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында 952 жаңа жұмыс орындары ашу көзделген.

Бүгінгі таңда барлық объектілерде жөндеу жұмыстары аяқталды, 977 жаңа жұмыс орны ашылды. Ашылған жұмыс орындарына  жұмыспен қамту орталығы арқылы 701 адам жолданды (72%).

Нысаналы трансферттердің игерілуі 2,1 млрд. теңгені құрайды немесе 100 пайыз.

Бағдарламаның 2-ші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға республикалық бюджеттен 3,3 млн. теңге бөлінді, адам саның жоспары – 69.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 69 адам жолданды (100%).

230 адамға шағын несие беру үшін 690,0 млн. теңге қаралды.

2018 жылы 227 адам 618,9 млн. теңге көлемінде несие алды, оның ішінде 14 адам 41,0 млн. теңге көлемінде мерзімнен бұрын қайтарылған несие аясында шағын несие алды.

Шағын несиенің орташа мөлшері – 3,0 млн. теңге.

Барлық шағын несие алушылар жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелген.

Бағдарламаның 3 бағыты 1 компоненті аясында кәсіби даярлауға 308 адам жолданды, соның ішінде 55-64 жастағы адамдардың саны – 20.

Кәіби даярлау келесі мамандықтар бойынша өткізілуде, олар: слесарь-электрик, машинст-обходчик, оператор ТЭЦ, оператор котельной, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, болаттан жасалынған құрылымды монтаждаушы, құбыр жүргізуді монтаждаушы, әлеуметтік жұмыскер мамандықтары бойынша білім алуда.

Оқуды 230 адам бітіріп, жұмысқа орналастырылғандардың саны 126 адамды құрайды.

2016 жылы  62 кәсіпорындар мен мекемелерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне 407 қатысушы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды және 84 кәсіпорындар мен мекемелер 258 оқу орындарының бітірушілеріне жастар тәжірибесін өтуге жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыстан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Маңғыстау облысы бойынша жұмыспен қамтудың 2018 жылға арналған Кешендік жоспары шеңберінде бір қатар шарлар қарастырылды – олар іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолдау және т.б. Жұмыспен қамтудың 2018 жылға арналған Кешендік жоспары 10958 жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтуға қөзделген.

2018 жылы Кешендік жоспар шеңберінде 13907 адам жұмыспен қамтылды (127%), оның ішінде:

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында – 182 адам;

ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында – 7089 адам;

МИИДБ аясында – 74 адам;

Аймақтарды дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында – 784 адам;

Аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 5707 адам;

БЖК 2020 бағдарламасы аясында – 21 адам;

Басқа бағдарламалар аясында - 50 адам.

"Жаңа серпін" бағдарламасының іске асырылуы өңірішілік еңбек ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік берді.

Ақтау теңіз порты ЕЭА кәсіпорындарымен 19 меморандумға қол қойылды, 307 адам жұмысқа орналастырылды, оның 235-і - ауылдық жерлерден, сонымен қатар 23 адам өндірістік практикаға жолданды. Жұмыс берушілердің өтінімі бойынша 197 адам оқытылды, облыстың еңбек күші тапшы елді мекендері - Бейнеу, Жетібай ауылдары және Жаңаөзен қаласынан келген 160 адам "Жаңа серпін" орталығының Ақтау қаласындағы жатақханасына орналастырылды.

2. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғауды жүзеге асыру мақсатында мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан бірқатар әлеуметтік шаралары алынуда.

Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес 2018 жылы жанбасылық табыстары кедейлік шегінен төмен тұратын  468 табысы аз  отбасының  2133 адамына 65279,6 мың теңге (2017жылы 3903 адамға 118696,3 мың теңге) көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Балалы отбасыларын әлеуметтік қолдау мақсатында «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заң негізінде он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін жәрдемақымен 128 отбасының 4084 баласы қамтылып, оларға 47859,1 мың теңге (2017 жылы 4373 адамға 54788,6 мың теңге) балалар жәрдемақысытөленді.

1261 отбасына 80646,3 мың теңгеге тұрғын үй көмегі (2017 жылы  1278 адамға 54830,6 мың теңге) төленді.

2018 жылы аз қамтылған азаматтар саны 1,8 есеге төмендеді.  "Өрлеу" жобасына қатысушылардың саны үш есе артты.

Аз қамтылған азаматтар - атаулы көмек және балалар жәрдемақысын алушылар қатарынан"Өрлеу" жобасына қатысушылардың саны екі есе,  2015 жылғы 391 адамнан 2016 жылы 847 адамға дейін артты.

Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар саны төрт есе, 122 қатысушыдан 484 адамға дейін өсті.

2018 жылмен салыстырғанда тұрақты жұмысқа орналастырылғандар саны 50% -дан 61% -ға дейін артты.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес мүгедектер, мүгедек балалар жеке оңалту бағдарламасы негізінде протездік ортопедиялық көмекпен, қозғалыс құралдарымен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен тегін қамтамасыз ету көзделген.

Тұрақты бюджеттік қаржыландыруға байланысты қазіргі таңда  757 мүгедек 40970,9 мың теңгеге протездік-ортопедиялық құралдармен  (20157жылы 715 адамға -32342,6 мың теңге), 212 мүгедек 46312,7 мың теңгеге сурдотехникалық құралдармен (2017 жылы 143 адамға -16681,7 мың теңге), 356 мүгедек 31985,4 мың теңгеге тифлотехникалық құралдармен (2017 жылы 226 адамға -2237,6 мың теңге), 170 мүгедек 20982,5 мың теңгеге қозғалыс құралдарымен (485 адам 25863,7 мың теңге), 498 азамат 49800,0 мың теңгеге санаторлық-курорттық емдеумен (2017 жылы - 984 адам -77444,9 мың теңге), 1892 мүгедек 225307,9 мың теңгеге гигиеналық құралдармен (2017 жылы 1498 мүгедек 80923,8 мың теңге), 54 естімейтін мүгедек 3637,0 мың теңгеге ымдау тілі мамандарымен (2017 жылы 51 мүгедек 3046,9 мың теңге), бірінші топтағы 274 мүгедек 66889,7 мың теңге жеке көмекшілермен (2017 жылы 132 адамға -38958,7 мың теңге) қамтылды.


Аудандық, қалалық мәслихаттардың шешіміне сәйкес барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға мерекелік күндер мен атаулы даталарға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көзделген.

Облыс бойынша 20836 мүгедектерге және мүгедек балаларға 1088156,7 мың теңге (2017жылы 19094 мүгедекке 940286,9 мың теңге) мөлшерінде материалдық көмек төленді.

3. Халықтың көші-қонының азаюы бойынша Маңғыстау облысы халқының көшіп кету деңгейі төмен өңірлер тобына жатады. 2018 жылы өңірге көшіп келуші оралмандар саны артуда. 2017 жылы облысқа 755 оралман келіп қоныстанса, 2018 жылы  өңірге 3597 оралман  көшіп келген.

Оралмандардың басым бөлігі – 71%-ы (2537 адам) Өзбекстан Республикасынан,  26,2 %-ы (945 адам) Түркменстаннан, 2,7%-ы (89 адам) Иран және Ауғанстан Республикасынан қоныс аударды.

4. 2018 жылыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігішетелдік жұмыс күшін тартуға 2921 (бірлік) квота бөлді, оның ішінде I санат – 121 бірлік, II санат – 1000 бірлік, III санат – 1200 бірлік, IV санат – 400 бірлік, маусымдық ауылшарушылық жұмыстарға 200 (бірлік).

2018 жылы басқармамен шетелдік жұмыс күшін тартуға 2489 рұқсат берілді, оның ішінде I санат бойынша – 93 (3,7%), II санат бойынша –815 (32,7%), III санат бойынша – 925 (37,2%), IV санат бойынша – 414 (16,6%). 122 шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруден  бас тартылды.

Бүгінгі таңда еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылатын бірінші, екінші, үшінші санаттағы лауазымдарға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берілгенімен, ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында төртінші  санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға мейлінше шектеу қойылуда. Облысқа негізгі шетелдік жұмыс күшін әкелуші келесі елдер болып табылады – ҚХР (571 адам) , Үндістан (235 адам),  Түркия (188 адам), Филиппин (200 адам), Италия (179 адам), Ұлыбритания (122 адам).

2017 жылғы 1 қаңтарға шетелдік жұмыс күшін тартатын 170 жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген қолданыста 1878 рұқсаты бар. Квотаның орындалысы 64,3 %-ды құрап отыр. 

Маңғыстау облысы бойынша жұмыс жасайтын шетелдіктердің үлесі - 6,9 % (2383 адам, оның ішінде 639 шетелдік рұқсатсыз), сәйкесінше шетелдік жұмыс күшін тартатын облыс мекемелеріндегі қазақстандықтардың үлесі 93,1%-ды (32157 адам) құрайды.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдарда 2016 жылы қазақстандық азаматтар үшін 3223 жаңа жұмыс орны құрылды, 12103 қазақстандық қызметкер кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтті, оның ішінде ерекше шарттарды орындау мақсатында 786 адам оқытудан өтті.

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген 54 рұқсат кері қайтарылып және 337 рұқсаттың қолданылуы тоқтатылды.

 

 

І жартыжылдық 2019ж. есебі

 
03.04.2019
 
 
 

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 19 мыңға жуық адам хабарласты (2018 жылдың осындай кезеңінде -10,8 мың адам) немесе 176 % өсті.

  9,5 мыңнан астам адам бағдарламаға қатысушы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, 5 мың адам кәсіпкерлікті қолдау құралдары бойынша кеңес алды.

Жыл басынан бері 8,7 мың жұмыспен қамтылды, оның ішінде 4 мың адам немесе жұмыспен қамтылғандардың  45,7%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

  324 тұрғын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан  ұйымдастырылған «Бастау-бизнес» жобасына тартылды, 303 адам – сертификат алып, оның ішінде 161 адам бизнес-жобасын қорғады.

  Бизнес-жобаны несиелеуге бөлінген қаржы толық игерілді. Бағдарламаның 80 қатысушысының бизнес-жобалары 284,4 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Бағдарламаның жаңа ынталандыру механизмдеріне ауыл тұрғындары үлкен қызығушылық пен қолдау көрсетіп отыр, олар биыл алғаш рет  «компьютерлік сауаттылық» бойынша оқыту бағдарламасына қатысты.

  «iBastyk.com» оқу орталығы оқу сыныптарын ауылдарда орналастырып ауыл тұрғындарын компьютерлік сауаттылықты көтеру жобасын іске асыруда.

18 жас пен 60 жас аралығындағы 268 адам компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, интернеттің сенімді пайдаланушыларына айналды.

І жартыжылдық 2019ж. есебі
Дата публикации
03 апреля 2019