Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының ретелуі "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту"

Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту

        Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңымен,  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген қағидаларымен  реттеледі.

   Оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.

    Этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.              

   Оралман мәртебесін беруге өтінішті  оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ  жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға   "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса  береді.

      Құжаттарды қараудың және оралман мәртебесін берудің жалпы мерзімі төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) болған жағдайда құжаттарды қарау және оралман мәртебесін беру жалпы мерзімі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Жергілікті атқарушы органның не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері оралман деп танылған өтініш берушіге  оралман куәлігін береді, ал оралмандар деп танылған оның отбасы мүшелері (бар болса) өтініш берушінің куәлігіне жазылады.

    "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес оралман куәлігінің мерзімі оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн немесе оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.

       Оралман мәртебесін ұзарту үшін оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мемлекеттік корпорацияға не жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес бұдан бұрын берілген оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш береді.

       Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

 

Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлім  

Оралмандар туралы ақпарат
Дата публикации
24 ноября 2020