Бағдарламаны іске асырудың мақсаты
Базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында облыста Бағдарлама шеңберінде ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 Қаулысымен бекітілген Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан азаматтардың қоныс аударуы және қоныс аударушыларды қабылдау бойынша өңірлік квотаға енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде өңірлерде оқып жатқан ауыл жастарының қатарындағы түлектер, сондай-ақ қандастар өңіраралық ерікті қоныс аударуға шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қатысады.
Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қызметтік тұрғын үй беруді;
4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
Көшуге материалдық көмек
Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, 2026 жылы 1 АЕК – 4 325 тг) (302 750 тг.) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
Бағдарламаға қатысушының отбасына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
1.1) бір адам үшін – 20 АЕК (86 500 тг.) мөлшерінде;
1.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК (108 125 тг.) мөлшерінде;
1.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК (129 750 тг.) мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
2.1) бір адам үшін – 15 АЕК (64 875 тг.) мөлшерінде;
2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК (77 850 тг.) мөлшерінде;
2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК (90 825 тг.) мөлшерінде төленеді.
Экономикалық ұтқырлық сертификаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде, 1625 АЕК (7 028 125 тг.) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу, тұрғын үйді сатып алу және салу үшін ақшалай төлем ретіндегі материалдық көмек.
1) тұрғын үйді сатып алу кезінде – сату-сатып алу шартына сәйкес, сатушының екінші деңгейлі банктегі немесе банк операцияларының жекелей түрін жүзеге асыратын басқа да ұйымдағы дербес шотына;
2) ипотекалық қарыз кезінде - экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін төленеді;
3) тұрғын үйді салу кезінде (жер участкілері болған жағдайда) –
экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық ұтқырлық сертификаты сомасының 25%-ы.
Құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде аудандық (қалалық) комиссияның растауымен екі жұмыс күні ішінде экономикалық ұтқырлық сертификаты сомасының 40%-ы.
Құрылыс жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде аудандық (қалалық) комиссияның растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық ұтқырлық сертификаты сомасының 35%-ы. төленеді
Байланыс деректері:20-09-56