Информация об освоении бюджета на 01.11.2020г.

Ақпарат

 

  Маңғыстау облысында 28303 мың мүгедек тіркелген, оның ішінде   I- топтағы мүгедек – 2290, II топтағы мүгедек – 12171,  III топтағы мүгедек – 7660, мүгедек балалар саны – 6182 құрайды.

   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына сәйкес үйден арнаулы әлеуметтік қызметін 1480 адам алды, оның ішінде 876 мүгедек,  604- қарттар. Республикалық бюджеттен 68492,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен           357234,2 мың. теңге бөлініп, республикалық бюджеттен 48208,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 250475,0  мың. теңге игерілген. 

   2020 жылда оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекші қызметін 864 адамға 240670,4 мың теңгеге көрсетілді, 73 мүгедекке ымдау  тілі маманының қызмет 10296,3 мың теңгеге көрсетілді. Бөлінген қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен 398407,3 мың теңге.

  Облыста  басқармаға қарасты 5 медициналық әлеуметтік мекемелер қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

  Қазіргі таңда 693 қарттар мен мүгедектерге стационарлық және жартылай стационар бөлімінде қызметтер көрсетілді. Оның  ішінде 594 мүгедек,  99- қарттар. Республикалық бюджеттен 99309,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 948619,0  мың. теңге бөлініп, республикалық бюджеттен 67563,0  мың. теңге, жергілікті бюджеттен 682472,0   мың. теңге игерілген. 

   Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің баламалылығы мен қолжетімділігін  қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аталған салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырылады. 2020 жылы «Психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» лоты бойынша 56 балаға қызмет көрсетілді. Республикалық бюджеттен 2879,0 мың. теңге игерілген.

     Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда № 8950 тіркелді) қағидасына сәйкес «Инватакси» қызметтеры 459 мүгедек адамдарға көрсетілді.Жергілікті бюджеттен   22320,2 мың теңге төленген.

Освоение бюджета
Дата публикации
05 ноября 2020