Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдараламалар басқармасы
2024 жылға арналған азаматтық бюджет
Басқарма бюджетіне 2024 жыл бойынша 18 406,8 млн.теңге бөлінді, игерілгені – 17 223,3 млн.теңге (94 %), оның ішінде,
Бағдарламаларға жеке тоқталсақ.
001 бағдарламасы бойынша - Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"
Басқарма бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 32 бірлік, азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 9 бірлік.
2024 жыл бойынша 301,0 млн.теңге бөлінді, игерілгені – 301,0 мың теңге (100%), оның ішінде,
республикалық бюджеттен – 28 мың теңге, игерілгені 26,2 мың теңге (49,2%). 1,8 мың теңге - үнем қаражаты.
жергілікті бюджеттен – 300,1 млн.теңге, игерілгені – 300,1 млн.теңге (100%).
003 бағдарламасы - "Мүгедектерге әлеуметтік қолдау" бойынша 39,7 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.
103 кіші бағдарламасы «Мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету» бойынша 19,2 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Үш қызмет алушыға 6 есту аппараты қондырылды.
106 кіші бағдарламасы «Протездеу, үйрету жөнінде медициналық қызметтер көрсету протездік-ортопедиялық құралдарымен және оларды пайдалануды қамтамасыз ету» бойынша 20,5 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Қызмет алушылар 248 протездік-ортопедиялық құралдарымен қамтамасыз етілді.
007 бағдарламасы бойынша - "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бойынша 2,9 млн.теңге бөлініп, 2,9 теңгесі игерілді.
Қаржыға басқармаға қажетті 1 дана ҚР Елтаңба, 13 дана лазерлік МФУ принтері, 1 дана басшыға арналған орындық (кресло) және 4 дана веб-камера сатып алынды.
Басқармаға қарасты 7 мекеме қызмет етеді.
013 бағдарламасы бойынша - №1 орталық
"№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ 18 жастан асқан, созылмалы психикалық ауытқулары бар 1 және 2 топ мүгедектеріне әлеуметтік қызмет көрсетеді (жартылай стационар және стационар). Сыйымдылығы-250 адам. Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны-168.
2024 жыл бойынша 896,3 млн.теңге бөлініп, толық игерілді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 29,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 866,4 млн.теңге.
013 бағдарламасы бойынша –№5 орталық
Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы "№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ 18 жастан асқан, созылмалы психикалық ауытқулары бар 1 және 2 топ мүгедектеріне әлеуметтік қызмет көрсетеді (жартылай стационар және стационар). Сыйымдылығы-20 адам.Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 41.
2024 жыл бойынша 153,0 млн.теңге бөлініп, толық игерілді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 4,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 148,9 млн.теңге.
002 бағдарламасы
"№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ (қарттар үйі) 1 және 2 топ мүгедектерді, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттардың уақытша немесе тұрақты тұруына сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге арналған. Сыйымдылығы-140 адам. Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 109,25.
2024 жыл бойынша 556,9 млн.теңге бөлініп, толық игерілді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 12,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 544,9 млн.теңге.
014 бағдарламасы бойынша-"Оңалту орталығы" КММ
"Оңалту орталығы" КММ жартылай стационарлық жағдайда ересек мүгедектерді әлеуметтік оңалтуға арналған, 50 орындық. Бүгінгі таңға дейін қызметпен қамтылғандар саны – 174 адам. Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 44.
2024 жыл бойынша 192,8 млн.теңге бөлініп, толық игерілді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 7,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 185,7 млн.теңге.
014 бағдарламасы бойынша-"№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ
Орталық 2024 жылдың қазан айында құрылды. Орталық қызметінің мақсаты – бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді кепілдік берілген көлемінде ұсыну болып табылады. Бүгінгі таңда Орталық ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, Орталық қызметін бастамады. 2024 жыл бойынша азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 2. Жергілікті бюджеттен 1,5 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.
015 бағдарламасы
"№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ 1,5-18 жас аралығындағы созылмалы психикалық аутқулары бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Сыйымдылығы-210 адам. Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 244,5.
015 бағдарламасы бойынша №3 орталыққа 754,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 24,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 729,8 млн.теңге.
2024 жыл бойынша 712,9 млн.теңге бөлініп, толық игерілді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 17,5 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 694,9 млн.теңге.
018 бағдарламасы - "Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру"
Аталған бағдарлама бойынша 83,0 млн.теңге бөлініп, 60,6 млн.теңгесі (73%) игерілді.
Игерілмеген қаржы – 22,4 млн.теңге. Оның 1,3 млн.теңгесі – үнем қаражаты. 21,1 млн.теңге – «Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам сауда құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының өтпеуіне байланысты қалған ТОХ қаражаты.
046 бағдарламасы – «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» Аталған бағдарлама бойынша 2024 жылы жергілікті бюджеттен 11,3 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.
053 бағдарламасы - "Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету"
Аталған бағдарлама бойынша 2024 жылы жергілікті бюджеттен 88,1 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. 14 қызмет алушы импланттары бар сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау қызметімен қамтамасыз етілді.
063 бағдарламасы - «Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру»
Аталған бағдарлама бойынша 2024 жылы республикалық бюджеттен 1 100,0 млн.теңге жоспарланды. Алайда республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеді. Сол себепті, қаражат тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жеткiлiксiз болуына байланысты игерілмеді.
064 бағдарламасы- "Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету"
Облыста Еңбек мобильдігі орталығы және аудан, қалаларда 7 мансап орталықтары қызмет етеді. Мақсаты - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру. Азаматтық қызметшілердің штаттық саны – 172 бірлік, оның ішінде Еңбек мобильдігі орталығында – 26, мансап орталықтарында - 146.
2024 жыл бойынша 732,9 млн.теңге бөлініп, толық игерілді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 93,5 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 639,5 млн.теңге.
066 бағдарламасы - «Сенім білдірілген агентке жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу»
Шағын несиелеудің қаржылық қызметі үшін 2024 жылы жергілікті бюджеттен 18,2 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.
067 бағдарламасы - "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары"
Аталған бағдарлама бойынша бағынысты мекемелерді материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 77,9 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.
068 бағдарламасы- "Жұмыспен қамту бағдарламасы"
Аталған бағдарлама бойынша 11 585,8 млн.теңге бөлініп, 11 524,8 млн.теңгесі (99%) игерілді, оның ішінде,
100 кіші бағдарламасы "Қоғамдық жұмыстар" бойынша 7 302,3 млн.теңге бөлініп, 7302,2 млн.теңгесі (100%) игерілді.
101 кіші бағдарламасы "Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау" бойынша 92,9 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.
102 кіші бағдарламасы "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бойынша 4 190,7 млн.теңге бөлініп, 4129,7 млн.теңгесі (99%) игерілді. Игерілмеген 61,0 млн.теңге - нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілгеннен қалған қаражат
069 бағдарламасы – «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау»
Аталған бағдарлама бойынша 2024 жылы жергілікті бюджеттен 7,5 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. 7 мүгедектігі бар азамат арнайы жұмыс орындарын құру арқылы жұмысқа орналасты.
113 бағдарламасы "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" – Аудан және қала бюджетіне бөлінген қаражаттар
Аталған бағдарлама бойынша 2024 жылы 1 845,5 млн.теңге бөлініп, толық игерілді, оның ішінде, республикалық бюджеттен - 899,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 945,8 млн.теңге.