Маңғыстау облысында 2023 жылы 31 843 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде мүгедектігі бар балалар саны – 7 313 (0-7 жастағы балалар – 2 482, І топ – 575, ІІ топ – 1259, ІІІ топ – 2997).
2024жылғы1қаңтарғатехникалықоңалтуқұралдарынамұқтажмүгедекбалалардыңсаны4502 құрады, барлығы немесе 100%қамтамасыз етілді.
Оның ішінде түрлері бойынша:
1) протездік-ортопедиялық құралдармен 1115-і мұқтаж баланың 1 115 бала қамтылды (немесе 100%);
2) сурдотехникалық құралдармен 92 мұқтаж баланың 92 бала қамтылды (немесе 100%);
3) тифлотехникалық құралдармен 62 мұқтаж баланың 62 бала қамтылды (немесе 100%);
4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 168 мұқтаж баланың 168 бала қамтылды (немесе 100%);
5) міндетті гигиеналық құралдарымен 2771 мұқтаж баланың 2771 бала қамтылды (немесе 100%);
6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 294 мұқтаж баланың 294 бала қамтылды (немесе 100%);
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдайға 3482 мүгедектігі бар мұқтаж балалардың 3291-і оңалту техникалық құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда:
1) протездік-ортопедиялық құралдармен 70 (немесе 87,5%);
2) сурдотехникалық құралдармен 63 (немесе 94,0%);
3) тифлотехникалық құралдармен 22(немесе 95,7%);
4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 105 (немесе 96,3%);
5) міндетті гигиеналық құралдарымен 2542 (немесе 97,3%);
6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 489 (немесе 82,9%);
Мемлекеттік сатып алу арқылы 2019 жылы 4 мүгедектігі бар балалар қымбат кохлеарлық имплантқа арналған сөйлеу процессорларымен қамтылды - 17 220,0 мың теңгеге; 2020 жылы - 3 бала қамтылды, жұмсалды- 15 480,0 мың теңге; 2022 жылы - 14 бала қамтылды, жұмсалды 72 030,0 мың теңге; 2023 жылы - 23 бала қамтылды, жұмсалды 132 710,0 мың теңге; 2024 жылы - 10 бала қамтылды, жұмсалды 69 190,0 мың теңге.
Сондай-ақ, 2022 жылы 3 мүгедектігі бар бала 14 849,9 мың теңге көлемінде сүйек өткізгіш есту аппаратымен қамтылды; 2023 жылы - 1 бала, 5 949,0 мың теңге ; 2024 жылы - 1 бала, 6 399,0 мың теңге.
Маңғыстау облысында (01.11.2024 жылғы жағдай бойынша) 33 027 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде І топ – 3 254, ІІ топ – 11 893, ІІІ топ – 10 280, мүгедек балалар саны – 7 600 (оның ішінде 0-7 жастағы балалар – 2 546, І топ – 572, ІІ топ – 1311, ІІІ топ – 3171).
Мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелерін шешуге облыс деңгейінде үлкен көңіл бөлінеді және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында облысымызда көрсеткіштерді жоғарылату мақсатында келесі жұмыстар атқарылып жатыр.
Бұл бағытқа бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын артып келетінін айтып өткен жөн. Яғни, оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етілген мүгедектігі бар адамдардың саны да жыл сайын артып келеді (2019 жылы –12 973, 2020 жылы – 13 954, 2021 жылы – 16 212, 2022 жыл –17370, 2023 жылы –20 919 адам қамтамасыз етілді).
2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер көрсету порталы іске қосылды. Аталған Портал арқылы мүгедектігі бар адамдар өз бетінше тиісті оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтеріне тапсырыс бере алады. Бұл - мүгедектігі бар адамдардың тиісті техникалық оңалту құралдарымен қысқа мерзімде қамтамасыз етілуін, өз таңдауларына қол жеткізуін, ортадағы делдалдықты жою мақсатында құрылған жүйе. Бүгінгі таңда аталған бағытқа 7,4 млрд теңге қаржы қарастырылған.Қаржы көлемі жылдан жылға артып отыр.
2024 жылдың 1 қарашаға мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнімберушіні екі ай ішінде таңдауға мүмкіндік берілеуіне байланысты, түскен өтініштің 19 781 мүгедектігі бар адам Портал арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл барлық келіп түскен өтініштің (23 069 өтініш) 85,7%-ын құрайды (2024 жылдың жоспары – 95%). Атап айтқанда:
1) протездік-ортопедиялық құралдармен 2455 (немесе 81,0%);
2) сурдотехникалық құралдармен 389 (немесе 95,1%);
3) тифлотехникалық құралдармен 1200(немесе 92,7%);
4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 614 (немесе 93,7%);
5) міндетті гигиеналық құралдарымен 7408 (немесе 95,0%);
6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 5746 (немесе 72,8%);
7) жеке көмекшінің қызметімен 1770(немесе 98,6%);
8) ымдау тілі маманының қызметімен 199(немесе 100%) мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.
Анықтама үшін: Жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасының орындалысы: 2019 жыл – 71,4% (18 180 өтініш, қамтылды 12 973 адам); 2020 жыл – 96,1% (14 511 өтініш, қамтылды 13 954 адам); 2021 жыл – 86,4% (18 770 өтініш, қамтылды 16 212 адам); 2022 жыл – 93,4% (18 588 өтініш, қамтылды 17 370 адам); 2023 жыл – 95,7% (21 868 өтініш, қамтылды 20 919 адам);