Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдараламалар басқармасы
2024 жылға арналған азаматтық бюджет
Басқарма бюджетіне 2024 жылға 19 463,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 2 308,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 17 155,2 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 11 058,8 млн.теңге, игерілгені – 11 055,7 млн.теңге (99,8%), оның ішінде,
республикалық бюджет жоспары – 689,9 млн.теңге, игерілгені – 689,9 млн.теңге (100%),
жергілікті бюджет жоспары – 10 368,8 млн.теңге, игерілгені – 10 345,7 млн.теңге (99,8%).
Бағдарламаларға жеке тоқталсақ.
001 бағдарламасы бойынша - Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"
Басқарма бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 30 бірлік, азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 9 бірлік.
001 бағдарламасы бойынша 296,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 125,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 296,3 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 208,8 млн.теңге, игерілгені – 208,5 млн.теңге (100%), оның ішінде,
республикалық бюджет жоспары – 25,0 мың теңге, игерілгені – 23,7 мың теңге (94,9%),
жергілікті бюджет жоспары – 208,7 млн.теңге, игерілгені – 208,4 млн.теңге (99,9%).
003 бағдарламасы - "Мүгедектерге әлеуметтік қолдау" бойынша 68,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде,
103 кіші бағдарламасы «Мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету» бойынша 6,4 млн.теңге бөлінді.
Қазіргі таңда бір қызмет алушыға есту аппараты қондырылды, жұмыстар аяқталды. Қаражат толық игерілді.
106 кіші бағдарламасы «Протездеу,үйрету жөнінде медициналық қызметтер көрсету протездік-ортопедиялық құралдарымен және оларды пайдалануды қамтамасыз ету» бойынша 62,4 млн.теңге бөлінді.
Мемлекеттік сатып-алу конкурсы сәуір айында өтті. Жеңімпаз анықталды. «Ортопрот» ЖШС 47,4 млн.теңгеге Келісімшарт жасалды. Қызмет көрсету жұмыстары басталды. бойынша жұмыстар шілде айына жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 661,0 мың теңге, игерілгені – 660,5 млн.теңге (100%).
Басқармаға қарасты 5 мекеме қызмет етеді.
013 бағдарламасы бойынша - №1 орталық
"№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ 18 жастан асқан, созылмалы психикалық ауытқулары бар 1 және 2 топ мүгедектеріне әлеуметтік қызмет көрсетеді (жартылай стационар және стационар). Сыйымдылығы-250 адам. Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны-168.
013 бағдарламасы бойынша №1 орталыққа 750,7 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 1,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 749,7 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 554,7 млн.теңге, игерілгені – 554,7 млн.теңге (100%), оның ішінде,
республикалық бюджет жоспары – 813,0 мың теңге, игерілгені – 813,0 мың теңге (100%),
жергілікті бюджет жоспары – 553,9 млн.теңге, игерілгені – 553,9 млн.теңге (100%).
013 бағдарламасы бойынша –№5 орталық
Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы "№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ 18 жастан асқан, созылмалы психикалық ауытқулары бар 1 және 2 топ мүгедектеріне әлеуметтік қызмет көрсетеді (жартылай стационар және стационар). Сыйымдылығы-20 адам.Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 41.
013 бағдарламасы бойынша №5 орталыққа 146,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 220,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 146,6 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 102,8 млн.теңге, игерілгені – 102,8 млн.теңге (100%), оның ішінде,
республикалық бюджет жоспары – 185,0 мың теңге, игерілгені – 184,9 мың теңге (100%),
жергілікті бюджет жоспары – 102,6 млн.теңге, игерілгені – 102,6 млн.теңге (100%).
002 бағдарламасы
"№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ (қарттар үйі) 1 және 2 топ мүгедектерді, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттардың уақытша немесе тұрақты тұруына сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге арналған. Сыйымдылығы-140 адам. Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 109,25.
002 бағдарламасы бойынша №2 орталыққа 571,6 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 727,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 570,9 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 316,5 млн.теңге, игерілгені – 316,4 млн.теңге (100%), оның ішінде,
республикалық бюджет жоспары – 435,0 мың теңге, игерілгені – 432,3 мың теңге (99,4%),
жергілікті бюджет жоспары – 316,1 млн.теңге, игерілгені – 315,9 млн.теңге (100%).
014 бағдарламасы
"Оңалту орталығы" КММ жартылай стационарлық жағдайда ересек мүгедектерді әлеуметтік оңалтуға арналған, 50 орындық. Бүгінгі таңға дейін қызметпен қамтылғандар саны – 174 адам. Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 44.
014 бағдарламасы бойынша «Оңалту орталығына» 219,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 208,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 219,7 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 129,2 млн.теңге, игерілгені – 129,2 млн.теңге (100%), оның ішінде,
республикалық бюджет жоспары – 208,0 мың теңге, игерілгені – 201,3 мың теңге (96,8%),
жергілікті бюджет жоспары – 129,0 млн.теңге, игерілгені – 129,0 млн.теңге (100%).
015 бағдарламасы
"№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ 1,5-18 жас аралығындағы созылмалы психикалық аутқулары бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Сыйымдылығы-210 адам. Азаматтық қызметкерлердің штаттық саны – 244,5.
015 бағдарламасы бойынша №3 орталыққа 770,7 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 1,4 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 769,3 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 449,4 млн.теңге, игерілгені – 449,4 млн.теңге (100%), оның ішінде,
республикалық бюджет жоспары – 362,0 мың теңге, игерілгені – 361,5 мың теңге (99,6%),
жергілікті бюджет жоспары – 449,1 млн.теңге, игерілгені – 449,0 млн.теңге (100%).
018 бағдарламасы - "Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру"
Аталған бағдарлама бойынша 89,3 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 50,6 млн.теңге, игерілгені – 50,6 млн.теңге (100%).
046 бағдарламасы – «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» Аталған бағдарлама бойынша 16,9 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 7,3 млн.теңге, игерілгені – 6,0 млн.теңге (81,4%). 1,3 млн.теңгенің игерілмеу себебі - төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген.
053 бағдарламасы - "Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету"
Аталған бағдарлама бойынша 94,5 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып-алу конкурсы қорытындысы бойынша жеңімпаз - "Nimbus Priorium" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 94 350,0 мың теңгеге Келісімшарт жасалды. 150,0 мың теңге - үнем қаражаты. Сондай-ақ, бір қызмет алушының өтінімі оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес келмеуіне байланысты, алынып тасталды. Барлығы бюджетке қайтаратын қаржы – 6 290,0 мың теңге. Бүгінде жұмыстар толық аяқталып, 88 060,0 мың теңге толық игерілді
063 бағдарламасы - «Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру»
Аталған бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 1100,0 млн.теңге бөлінді. Қаражат бөлінбеуіне байланысты желтоқсан айына ығыстырылды.
064 бағдарламасы- "Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету"
2023 жылдың шілде айында облыста Еңбек мобильдігі орталығы және аудан, қалаларда 7 мансап орталықтары құрылды. Мақсаты - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру. Азаматтық қызметшілердің штаттық саны – 172 бірлік, оның ішінде Еңбек мобильдігі орталығында – 26, мансап орталықтарында - 146.
064 бағдарламасы бойынша 719,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 107,2 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 611,7 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 501,7 млн.теңге, игерілгені – 483,7 млн.теңге (96,4%), оның ішінде,
республикалық бюджет жоспары – 69,4 мың теңге, игерілгені – 69,4 мың теңге (100%),
жергілікті бюджет жоспары – 432,3 млн.теңге, игерілгені – 414,3 млн.теңге (95,8%). Қаражаттың игерілмеу себебі - төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген.
066 бағдарламасы - «Сенім білдірілген агентке жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу»
Сондай-ақ, осы жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несиелеудің қаржылық қызметі үшін Жергілікті бюджеттен 34,8 млн.теңге бөлінді. Қаражатты төлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 13,1 млн.теңге, игерілгені – 13,1 млн.теңге (100%).
067 бағдарламасы - "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары"
Аталған бағдарлама бойынша сәуір айындағы нақтылауда бағынысты мекемелерді материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 16,6 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 10,2 млн.теңге, игерілгені – 10,1 млн.теңге (98,8%).
068 бағдарламасы- "Жұмыспен қамту бағдарламасы"
Аталған бағдарлама бойынша 12 374,2 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 7 456,1 млн.теңге, игерілгені – 7 452,9 млн.теңге (99,9%), оның ішінде,
100 кіші бағдарламасы "Қоғамдық жұмыстар" бойынша 6 102,7 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 4 639,9 млн.теңге, игерілгені – 4 639,9 млн.теңге (100%),
101 кіші бағдарламасы "Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау" бойынша 71,2 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 44,9 млн.теңге, игерілгені - 44,9 млн.теңге (100%),
102 кіші бағдарламасы "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бойынша 6 200,3 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 2 771,3 млн.теңге, игерілгені – 2 768,2 млн.теңге (99,9%).
069 бағдарламасы – «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау»
Аталған бағдарлама бойынша 7,6 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 7,5 млн.теңге, игерілгені – 7,5 млн.теңге (100%).
113 бағдарламасы "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер"
Аталған бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 1097,0 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 618,6,0 млн.теңге, игерілгені – 9618,6 млн.теңге (100).
Сәуір айындағы нақтылауда жергілікті бюджеттен 1088,2 млн.теңге бөлінді. Қаражат аудан және қала бюджеттеріне бөлінді.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспары – 537,3 млн.теңге, игерілгені – 537,3 млн.теңге (100%).