2024 жылғы І жартыжылдық бойынша
есептің аналитикалық анықтамасы
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бақылау іс-шаралары жүргізілмейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне есептік кезеңде басқармамен көрсетілетін жаңа қызмет түрлері енгізілген жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары бекітілмеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, басқармамен 3 қызмет түрі, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
Сондай-ақ, Басқарманың Еңбек мобилділігі орталығымен «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
Басқарма 2024 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша басқармамен көрсетілетін қызметтері бойынша («Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзартудан» басқа) жеке және заңды тұлғаларға барлығы 70 017 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметі бойынша бүгінгі күнге дейін өтініш келіп түспеді.
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша – 451 (Мемлекеттік корпорация арқылы 113, ПЭП арқылы – 0, ЖАО арқылы – 338, шетел мекемесі - 0)
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» қызметі бойынша 549 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет – 85, ал заңды тұлғаға – 464) қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартылған өтініштердің барлығы негізді бас тартулар. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша бас тартылғандар саны – 195,
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету барысында бас тартылғандар саны – 65 (жеке тұлға – 0, ал заңды тұлға – 65)
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі бойынша 32 010 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет) қызмет көрсетілді.
«Жұмыссыздарды тіркеу» қызметі бойынша 27 425 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет) қызмет көрсетілді.
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» қызметі бойынша 9 582 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет) қызмет көрсетілді.
Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 0.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу бойынша мәселелер орын алмады .
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 148 түсіндіру шаралары ұйымдастырылып 1 084 адам қамтылды.