Көші-қон мәселесі бойынша
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс халқының саны 788,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 359,2 мың адам (45,6%), ауылдықтар – 429 мың адам (54,4%).
Көші-қон айырмасы оңына қалыптасты және 234 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурыз - 894 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда - 601 (960), ішкі көші-қонда - -367 адам (- 66 адам).
1992 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысына тұрақты тұруға алыс және жақын шетелдерден барлығы 36,3 мың отбасы немесе 142 490 адам көшіп келді.
Қандастардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасы (51.5%), Түркменстан Республикасы (43.4%), Иран Ислам Республикасы (1,7%) және Ресей Федерациясынан (2.0%) көшіп келген этникалық қазақтар.
2024 жылдың 1 сәуіріне облыста 27 отбасы 169 адам қандас мәртебесін алды, бұл көрсеткіш 2023 жылғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда 469 адамға төмендеді (2023 жылдың сәйкес мерзімінде – 79 отбасы 638 адам).