Мүгедектерді техникалық компенсатор құралдарымен және арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге

Мүгедектерді техникалық компенсатор құралдарымен және арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге
 
2024 жылдың 01 сәуірдегі жағдай бойынша 5 309 мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл барлық келіп түскен өтініштің (10 864  өтініш) 49%-ын құрайды (2024 жылға жоспар – 95%).
Атап айтқанда:

1) протездік-ортопедиялық құралдармен 516 (немесе 45,3%);

2) сурдотехникалық құралдармен 114 (немесе 61%);

3) тифлотехникалық құралдармен 334 (немесе 64,1%);

4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 176 (немесе 70,4%);

5) міндетті гигиеналық құралдарымен 2210 (немесе 73,4%);

6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 232 (немесе 5,42%);

7) жеке көмекшінің қызметімен 1 553 (немесе 97,7%);

8) ымдау тілі маманының қызметімен 174 (немесе 95,1%) мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2024