«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

 

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Басқарма туралы Ережені басшылыққа алады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-СЖТІТ) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2023 жылғы 24 сәуірдегі №03-09/224 бұйрығы негізінде жүргізілді.

         СЖТІТ  өткізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:

1.Қолданыстағы нормативтік құқықтық құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (бұдан әрі-СЖТ) анықтау.

2.Ішкі құжаттарда СЖТ анықтау.

3.Персоналды басқарумен байланысты СЖТ анықтау.

  1. Мүдделер қақтығысымен байланысты СЖТ анықтау.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетумен және рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты СЖТ анықтау.
  3. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты СЖТ анықтау.
  4. Қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты СЖТ анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі – 2023 жылдың 1 мамырдан 30 мамырға дейін.

  1. I. Маңғыстау облысыың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық қатерлері.

Басқарма өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 13.04.2005 жылғы № 39 ҚР Заңы, 29.12.2008 жылғы № 114-IV «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 06.04.2016 жылғы № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015 жылғы №434-V ҚР Заңы, 12.04.2005 жылғы № 36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйақылар туралы» ҚР Заңы, 22.07.2011 жылғы № 477- IV «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы, 17.07.2001 жылғы № 246 «Мемлекттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңы, 04.12.2008 жылғы № 95- IV ҚР «Бюджет кодексі» және «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы.

Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімі

Бөлім қызметтерін жүзеге асыру кезінде қолданылатын нормативтік құқықтік актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезіндегі ақпараттық жүйедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім қызметтерін жүзеге асыру кезінде қолданылатын нормативтік құқықтік актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Төмендегідей талдау жұмыстары жүргізілді:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары»;  
  2. Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсететін «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне талдау жүргізу;

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша аталған нормативтік құқықтық актілерде келесідей құқықтық олқылықтар анықталды:

  1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының»  (бұдан әрі - Қағида)   17 - тармағында «Төртінші санат бойынша рұқсат беру кезінде жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлердің бірдей лауазымдары бойынша қазақстандық азаматтармен алты айдан бір жылға дейін ауыстыруды жүзеге асырады.» делінген. Алайда, бұл міндеттемені орындамаған жағдайда Қағиданың 24.3 - тармағына сәйкес, қандай мерзімге дейін жаңа рұқсаттар берілмейтіні нақты көрсетілмеген.
  2. Қағиданың 20 және 30 - тармақтарында «Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені/ұзартқаны үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.» делінген, алайда дәл осы Қағиданың 3 қосымшасының «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тармағында: рұқсат беру үшін алымды төлеу мерзімі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру / ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнін құрайды;» деп бір нормативтік құқықтық акті тармақтарында екі түрлі түсінік жазылған.
  3. Қағиданың 43 - тармағында «Рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік қызметкерді тартқан кезде, сондай-ақ жұмыс беруші осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған кезде жергілікті атқарушы орган қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді.

Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген пайыздық қатынастардан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.» делінген.

Алайда, жұмыс беруші қайтарып алынған рұқсаттарды қайта қалпына келтіру жөнінде сот шешімін ұсынған жағдайда, рұқсаттарды қайта қалпына келтіру процесі қарастырылмаған. Яғни, жұмыс беруші қайта жаңа рұқсат алуға мәжбүр болады.

Ұсынымдар:

Қағидадаға енгізілу қажет толықтырулар мен өзгертулер бойнша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минисрлігіне ұсыныс жолдау.

  1. «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне талдау жүргізу

Талдау жұмыстары нәтижесі бойынша қызмет 100% электронды түрде көрсетіледі:

         1) ақпараттық жүйені пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі жоқ;

         2)  қызмет көрсету процесінде қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысы шектелген;

3) мемлекеттік қызметтерді мерзімін бұзып көрсетілуін жасырып қалу мүмкіндігінің жоқ;

4) жұмыс беруші тарапынан рұқсатты бергені/ұзартқаны үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың белгіленген мерзімінен кешіктіріп жолдаған жағдайда, рұқсатты беру/ұзарту мүмкіндігінің жоқ.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқолық тәуекелдері анықталмады.

Әлеуметтік көмектер бөлімі

Сыбайлас жемқорлықты талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) Бөлімшенің қызметіне ықпал ететін басқарманың ішкі нормативтік құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         Қазіргі таңда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында бірнеше мәселелер кездеседі, атап айтқанда:

         1) Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш беруші жөнінде ақпарат жинақтау кезінде, алимент туралы мәлімет ақпараттық жүйеде болмауына байланысты отбасының табысын есептеу барысында қиынтықтар туындайды;;

         2) Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін, учаскелік комиссия тексеру жүргізген сәтте ақпараттық жүйеде көрсетілмеген қосымша мал саны немесе автокөліктің(көбіне Армения елінің нөмерімен тіркелген автокөлік) болуы отбасының материалдық жағдайын анықтауға қиындықтар туғызады;

         3) Әлеуметтік көмекке жүгінуші адамдардың отбасыларына түсетін қосымша табысты көрсетпеуі. Мысалға, ауылдық елді мекендерде қосымша малдың өнімін сату арқылы немесе қол өнер бұйымдарын сатуы, ЖШС, ЖК жұмыс жасау арқылы айлығын қолма-қол алуы, т с.с., ақпаратты анықтау қиындықтар туғызады.

         Ұсыныс:

         1) «Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйесіне алимент туралы ақпаратты енгізу;

         2) Ауыл шаруашылық бағытындағы ақпараттық жүйелерге толықтырулар енгізу;

         3) Шет ел автокөлігін тіркеу бойынша  ақпаратық жүйеге мәліметтер енгізу;

         4) ЖШС, ЖК жұмысшыларының айлығын толықтай көрсетуге мүмкіншілік жасау;

Көші-қон мәселелері бойынша бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары негізінде көші-қон бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне талдау жүргізілді.

  1. «Қандас» мәртебесін беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы өтінішті өтініш беруші жергілікті атқарушы органға немесе мемлекеттік корпорацияға береді.

Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініш берушінің құжаттарын беру «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Ішкі құжаттарда СЖТ анықтау.

Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.2023 жылғы 1 мамырға 270 құжат (бұйрықтар саны) қаралды (негізгі қызмет, жұмысқа қабылдау, іссапарлар, демалыс беру туралы жеке құрам бойынша бұйрықтар).

Бұзушылық анықталған жоқ.

III. Персоналды басқарумен байланысты СЖТ анықтау.

Басқарманың штат саны 39 бірлікті құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер саны – 30 бірлік, қосалқы персонал – 9 бірлік.

Талдау қорытындысына сәйкес есептік кезеңде 1 таза ауысым болды.

Қызмтешілердің мемлекеттік қызмет жүйесінен кетуі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі. Таза ауысымдылықпен жұмыстан босатылған қызмтешілердің сұхбаты 100% «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы толтырылуда және тұрақты бақылауда (қағаз және электронды түрде).

Басқармада 1 мемлекеттік қызметші (Т. Жұмасат – «ескерту») тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, есептік кезеңде Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы негізінде тәртіптік жаза қолданылған және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының талаптарын бұзу деректері бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығының «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына сәйкес басқармада 1 қызметкер жоғары лауазымды орынға тағайындалды.

Жалпы конкурс нәтижесінде 3 қызметкер жұмысқа қабылданды, олар тиісті біліктілік талаптарына сай келеді.

Жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижесінде Басқармада «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша дұрыс бөлмеу фактісі және сыбайлас жемқолық көріністеріне ықпал ететін мәселелер анықталмады.

  1. Мүдделер қақығысымен байланысты СЖТ анықтау.

Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет істеуін анықтау мақсатында Аппарат қызметкерлерінің жеке істеріне талдау жүргізілді. Нәтижесінде Басқармада жақын туыстардың, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмте (жұмыс) істеу фактісі анықталмады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетумен және рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты СЖТ анықтау.

Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлім «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін атқарады. Мемлекеттік  көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы арқылы жүзеге асырылады. Құжаттар «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қабылданады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы арқылы қабылданбанған өтініштерге жергілікті атқарушы орган қызмет көрсетеді.

2020 жылдың қазан айынан бастап «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет толық электронды форматқа көшірілді.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұсаттар беру жөніндегі құжаттар қазіргі таңда 100 пайыз электрондық форматқа өткен.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұсаттар беру жөніндегі комиссия құрылды.  Комиссия отырысын арнайы бейне жазбаға түсіріледі. Комиссия мүшелері өтініштерді қарау бойынша келісімі, қарсылығы мен пікірі жазылатын келісі парағы толтырылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың 4 айдың қорытындысы бойынша 33 түсіндіру шаралары ұйымдастырылып 63 адам қамтылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен облысымыздағы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту жолдары бойынша 28, Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен 5 түсіндіру шаралары (барлығы қызмет алушылармен 27 кездесу, басқарманың ресми интернет-ресурсында cлайд, инфографика түріндегі ақпарат – 6) ұйымдастырылды.

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты СЖТ анықтау.

Әдеп жөніндегі уәкіл ҚР Мемлекеттік қызмтешілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша ақпарат беріп, Кодекс талаптары түсіндірілді.

2023 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша қандай да бір іс-шараларға заңсыз қаражат жинау фактілері орын алған жоқ.

Қызметтік автокөлік қызмтеттік мақсаттарға пайдаланылады.

Талдау барысында мекеме қызметкерлерінің күн тәртібінің регламентін бұзу және қызметкерелердің жұмыстан тыс уақытта негіссіз болу фактілері анықталмады.

Талдау барысында анықталған кемшіліктер:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта плакаттардың болмауы және интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде СЖТ туралы ақпарат жарияланбауы.

VII. Қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты СЖТ анықтау.

Бюдеттік есепті жүргізуде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» және басқа да нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізіледі.

Бөлімді зерделеу барысында бастапқы бухгалтерлік нысандар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» бұйрығына, мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүргізіліп анықталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша ағымдағы жылдың 4 айында  143,1 млн.теңгеге  26 сатып алу жүргізілді. Оның ішінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен 2 сатып алу, баға ұсынысын сұрату тәсілімен 9 сатып алу, бір көзден тікелей шарт жасату арқылы 10 сатып алу және рамалық келісім бойынша шарт жасасу бойынша 1 сатып алу болды және «өтпеген деп» танылған сатып алу бойынша бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы 4.

Баяндалғанның нкгізінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және оның алдын алу мақсатында:

  • Осы анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күннен кешіктірмей енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін және бекітілсін;
  • Жоспардың орындалысы туралы ақпарат Жұмыс тобына ұсынылсын.

 

 

 

 

 

 

Жұмыс тобының басшысы:              ______________ А. Шопанов

Дата публикации
26 февраля 2024