Мүгедектерді әлеуметтік оңалту бөлімінің 2023 жылғы жұмысы туралы есеп
2023 жылдың қорытындысы бойынша 20 919 мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл барлық келіп түскен өтініштің (21 868 өтініш) 95,7%-ын құрайды (2023 жылға жоспар – 90%). Атап айтқанда:
1) протездік-ортопедиялық құралдармен 2708 (немесе 94,9%);
2) сурдотехникалық құралдармен 547 (немесе 95,1%);
3) тифлотехникалық құралдармен 1937 (немесе 97,2%);
4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 829 (немесе 94,1%);
5) міндетті гигиеналық құралдарымен 7944 (немесе 97,1%);
6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 4859 (немесе 92,5%);
7) жеке көмекшінің қызметімен 1910 (немесе 98,2%);
8) ымдау тілі маманының қызметімен 185 (немесе 100%) мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.