Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2023 жылғы жұмысы туралы есеп
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 785,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар - 357,6 мың (45,5%) ауылдықтар - 427,9 мың адам (54,5%).
Көші-қон айырмасы оңына қалыптасты және 2200 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-қарашадағы - 2425 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда - 3241 (2975), ішкі көші-қонда -1041 адам (-550 адам).
1992 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысына тұрақты тұруға алыс және жақын шетелдерден барлығы 36,3 мың отбасы немесе 142 376 адам көшіп келді.
Қандастардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасы (51.6%), Түркменстан Республикасы (43.4%), Иран Ислам Республикасы (1.7%) және Ресей Федерациясынан (2.0%) көшіп келген этникалық қазақтар.
2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 309 отбасы 2058 адам қандас мәртебесін алды, бұл көрсеткіш 2022 жылғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1321 адамға төмендеді (2022 жылы – 513 отбасы 3379 адам).